Негізгі ж?не туынды сын есім


Сабақтың мақсаты:Білімділік – негізгі және туынды сын есім туралы берілген түсінікті кеңейту, туынды сын есімнің басқа сөз таптарынан жасалатынын байқату;Дамытушылық - өз бетімен жұмыс жасау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу;Тәрбиелік - әрбір оқушыға «жеке тұлға» деп қарап, оларды адамгершілікке, елін, жерін, табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.Түрі: жаңа сабақты меңгерту.Әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау.Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, слайдтар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.Жақсы оқып сабақты,Әдеп сақтау сәніміз.Сәлем бердік сендерге,Басымызды иіп бәріміз.Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1) 5 – жаттығу. Сөздерге - лы, - паз, - ғы, - гі жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.Су, күз, қар, көктем, әсем, жаз.Осы туынды сын есімдер кездесетін мақалдар тап.2) Үй тапсырмасын бекіту. Сын есім туралы не білетіндерін сұрау.Зат біреу болғанмен, оның сан түрлі қасиеттері, белгілері болады.Жаңа білімді меңгерту. Шығармашылық саты.- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- Тағы қандай жыл мезгілдері бар?- Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың қандай ақынын білесіңдер?Абай өлеңдерінен үзінді айтқызып, сын есімді тауып талдату.«Күз» туралы өлеңінен жатқа үзінді айтқызып, сын есімдерді тапқызу.Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспанКүз болып, дымқыл тұман жерді басқан.Білмеймін тонғаны ма, тойғаны ма?Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.«Қыс» өлеңінен үзінді айтқызып, сын есімге талдату.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті – басы - ақ қырау, түсі суықБасқан жері сықырлап келіп қалды.«Көктем» өлеңінен үзінді.Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Жан – жануар, адамзат анталаса,Ата – анадай елжірер күннің көзі.«Жаз»Жаздыгүн шілде болғанда,Көкорай шалғын бәйшешекҰзарып, өсіп, толғанда;Күркіреп жатқан өзенгеКөшіп ауыл қонғанда;IV. Танымдық тапсырма. «Кім жүйрік, кім тапқыр?»Суық, ызғарлы, ыстық, боранды, жаңбырлы, салқын, дымқыл, шуақты, жасыл, алтындай, жайдары, қапырық, бұлтты, аязды, үскірік.V. Көркем жазу.С сСуық, сұр, ыстық, салқын. аласа, алыс.VI. Оқулықпен жұмыс.1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғап, туынды сын есім жаса.Жауын....., икем.........., білім.........., бақыт..........., құрмет..............Өзің қалаған үш сөзге сөйлем құрастыр.2 – жаттығу. Мәтінді оқып, ішінен сын есімдерді тауып, кестеге орналастыр.Сын есімНегізгі сын есім Туынды сын есімНегізгі сын есім дегеніміз не? Туынды сын есім қалай жасалады? Сөз құрамына талда.Өзіндік жұмыс «Кім шапшаң?»4 – жаттығу. Негізгі және туынды сын есімдерді екі қатарға бөліп жаз.Негізгі сын есім Туынды сын есімӨзің қалаған 2 - 3 сөзге сөйлем құрастыр.VII. Сергіту сәті. «Құнды ерекшеліктерін ата»Шарты: берілген заттың сынын атау.5 – жаттығу. Мәтінді оқы. Сын есімдерді тауып түрлеріне ажырат. Қарабидай сөзі зат есім бе, сын есім бе?Қарабидай – ерте кезден егіліп, өсіріле бастаған. Қазір қарабидай егістігінің көлемі бидайдан екі еседей кем. Жер шарында егілетін қарабидай егістігінің жартысынан көбі бізде. Қарабидайдан бидай ұнындай пайдалы да сапалы нан пісіріледі. Нанда адам ағзасына пайдалы В және Е витаминдері болады. Қарабидайдан спирт, химиялық крахмал алады.Тест1. Сын есімді тапА) үлкенӘ) елу екіБ) асқар2. Негізгі сын есім қайсы?А) жақсыӘ) әдептіБ) таудай3. Сын есімнің сұрақтарыА) кім? Не?Ә) қандай? Қай?Б) не істеді? қайтті?4. Туынды сын есім дегеніміз не?А) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімӘ) түбір сөзден болған сын есімБ) кім? не? Деген сұрақтар қойылады.5. Бір сөзден тұратын сын есім атауыА) күрделі сын есімӘ) дара сын есімБ) түбірлес сын есім6. «Қара көк» сын есімнің қай түрі?А) дара сын есімӘ) күрделі сын есімБ) сын есім болмайдыІХ. Қорытынды. Венн диаграммасы.Х. Үйге тапсырма: 3 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырат.ХІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.