Туынды та?ырыбына есептер шы?ару-10 сынып


ШҚО Ұлан ауданы
М. Ломоносов атындағы орта мектептің
Математика пәні мұғалімі Чүкүева Бақытжан Қазезқызы
10 сынып. Сабақтың тақырыбы: "Туынды тақырыбына есептер шығару"
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың туындыға қатысты білімін, туынды
ережелерін қолдану шеберлігі мен дағдыларын жетілдіру және бақылап, тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруда логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Жауапкершілікке, бірлесе жұмыс істеуге және
шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеріп,
қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту, топтық-жұптық, интерактивтік.
Көрнекілік: Тапсырмалар слайдтан көрсетіледі. Бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап
Туындының математикалық, геометриялық, физикалық мағынасын ашу.
Деңгейлік тапсырмалар.
Тест тапсырмалары.
Тест тапсырмаларын қорытындылау, талдау.
Бағалау.
Үйге тапсырма
Қорытынды.
1. "Математиканың өз тілі бар – ол формула". С. Ковалевская.
Топтау страгиясы арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы топтың атын анықтау.
Айнымалының әрбір мәніне у айнымалының тек қана бір мәні сәйкес келетін тәуелділік не ? (Функция)
Кез-келген функцияның графигінің бір ғана нүктесіне жүргізілген түзу сызық қалай аталады ? (Жанама)
Функцияның туындысын табу қалай аталады ? (Дифференциал)

2. Үй тапсырмаларын пысықтауға арналған теориялық сұрақтар
Туынды терминин алғаш рет қолданушы кім ?
Туындыны жүйелі түрде дамытқан кімдер ?
Туындыны олар қалай атаған ?
Функцияның нүктедегі туындысы
Функциялардың қосындысының туындыларының ережелері ?
Функциялардың көбейтіндісінің туындысы ережелері ?
Тағы қандай туындыны есептеу ережесі бар ?
Тригонометриялық функциялардың туындысының формуласын жазыңдар.
Күрделі функцияның туындысы формуласын жазыңдар.
Жанаманың теңдеуң формуласын жазыңдар.
3. Тақтада 3 топтан 3оқушы туындының математикалық, геометриялық және физикалық мағынасын ашады.
4. Деңгейлік тапсырмалар. №1 "Ойлан тап"
А тобы. Материалдық нүкте х(t)=t3-4t2 заңы бойынша түзу сызықты қозғалады. t=5 мезеттегі жылдамдықты және үдеуді тап. (Орын ауыстыру метрмен өлшенеді)
Шешуі: v(t)= х/(t)=(t3-4t2)=3t2-8t
v(5)=3*52-8*5=75-40=35 м/с
а(t)= v/(t)= (3t2-8t)/=6t-8 а(5)=6*5-8=30-8=22м/с 10 ұпай
В тобы. Массасы m-ге тең материалдық нүкте х(t)=2t3-t2 заңы бойынша түзу сызықты қозғалады. Осы нүкте t=2 болғанда әсер етуші күшті тап.
Шешуі: Ϝ= mа
х(t)=2t3-t2; v(t)= х/(t)= (2t3-t2)/=6t2-2t
а(t)= v/(t)=(6t2-2t)/=12t-2
Ϝ= mа= m(12t-2); t=2 Ϝ= m(12*2-2) =22m 20 ұпай
Стобы. Массасы 2 кг дене х(t)=t2+t+1 заңы бойынша қозғалады. Х координатасын сантиметрмен, t уақыт секундпен өлшенеді.
Әсер етуші күшті. Қозғалыс басталғаннан кейін 2с өткендегі кинетикалық энергиясын тап.
Шешуі: х(t)=t2+t+1 v(t)=( t2+t+1) / =2t+1
Ϝ= mа=2*2кг*см/с2=4кг*см/с2=0,04кг*м/с2=0,04Н
Ек= mv2/2; t=2с v(2)= 2*2+1=5 Ек=2*52/2кг*см2/с2 =
0,0025Дж 30 ұпай
№2 "Кім жылдам ?"
В тобы. f функциясы графигінің жанама абсцисса осіне параллель болатын нүктені тап.
f (х) = Жауабы: х=(-1)к+, кϵẕ.
№3 "Кім озық ойлы ?"
А тобы. Функцияның туындысын тап.
f (х) = 2tgх
Жауабы: f /(х) = - . 10 ұпай
В тобы. Функцияның туындысын тап.
f (х) = х4+ tg 2х
Жауабы: f /(х) =4х3+ 20 ұпай
С тобы. Функцияның туындысын тап.
f (х) =
Жауабы: f /(х) = 30 ұпай
5. Туындының қолданыс кеңістігі.(Оқушының шағын жобасын тыңдау)



6. Тест тапсырмасын орындау қорытындылау, талдау.
7.Оқушылардың білімін бағалау. (Ұпай санын жинақтау)
8.Үйге тапсырма.(122-125 бет.Тест тапсырмалары)
9.Қорытындылау.(Жеңіске жеткен топты марапаттау)