КІТАПША СЕРГІТУ С?ТІ БАСТАУЫШ СЫНЫП?А АРНАЛ?АН


Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі

right4445Сергіту сәттері
00Сергіту сәттері

Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Бейсенбаева Әлия Мұсақызы.
2013 жыл
Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз, сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады. Бұл сергіту сәттеріне арналған өлеңдер.

19. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.
20. Бiр, екi, үш
Бойға жинап күш.
Жаттығуды жасаймыз
Шынығуды бастаймыз.
21. Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ-бақ, нақ-нақ,
Біздер айттық тақпақ.
Сергіту сәттері

1. Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты соз, жасқанба.
2. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
3. Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
16. Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
17. Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
18. Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.

13. Тез қозғалып осылайЖаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
14. Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездердеҚонайық жорғалап.
15. Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым – папам,
Балаң үйрек – апам.
Ортан терек – ағамШылдыр шүмек –  менТиттей бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
4. Айнадағы бейнедей,
Қимылдарды қайтала.
Бiр сөз айтсаң сен оғанО-дан жауап қайта ма?
5. Айнаға қараймынШашымды тараймын.
Бақытты боламын,
Сымбатты боламын.
Әрқаша тазамын,
Бәрiнен озамын.
6. Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.7. Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерменЫтқи-ытқи жүгірді.
8. Бала, бала баламызБақшаға барамызКүні бойы қызыққаБатамыз да қаламыз.
9. Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қараймыз бәрімізАяққа бір, қолға бір
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқандаБолады екен он саусақ.
Жаза-жаза сауағымӘлсіреді шаршады.
Оңға, солға бұрамыз,
Сосын қайта жазамыз.
Бала-бала балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбатБылай-былай ойнат.
Қане балалар тұрайық,
Қолды белге қояйықОң аяқ, сол аяқШынығып алайық.