Саба?.3-сынып. ?аза? тілі. Негізгі ж?не туынды сын есім.


Сарыбастау орта мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі З.Ш.Дюсюпжанова
3-сынып
Пәні: Қазақ тілі 18.03.16 ж.
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімСабақ мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сонымен қатар кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа баулу, ақыл-ой логикалық ойлау жүйесін дамытып, сөздік қорын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: мазмұнды суреттер, кесте , тест жинақтары Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі2.Үй жұмысын тексеру.
Өткенді пысықтау. Кубизм әдісі:1.Сын есім дегеніміз не?2.Сұрақтары қандай?3.Сөйлем ойлау .
Суретпен жұмыс:- Тақтадан ненің суретін көрдіңдер? (Алма)Алмаға сипаттама берейік:Түсі:Көлемі:Пішіні:Сапасы:Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғап, туынды сын есім жасау.

Жауын..., икем..., бақыт..., құрмет... .
Өзің қалаған үш сөзге сөйлем құрастыру.
2-жаттығу. Мәтінді оқу. Неізгі, туынды сын есімдерді теріп жазу.
Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?»Тік тұрам да қос қолменТаянамын бүйірдіТопылдатып аяқтыШапалақтап қолымдыБасымды мен шұлғимынҚұс қанатша қолымдыЕкі жаққа жаямынБір отырып, бір тұрып
Орнымды мен табамын.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырату.
5-жаттығу. Мәтінді оқу. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырату.
Қарабидай сөзі зат есім бе, сын есім бе?
Сабақты қорыту:Білемін. Не үйрендім? Не білгім келеді?
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбына мәтін құрап, сын есімдердің астын сызу. 4-жаттығу.
Тексерілді: 18.03.16 ж.