Мектепке ?згеріс не ?шін ?ажет


С есебі
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер педагог қызметкерлерден кәсіби біліктілігін жетілдіруді талап етіп отыр. Кәсіби біліліктілікті дамыту үшін мұғалімнің өз бетінше ізденуі, жетілуі,ынталануы қажет. Осындай жұмыстарды іске асыру үшін мектептің басымдықтарын анықтағаннан кейін өзгерістің қажеттілігі туындады. Бұл өзгерістерді өз мектебіме енгізу үшін ЭЫДҰ ұсынымдарына тоқталғанды жөн көрдім. Білім беру саламында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де,дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екеніне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігіоқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана біліуіне басты назар аудару болып табылады,ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. ЭЫДҰ жасаған Құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитін ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады.(МАН,5 б)
Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады. (МАН,6 б)
Осы ұсыным арқылы менің мектебімде жұмыс істейтін мұғалімдеріне сараптама жасайтын болсақ, қазіргі кезеңдегі жұмыстары көңіл көншітерлік емес. Себебі олардың оқыту сртатегиялары ескірген, дайын білімді меңгертуге бағытталған. Белгілі бір тақырып төңірегінде ғана жұмыс істеп, оқушылардың дамуына мүмкіндік бермейді. Бірінші деңгей бағдарламасының мақсатымен танысқанға дейін менің өзім де осы бағытта жұмыс істейтінмін.Демек, ең алдымен оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерді мектеп тәжірибесіне енгізіп, бұл стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану керектігін меңгерту қажет.
Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда,бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне , сонымен қатар жүргізілетін жұмыстардың бағытына , топтық жұмыстарға,өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ.Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармауға тиіс. (МАН,6б)
Мектептегі тәжірибеге дейін мектеп мұғалімдерінің %-ғана топпен жұмыс істейді екен. Онда да «жиі» емес, «сирек» қолданады, ашық сабақ кезінде ғана кездестіруге болатын. Біздің бұрынғы сабақ беру дәстүріміз бүкіл сыныпқа бағытталмаған, жекелеген оқушыларды ғана қамтитын. Сөзімнің дәлелі ретінде айта кететін болсам, дайындалып келген оқушыдан сабақ сұраймыз,дайындалмаған , мінезі тұйық оқушылар назардан тыс қала беретін. Біз ол оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында немесе шығармашылыққа баулу мақсатында жұмыс жүтгізе алмағанымызды мойындаймын. Менің осы уақытқа дейінгі тәжірибемде оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс болған емес. кері байланыстың мұғалім үшін, оқушы үшін жалпы мектеп үшін маңызды екеніне тәжірибе кезінде көзім жетті. Коучинг-семинарлар өткізу арқылы кері байланыстың маңыздылығын дәлелдеуге тырыстым. Мектеп мұғалімдерінің жұмыстары бірлескен оқуға бағытталмаған. Оқушылардың жаңалық ашуына, өздігінен оқуға ынталандыратын жұмыс түрлері де сүлдем жоқтың қасы. Даму жоспарына енгізетін өзгерістің бірі ретінде мұғалімдердің жұмысын бүкіл сыныпты оқыту мәселелерін қамту керектігін түсіндім.
Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы,жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру,олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс ( МАН,6б)
Мектепте оқу үдерісінің мәнін терең түсіне алатын мұғалімдер жоқ деп айта алмаймын. Жекелеген оқушылардың бойындағы қабілеттерін байқап, оны дамыту мақсатында жұмыс жүргізетін мүғалімдер санаулы ғана. Осы мұғалімдердің оқушылары ғана аудындық,облыстық,республикалық іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жатады. Ал мұғалімдердің көпшілігі тек қана сабақ берумен ғана шектеледі. Іздену, білімін жетілдіру,оқушының бойындағы қабілетті дамыту жұмыстары кемшін қалып жатады.Оқушылардың эмоционалдық ахуалын түсіну үшін де ауқымды жұмыстар қажет. Біздің мектепте оқушының эмоционалдық ахуалы қалай зерттеледі?- деген сұраққа жауап беретін болсам, мұғалімдердің көпшілігі оқушының көңіл-күйін түсіну тек қана психологтардың жұмысы деп ойлайды. Ал мектеп психологтары оқушылардан сауалнама алумен ғана шектеледі. Менің өзңм де осы курсқа бармастан бұрын оқшылардың эмоционалдық ахуалына көңіл бөлмейді екенмін. Яғни, оқушының қандай көңіл күйде болғанына мән берместен сабақ өте беретінмін. Бағдарламаны меңгерту үшін көңіл күйдің маңыздылығын әр мұғалім терең түсіне білу керектігін үйрету қажеттілігін түсіндім. Ал оқушының сыныптан тыс өмірі туралы сынып жетекшілері ғана біледі, сынып жетекшілері ғана ата-анасымен хабарласып тұрады. Пән мұғалімдері көбінесе оқушыларының сыныптан тыс өмірінен бейхабар болып шықты. Сондықтан ата-ана-оқушы-мұғалім арасындағы байланысты нығайту қажеттілігі туындайды.
-Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде,тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек. (МАН6,б)
Мектепте пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер жұмыс істейді. Пәндер бойынша өткізілетін іс-шараларды мұғалімдер бірлесіп істейді, олардың қорытындысын шығару мақсатында талдау жұмыстарын жүргізеді. Өткізілген ашық сабақтар,сыныптан тыс іс-шаралар талдаудан кейін бағаланады. Осы іс-шараларға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында мұғалімдер жеке жұмыс істейді, өз идеяларымен әріптестері арасында талқыламайды. Тәлімгерлік жұмысы да мектепте жүргізіледі. Мектепке келген жас маманға тәлімгер бекітіледі. Тәжірибелі ұстаз өз білгенін барынша жас маманға үйретеді. Сабақтарында жіберілген кемшіліктерді талқылай отырып,тиімді әдіс-тәсілдер туралы көмек көрсетіледі. Кембридж тәсілінен айырмашылығы тәлім алушы мен тәлімгер арасында тығыз байланыс орнықпаған,бірлесіп жоспар құру, сабақтың алдында және сабақтан соң рефлексиялық есеп жасалмайды. Көп жағдайда тәлімгер мен тәлім алушының арасында сенімділік жоқ. Тәлімгер тәлім алушының кемшілігін өзі түсінуіне мүмкіндік бермей,ашық айтуға тырысады. Сонымен мектептің даму жоспарына тәлімгер жұмысын және желілік қауымдастық жұмысын енгізу қажет.
Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп,оқытудың тиімді құралы ретінде оларды пайдалану әдістемелерін меңгеруі тиіс,сондай-ақ оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.
Мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану дұрыс жолға қойылған. Себебі мектебіміз үш жылдан бері электрондық жүйеге енгізілген. АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану бойынша мұғалімдер арнайы курстардан өткен. Жалпы мектеп оқушыларының 57% компьютермен қамтылған. Ата-аналар да үйлерінен балаларының оқу үлгерімі туралы бақылап отыра алады. Мектеп мұғалімдері түгелдей дерлік компьютерлік сауаттанған. Өйткені күнделікті сабақта компьютермен жұмыс істейді. Оқушылардың оқу үдерісін бақылауды оңтайландырудың тиімді құралы ретінде ақпараттық менджмент жүйелерін жетік меңгерді деп айта алмаймын. Осы курсқа дейін АКТ-ның мүмкіндіктерін әлі де толық меңгермегенімді өзім де мойындаймын. Сондықтан оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-бақылау жүйесін тиімді қолдану жұмыстарын қолға алу қажеттігі де туындады
Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу,басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруы тиіс.(МАН,6б)
Мектептегі қазіргі кезеңдегі оқу ортасын әзірлеу,басқару және жоспарлау сияқты жұмыстарға негізінен мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік жетекшілері тартылады. Бұл барлық мұғалімдердің талап-тілектеріне жауап бере алады деп айта алмаймын. Себебі мектептегі ұзақ мерзімді даму жоспары бүгінгі заман талабына жауап бере алмайды. Көшбасшы ретінде жоспар құруда мұғалімдердің,оқушылардың, ата-аналардың пікірлері ескерілу қажеттілігін жолға қоюды жоспарладым.Білімін және мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырған жағдайда ғана кез келген пән мұғалімі осы басқару мен жоспарлауға қатыса алады.
Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті. (МАН,6б)
Жалпы мектепте іс-тәжірибесі жиниқталған, жүйеленген мұғалімдер бар. Олардың шығармашылық есептері мектепте,аудан көлемінде, облыс көлемінде таратылған. Ал өз тәжірибесі туралы рефлексия жазу жұмыстарын ІІ,ІІІ деңгейлік курстарды оқып келген мұғалімдер ғана жасайды. Осындай рефлексияның тиімділігін,яғни мұғалімнің өз қателігін өзі түсінуіне, сол арқылы білімін жетілдіруге болатынын мұғалімдерге түсіндіру қажеттілігі туындады.
Мектептің бастапқы ахуалына сараптама жасап алғаннан кейін, анықталған басымдықтар бойынша өзгерістерді мектебіме енгізу үшін маған не істеу керек?-деген сұрақ туындады. Өзгерісті мен ең алдымен өзімнен бастау керектігін түсіндім. Бұл өзгерістерді енгізу үрдісін басқару жұмысын ұйымдастыруды «Мұғалімге арналған нұсқаулыққа», мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған тапсырмаларды, бірінші бетпе-бет кезеңіндегі ресурстарды басшылыққа ала отырып жасадым. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін оқыту сапасын жақсарту қажет. Мектептегі дәстүрлі әдіс-тәсілдер мұғалімнің өзін де, оқушыларды да жалықтырып жіберді. Бұл оқушылардың ынтасының төмендеуіне,оқыту сапасының төмендеуіне әкеліп соғары сөзсіз. Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысы бойынша мұғалімдердің әдіс-тәсілдерді жаңалауын қалайды. Сындарлы оқытудың негізгі идеяларының бірі- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеге енгізу. Қазіргі мұғалімнің алдында тұрған міндет- тәжірибесін өзгеріс енгізу үшін ең алдымен мұғалім өз ұстанымын өзгертуі тиіс. Мұғалімнің ұстанымы –оның көзқарасы,қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі болып табылады.Cондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.(МАН,11б)
Мен мектептегі көшбасшы мұғалім ретінде өз тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып, әріптестеріме тәлімгерлік жасап, желілік қауымдастық құру арқылы олардың кәсіби дамуы үшін қажетті мүмкіндіктерді қарастырдым. Осы негізде мектептегі зерттеу кезінде анықталған басымдықтар бойынша мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері және деңгейлік курстарды бітірген мұғалімдермен бірлесе отырып, мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізуге арналған 6 апталық даму жоспарын жасадым. Мектепті дамыту жоспарының тақырыбы: «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру». Мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, білім алу белсенділігін жоғарылату,білімді бірлесіп құруға,түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алуға бағыттау. «Балаға күштеп білім беруден гөрі,баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» деген болатын К:Д:Ушинский. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп,сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы керек. Осы негізде мектеп мұғалімдерін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдермен таныстыру мақсатында коучинг-семинар өткізуді жоспарладым. Семинар тақырыбын «Әлем өзгеруде,біз өзгере аламыз ба?» деп алдым.Семинарда мектеп мұғалімдері деңгейлік бағдарламаның негізгі мақсаттарымен танысады, сындарлы оқыту идеяларының құндылықтарымен таныстырамын. Әлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістер туралы мәлімет бере отырып, Қазақстанның білім жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып, өз мектебіміздің даму жоспарына енгізетін өзгерістер туралы таныстырамын. Өзгерістер енгізу мақсатында жүргізілетін жоспарланған іс-шаралар туралы таныстырып өтемін. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер туралы түсінік бере отырып, «дәстүрлі әдіс-тәсілдерден» айырмашылығын мұғалімдердің өздері ұғынуына жетелеймін. Мектеп мұғалімдері арасынан белсенді топ құруға бейім мұғалімдерді анықтаймын. Мектепте деңгейлік курстарды бітіріп келген 4 мұғалім бар. Олар бағдарламаның 7 модулімен жұмыс істейді. Бірақ бұл 546 оқушысы білім алатын, 82 мұғалім қызмет істейтін мектепке теңіздің бір тамшысындай ғана. Сондықтан мұғалімдердің басым бөлігі бағдарламаның 7 модулімен үстіртін ғана таныс. Осыны ескере отырып диалогтық оқытудың маңызын ашу мақсатында келесі коучингті «Диалогтық оқытудың маңызы» тақырыбында өткіземін. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызда рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. (МАН,39б) Менің мектебімдегі мұғалімдердің диологтық оқыту туралы тұрақты түсініктері қалыптасқан, яғни диалог сабақ барысында күнделікті қолданылады:үй тапсырмасын сұрауда, сабақты қорытындылау кезінде, өткен тақырыпты бекіту кезінде т.б. демек мұғалімдердің диолог туралы шектеулі ұғымы қалыптасқан. Коучинг өту барысында әріптестеріме сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбатының келтіретін пайдасы, диалогтің түрлері туралы түсінік беріп, олардың осы тәсілге деген қызығушылығын оятамын. Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» ( ЖАДА) жұмыс істесе жағдай да жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелі дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейтінін түсіндіремін.
Сауалнама алу барысында оқушылар сабақта қойылатын сұрақтарға байланысты пікірлерін де айтқан болатын. Мұғалімдердің оқушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік бермейтіні немесе кітаптағы сұрақтармен ғана шектелетіні туралы айтылған. Сауалнама алу барысында мұғалімдердің өздері де « төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар туралы хабарсыз екенін аңғартты. Сондықтан келесі коучинг тақырыбын «Оқушылардың білімін дамытудағы жоғары деңгейлі сұрақтардың маңызы» деп алуды ұйғардым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.(МАН,41б) оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңыздылығын айқындай отырып, оны пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетемін. Диалогтік оқытудың тиімділігін сабақтарында пайдаланған жағдайда оқытудың нәтижелігін көруге болатынына мұғалімдердің көзін жеткізуге тырысамын.
Оқытудың нәтижелерін жиынтықтауға арналған қызмет-бағалау. Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіне бағалау үдерісін қолдану қажеттілігіне тоқталамын. Оқыту үшін бағалау- білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бағалау кезіндегі негізгі тұлға мұғалім болып қалмайды, оқушылар да өздерін, сыныптастарын бағалауға мүмкіндік алады. Бағалауға мұғалімдер де, оқушылар да белсенді қатысулары қажет, сонда ған оның нәтижесін көре аламыз. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. (МАН,25б) Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы оны мұғалімнің тиімді қолдана білуінде, өйткені оны жиі және орынды пайдалану жетістік кепілі болып табылады. Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыстарды бағалап отыру, оларрдың өз білімдерінің қай деңгейде екенін анықтауға мүмкіндік береді. Демек, оқушы өз білімін толықтырып,дамытып отыру жауапкершілігін сезінеді. Мүғалімдердің іс-тәжірибесін өзгертуге арналған жұмыстарды мен коучинг арқылы жүзеге асырамын. Мектептің даму жоспарында да осы коучинг үдерісін қамтыдым. Коучинг-мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіреді. Білімнің дөрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды. Сондықтан әріптестеріме жаңа тәсілді пәнге бірге енгізу үшін коучинг арқылы жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұсынамын. Коучинг білім беру тәжірибесін жақсарты арқылы мектепте ынтымақтасқан қолайлы орта қалыптастырады. Мұғалім өз жұмысында жетістікке жетуге мүмкіндік беретін іс-әркеттті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады. Коучинг мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Коучинг мұғалімдердің өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесу ұстанымына негізделген. Коучинг үдерісі арқылы мұғалімдердің арасында қалыпты қарым –қатынас орнату, мұғалімдердің білімін жетілдіруіне, жаңа тәсілдерді тәжірибелеріне енгізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Коучинг барысында оқушылардың психологиялық жағдайын қалыптастыру,топтық жұмыс, диалогтік оқыту,бағалау, оқушылармен кері байланыс, мұғалімнің өз жүмысына рефлексиялық көзқарасын қалыптастыруды жоспарлап отырмын. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын көшбасшы мұғалім ретінде мен әріптестеріме коучинг арқылы тәжірибелеріне деңгейлі бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыруға көмектесемін. Коучинг-сессияға қатысқан шығармашылық топ мүшелерімен бірге тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында Lesson Study үдерісі жүзеге асырылады. Бұл үдеріс мектептің даму жоспарында көрініс тапқан. Lesson Study іс-әрекетті зерттеуге бағытталған бірнеше циклдарды қамтиды. Lesson Study әдісіндегі басты мәселе-сабақты зерттеу үдерісі болып табылады. бұл үдерісті бір топ мұғалімдер болып жүзеге асырады., бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі үйретеді,білімін жетілдіреді. Мектептің даму жоспарында мұғалімдер оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін меңгере отырып, іс-тәжірибелеріне енгізеді, өздерінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді деген мақсат қойып отырмын. Әріптестерге қолдау көрсете отырып, атқарылған іс-шаралар оң ықпал ете отырып, мұғалімдердің қызығушылығын арттырады. Ал бұл өз кезігінде оқушылардың білім сапасын арттыруға тиіс. Оны іс-әрекеттегі зерттеу әдісі Lesson Study үдерісінің нәтижелерінен көруге болады. Бұл зерттеуді жүргізбес бұрын Lesson Study тәсілі туралы түсінік беру мақсатында коучинг өткіземін. Тәжірибе кезінде осы үдерісті жүргізу үшін өзім сабақ беретін 7-сыныптан А,В,С тобындағы оқушыларды іріктеп аламын. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін пән мүғалімдерін ұйымдастырамын. Сыныптың психологиялық ахуалын бақылау үшін мектеп психологынан кеңес аламын. Мұғалімдер сбақты бірлесіп жоспарлайды. Мұнда басты назар ұш оқушыға аударылады. Әр сабақтан соң сабақ талданып, келесі сабаққа жоспар құрылып, нәтижесі шығарылады. Осы үдерісті енгізу арқылы бүкіл мектептің қызметін жақсартуға болатынын ықпал етемін деген ойдамын.
Мектептегі іс-тәжірибе жоспарына тәлімгерлік те қамтылған. Тәлімгерлік жасау мектеп тәжірибесінде бұрыннан қалыптасқан . Жаңадан оқу бітіріп, мектеп қабырғасына келген жас маман біздің бұрынғы түсінігіміз бойынша тәлім алушы болатын да ,ал енді тәжірибелі , еңбек өтілі жеткілікті мұғалімді тәлімгер деп атайтынбыз. Осы курсқа келгенге дейін бменің тұсінігім осылай болды. Ал деңгейлік бағдарлама бойынша тәлімгерліктің өзіне тән сипаттамасы бар.тәлімгерліктің өзіне тән сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу,тәжірибені дамыту үшінбірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмлар беріп, қолдау көрсетуге ; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді;сенімділік, ортақтастық, шынайылық,адалдық танытуға дайын болады.(МАН,38б) Тәлімгерлік жүргізуді мен ең алдымен тәлім алушымен сұхбаттан бастаймын. Тәлім алушының алғашқы «Дәстүрлі сабағына» қатысамын. Осы сабақтан кейін тәлім алушымен әңгіме барысында өз сабағына талдау жасауын өтінемін. Өз сабақтарына қанағаттана ма? Сабақтарыңа өзгеріс енгізгің келе ме?-деген ашық сұрақтар арқылы ойын анықтаймын. «Дәстүрлі сабақтардың» күнделікті қайталану арқылы оқушыны да, мұғалімнің өзік де жалықтырғанын, бұл сабақтардың оқушының ынтасын, қызығушылығын дамыта алмайтындығын айта отырып, сындарлы оқыту теориясының негізгі идеяларының маңыздылығын түсіндіремін. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігін көрсетуге бағытталған сабағыма қатысуын өтінемін. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, сондықтан тәлім алушымен қарым-қатынасты сенімділік негізінде қалыптастыруды жоспарлаймын. Тәлімгер мен тәлім алушының арасында сенімдлік орнаған жағдайда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. тәлім алушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана алатындай қолдау көрсету керек, тізбектелген сабақтарды өткізу барысында әр сабағына рефлексия жасауды да меңгертемін. Мектепте деңгейлік курстарды бітіріп келген коучинг пен тәлімгерлік үдерістеріне тарта отырып, отырып, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мектептегі өзгерісті бірлесіп жасауға шақырамын. Мектептегі білім беру үдерісін жақсарту үшін бірлескен жұмыс қажет. Бұдан мектептегі деңгейлік курстарды бітірген мұғалімдермен бірлесе отырып, желілік қауымдастық құру қажеттілігі туындайды. Желілік қауымдасытықтың тиімділігі әр мұғалім оқшауланып өз бетінше жұмыс жасамай, бірлесіп әрекет етуге бағытталған. «Білім беру желісі» дегеніміз-оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектепттің шегінде, болмаса, мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру мен мониторигін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы мен әріптестер. (МАН,51б) Желілік қауымдастықты мектепте құру жұмысы бұл болашақтағы игі істердің бастамасы ған. Желілік қоғамдастық мектеп аралық, аудан аралық құрылатын болса нұр үстіне нұр болар еді. Мектеп мұғалімдері бұрын өздерінің жетістікке жету жолдарымен, әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарымен, дидактикалық материалдарымен бөліскісі келмейтін. Ал ендігі жерде желілік қоғамдастық арқылы бір-біріне көмектесіп, сабақтарын талқылап, тәжірибелерін жетілдіру мүмкіндіктеріне ие бола алады. Мектептегі тәжірибе кезінде мен мүмкін айтарлықтай жетістіктерге жете қоймаспын, бірақ бұл мектептің тәжірибесін өзгертудің бастамасы ғана деп білемін. Қазақстандағы білім жүйесі біртендеп өзгеріске еніп жатыр, мен өзгерісті өзімнен, өз мектебімнен бастағым келеді. Осы мақсатта мектептегі алты апталық тәжірибе кезіндегі даму жоспарында төмендегідей өзгерістерді енгізуді жоспарлаймын.
Мектепті дамыту жұмыстары барысында рефлексияны.жоспар құруды,кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтарды анықтау.
Оқыту мен оқудағы жаңа 7 модулін мектеп тәжірибесіне енгізу, оның артықшылықтарына әріптестердің көзін жеткізу. Осы әрекет басымдықтарын ұғынуына көшбасшылық жасау.
Коучинг пен тәлімгерлік жұмыстарын жүргізу.
Желілік қауымдастық құру.
Болашақ ұрпақтың білімді, саналы, белсенді азамат болып өсуі ең алдымен ұстаздарға байланысты екенін әрбір мұғалім сезінуі тиіс. Біз олардың білімі мен тәрбиесіне жауаптымыз. Сондықтан жан-жақты ұстаз ғана терең білім бере алады. Ал білімді ұрпақ мемлекеттің өркендеуіне үлес қоса алады. Қорыта айтқанда, бала жанын түсінетін, заман талабына сай ұстаз болу өз қолымызда.