О?ушылар?а арнал?ан «Сергіту с?ті»


Сабақтағы сергіту сәттеріЖинақтаған: №114 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Накипова Зауре 1)Көлдің беті кілегейЖер сап-сары бірегейТырау-тырау тырналарТүстікке бетті бұрды оларҚара суық жел естіКүннің көзі көмескі 2)Орнымыздан тұрайықҚарлығаш болып ұшайық.Бір отырып,бір тұрып Жақсы сергіп қалайық. 3)Көтеріліп шаңырақ,Уықтары шаншыларКерегелер керіліп,Өрімдей боп өрілер.Бәріміз жүрсек айналып,Киіз үй боп көрінер.4)Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап аламыз.Жаттығулар жасайық,Жақсы сергіп қаламыз. 5)Кәне,кәне,тұрайық,Үлкен шеңбер құрайық.Тұрсақ енді шеңберге,Алақанды ұрайықБишілерде бұралып,Дөңгелене тұрайық.  6)Көтереміз қолымызды,Созыламыз жоғары.Бір,екі,үш,Денеңді солға бұр.Қолыңмен көмектесіп,Беліңді шынықтыр. 7)Күнде аспанға қараймыз,Қайтқан құсты санаймыз.Үшбұрыш боп тырналар,Көк жүзінде сырғанар.8)Боран соғар оң жақтан,Боран соғар сол жақтанҚар лақтырып ойнасақ,Суық өтер қолғаптан. 9)Көбелек те ,гүл де бір Қызыл-жасыл күллі өңірАспан төрі ақша бұлт,Бау-бақшада барша жұрт.Саңқылдаған саз әні,Көлде құстың базары. 10)Біз гүлдерше өсеміз,Жапырағы жайқалған.Сабақтары салалыЖелмен бірге жайқалған.  11)Ақ көгершін ,көгершін, Қол қанат құс сен едің.Бар кезіп қайт ел үшінКең дүниенің көлемін.  12)Оңға,оңға түзу тұрСолға солға түзу тұрАлға қарай бір адым,Артқа қарай бір адым,Жоғары-төмен қарайық,Орнымызды табайық  13)Ормандағы аю, қонжықҰялардан бал іздеді.Мойындарын оңға бұрдыМойындарын солға бұрды.Ағаштарды шайқап көрді.Қуанғаннан билей берді.  14)Мезгілдерді атайықШаттана біз қол ұрыпКүз,қыс,көктем,жазСекіреміз қуанып 15)Біздің үйде ала лақБіздің үйде ала тай Секіреміз бәрімізҚуанып жас баладай 16)Жаза-жаза жазудыТалып кетті қолымыз.Көркемдетіп жазамыз,Бестік баға аламыз.   17)Екі қанат қазда бар,Қаз іздесең ,сазға бар.Екі қанат құрда бар,Шапшаң болсаң ұстап ал.18)Тоғыстыда тура жолЕкі дос алыстыТөмен түскен екі жол«М»-ға ұқсап қалысты  19)Қырғауыл боп ұшамыз(2)Түлкі болып қашамыз (2)Қырғауылдай шапқыр боп (2)орнымызға қонамыз(2)