Кел т?рлет, Жа?а жыл! сценарий



Кел төрлет, Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп ,Жаңа жылды татулықпен, достықпен ,бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып ,үйрету.Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру .
Көрнекілігі: Жасыл шырша,түрлі-түсті от-шашу, гүл, жалауша, шарлар,қанатты сөздер,буклет ,мерекелік қабырға газет жане т.б.
Барысы:
Би: «Сыр маржандары»
Жетекшісі Қыдырова Айнұр апайдың сөзі, тілек.
Музыка: Сахнаға 3 жүргізуші шығады. Шаттық: Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум! Несібелі: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер! Қарақат: Аппақ бүгін қыр, далам, Ақ мақтаны жапқандай! Бүкіл әлем – бір ғалам, Қонақ күтіп жатқандай. Шаттық: Көңілде көп қуаныш, Әр көңілде - әр қылық. Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық. Несібелі: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Тауық жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Нальтаев Құлахмет Сейдахметұлын ортаға шақырамыз! Қарақат: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар, Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар. Әншіқызың ән салғанда беу шіркін, Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге берсек Аружанның орындауындағы Жаңа жыл әні. Қарсы алыңыздар! (үшеуі бірге)
Аружанның әні, тілегі.Шаттық: Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар. Қызық көріп, шат болып, Шаттық күліп тараңдар, Несібелі:Уа, халайық құрметті, Көмейіме жыр кеп тұр Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті. Қарақат: Уа, халайық той бүгін, Бақыт, шаттық мол бүгін.  Шығарып сап Мешінді,
Төрге шықсын тауығым.
Тауық баларандарымен келеді. Тілектері.
Жанар,Балнұр, Айша, Тоғжан, Нұрбақыт, Назар.
Тауықтың сөзі: Хош көрдік қадірменді ағайын. Мені құрметпен қарсы алып жатқандарыңызға рахмет. Құдай қаласа мен сіздерге бақыт, қуаныш, табыс жылы боламын деп үміттенемін. Осы жыл күткенімізді ақтап, барлығыңызға бейбітшілік, амандық әкелсін. Сізге және сіздің жақындарыңызға болаттай денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін. Бүгін мен сіздерге балапандарыммен бірге тосын сый ала келдім.
Үш жүргізуші: Олай болса, кел төрлет, Жаңа жыл!
 Би: «Балапандар» биі.
Билеп жатқанда Аяз ата кіріп келеді.
Шаттық: Қош келдіңіз Аяз Ата, Қарсы аламыз орын беріп. Ән салыңыз бізбен бірге, Би билеңіз бізге еріп. Несібелі: Ортамыз нұрға толып, Төрт құбыламыз түгел болды. 
Аяз Атаның сөзі: Құрметті достар. Сіздерді жаңа Тауық жылымен шын жүректен құттықтаймын.
Жаңа жыл сіздерге жағымды жаңалықтармен, телегей табыс мол болсын. Әрбір игі істеріңізбен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ береке әкелсін.
Хор. «Жаңа жыл»
Қарақат: Аяз ата достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыз. Ендеше келесі кезекті өнерлерін әзірлеп отырған ерекше мерекелік кештегіне берейік.  Олай болса, кешіміз одан әрі жалғасын табады. Ортаға сыныптың жас таланттарын шақырамыз! 
Би: Заманауи би.
Шаттық: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Мешін жылы еліміз талай белестерді бағындырды. Сонымен қатар тәй-тәй басқан «Түгіскен» өнер мектебіміз де аз уақыттың ішінде өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Несібелі:Мектеп басшысы, сазгер, ақын, композитор Құлахмет Нальтаев ағайымыз «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды.
Қарақат: «Наурыз шапағаты» өнер фестиваліне қосқан елеулі еңбегі үшін мерекелік төсбелгісін иеленді.
Шаттық: 2016 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 тамыздағы жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Несібелі:Үстіміздегі жылдың мамыр айында жас өнер ордасында «Музыка- адамзатқа ортақ тіл» атты есеп беру концерті өтті.
Қарақат: Дәл осы жылы қазақтың қара өлеңін кте тұтып, жүрегінен шыққан жыр шумағын көпшілікке ұсынып жүрген қаламгер, ақын Дінислам Доскелдіге арнап концерт ұйымдастырды.
Шаттық:ҮІІІ Халықаралық Республикалық «Ғұмырдария» балалар мен жасөспірімдер байқауында Қоңыратбаева Розаның шәкірті Махамбетжанова Жасминмен бірге «Қолөнер» номинциясы бойынша бақтарын сынап, бас жүлдеге ие болды.
Несібелі:Дәл осы беделді додада «Сән үлгісі» номинациясы бойынша Ерлі Наргиза жүлделі ІІ-орынға ие болды.
Қарақат:Үстіміздегі жылдың сәуір айында өткен «Қазақстан –ортақ үйіміз» атты аудандық өнер фестиваліне біздің мектептен оқушыларымыз қатысып, «Алғыс хаттармен» марапатталды. Олар: Әлиасқар Бақберген, Әлиасқар Айдын, Құдайберген Гүлсая, ұстаздары – Нальтаева Туғанай. Сәдуақас Ақгүл, ұстазы – Шамеева Назгүл.
Несібелі: «Күй атасы-Құрманғазы» атты күйшілер байқауында жүлделі ІІІ орынды Ибадулла Диас иеленді, ұстазы- Шермағанбетова Гүлжанат.
Шаттық: Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде мектеп сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген жас әншіміз Нұрбергенге микрофон ұсынамыз! Ән. Нұрберген.(тілегі)
Несібелі: Бізге Грузиядан, Өзбекстаннан қонақтар келіп қалыпты. Ал, қонақтар, хош келдіңіздер.
Нұрәділ мен Ернұр тілектерін айтады.
Би. Грузин биі.
Шаттық:Назарларыңызда өзбек биі!
Қарақат: Ал, халайық, тұрмайық Әндетейік, жырлайық Ортамызды ашайық Ырыс тілеп бұл жылға Жырдан шашу шашайық! 
Ән орындалады:Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар күтіп отыр. Тағы да Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 
Шаттық: Қош, сау болыңыз, Аяз ата! 
Несібелі: Жаңа жыл, жаңа жыл. Қалауын тап, қар үстіне қада гүл, 
Қарақат: Жаңа жыл, жаңа жыл. Сан тілектің бастамасы ғана бұл. Несібелі:Кел жаңа жыл, игілік болып, иба боп Жер бетіне кереметті жина көп. Қарақат:Ақ қауырсын қанатына қайғы емес Түтін емес, рауан нұры жинап от. Жаңа жылдарың құтты болсын! 
Шаттық: Ендеше бүгінгі кешіміздің қонақтына және ата аналарға сөз берейік.
Ернұрдың әжесі, Айша әпшеге сөз беріліді.Несібелі:Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және қонақтар!
Ерлерім, ел намысын түйіп белге,
Келеді қолым жетіп, биіктерге.
Тілегі қабыл болып Елбасының,
Жаңа жыл құт боп кірсін сүйікті елге!- дей келе бүгінгі «Түгіскен» балалар өнер мектебінің би өнері сыныбының «Қарақат» тобының дайындаған жаңа жылдық кешіміз аяқталды.
Қарақат: Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Үшеуі: Сау саламатта болыңыздар!