Мені? анам


«Әдептілік – әдемілік»
Мақсаты:
оқушыларды әдептіліктің алтын ережелерін қастерлеуге, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.
Оқушылардың сөздікқорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту.
-400685-1270Шаттық шеңбері
Сабақтың алдында қағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға  салынып қойылады.
4095751224280-  Балалар мен бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Сол себептен мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын! Бұнда түрлі-түсті жүрекшелерге толы. Есімізде түстерді сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт- мейірімділік, көгілдрі- сүйіспеншілік, жасыл- әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық.
- Балалар осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық. Балалар жүрекшелерді аспанға лақтырады.
- Қараңдаршы қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге  толды. Балалар бұл түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелердің ұшқанын неге ұқсаттыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Ондай болса бәріміз бірге әдептілік, мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.
Сәлем Күн-Анамыз! /қол жоғарыда/
Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/
Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/
Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/
-23876036830
Топтастыру  стратегиясы
Мақал – мәтелдер сөздерін жинау арқылы топтасады:
І топ: Әдепті бала — арлы бала,Әдепсіз бала — сорлы бала.
1314450401955ІІ топ: Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен
ІІІ топ: Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі—келіп –кетіп жүргені.
ІV топ: Аға әдепті болса - іні әдептіАпа әдепті болса - сіңлі әдепті
V топ: Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
Осы мақал – мәтелдерді түсіндіріп беріңдерші: (Әр топ өзінің мақал – мәтелдерінің не жайлы екенің түсіндіреді)
-23876015875
Шығармашылық жұмыс
   Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.
    Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз
-295910-171453656965-226695Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.
Балалар, енді әдептіліктің алтын ережелері туралы не айта аласыңдар? Соны алдарыңыздағы плакатқа жазамыз және де осы ережені бұзған оқушыларды қалай жазалаймыз? (10 мин)
(постерлерді қорғау 10 мин)



Бағалау (Екі жұлдыз, бір ұсыныс)


Хор «Ата – ананы тыңдаймыз»
Жағдаяттар:
Мәтінмен жұмысӘдептілікЫ. АлтынсаринБір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.Қасындағы бай:- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.Сонда ғалым тұрып:Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады? (5 мин) -


Келесі сөз кезегін мектеп директоры Романова Жания Орынжайқызына беріледі.

Келесі сөз кезегін ата – ана Заксылыкова Бақытгүл апаға беріледі:

Қорытындылау- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
№ 53 орта мектеп
Тәрбие сағаты
«Әдептілік – әдемілік»
8 «Ә» класс

Өткізген: Сафина Л.К.
2013 – 2014 оқу жылы