?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? Мені? анам


Сыныбы:3 «А»
Пәні : Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Менің анамСабақтың мақсаты: 
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуғатөселдіре отырып, анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.
Дамытушылық: Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге баулу.
Тәрбиелік : Ана деген ардақты атты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сөздік, (әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап)
Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқулықтарын түгелдеу.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп
Бас иеміз біз
Топқа бөлу
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1. 1-топқа «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. 2-топқа Көктем табиғатын суреттеген тұсты тауып оқу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыптың мағынасын ашу.
Суреттер арқылы оқушыларға сұрақ қою.
Дүниедегі ең қымбат,ең ақылды да ардақты кім? (Ана )
Дүниедегі бізге ең тәтті не? (Ананың сүті)
Анаға арналған қандай өлеңдер білесіңдер?
Ана деген ақылшың
Ана барда батырсың
Қасыңда кім болса да
Тек анаға жақынсың
Ақ жүректі сақтаған
Жарқын жүзің бақ маған
Ақ бетіңнен сүйетін
Келші, келші ақ мамам
-дей келе бүгінгі сабағымызды Сағи Жиенбаевтың «Менің анам» өлеңімен танысуды жалғастырамыз.
Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген.1955 жылы Қызылорда қаласындағы педогогикалық институтты бітірген.Жезқазғанда мұғалім болып жұмыс жасаған. «Әлия», «Бозторғай», «Жарық жұлдыздар», «Қошақан», «Бұзауқан», «Ұшып келем» атты шығармалары мектеп оқулықтарына енген.
1.Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын, авторды, тақырыпты жазу
2.Мәтінмен жұмыс
а)өлеңді мәнерлеп оқу
ә)өлеңді талдау
«Менің анам»
Бір күні әкеп анашым
Сыйлады бір ат маған
Ешкім іздеп таппаған,
Ешкім мініп шаппаған.
Қолыма бір түсті де
Құстай ұшар арғымақ,
Арғымақтың үстіне
Ұшты зулап қыр жаққа
Қалың орман тоғайлар
Қалып жаты бір жақта
Асқар таулар шықты алданАспанменен таласып....
Сонау-сонау бұлттардан
Кетер едім әрі асып...
Кетер едім әрі асыпАрғымақпен көсіле
Осы кезде анашымТүсіп кетті есімеҚаламады енді төзім де
Жетіп келдім үш аттапЖатыр екем өзім де
Анашымды құшақтап.
3.Өлеңді талдау
а) өлеңнің «Менің анам» деп аталуының себебі не?
ә) баланың басынан өткен оқиға қайда болған деп ойлайсың?
б) баланың анасына деген сезімін қалай суреттеген?
Тапсырма: Топтық жұмыс
4 жол тақпақ жазу.
ІV.Сабақты қорытындылау
V.Үйге тапсырма:
Өледі мәнерлеп оқу. Менің анашым тақырыбына шығарма жазып келу. Күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия
–Біз бүгін нені білдік?
-Алдағы уақытта нені білгің келеді?
Оқушылар стикерге ойларын жазады.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.