Саба? жоспары ?орша?ан ортамен танысу


Әке мен бала әңгімесі
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Мақсаты:Балаларға жаңа тақырып бойынша тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірімен оның шығармашылығы туралы білімдерін қалыптастыру.Балаларға шығарманы айтып беру арқылы ұғындырып,сахналау дағдыларын дамыту.
Үлкенді тыңдауға, сыйлауға үйрету,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Ы.Алтынсариннің Әке мен бала суреті,кітап ,әдемі орамал.
Әдіс –тәсілдері:Шаттық шеңбері,әңгімелеу,сөздік жұмыс,ғажайып сәт,сергіту сәті,сахналау,мақал-мәтел.
Қолданылған технология:М.Монтессори әдісімен өнер орталығында орамалды әшекейлеу.
Сөздік жұмыс:Таға,қанағат
Билингвалды компонент:Кітап- книга, орамал-платок.
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Ғажайып сәт
Қонаққа әжей келеді.
-Сәлеметсіздер ме балалар!(Әжеймен амандасады)
Мен сендерге кітап әкелдім.Көзім нашар көретін болғандықтан,кітаптың не
екенін біле алмадым.
-Сендер кітаптың не екенін білгілерің келеме? (ия)
-Ал,олай болса апайларың кітаптың не туралы екенін,ішінен бір шығарманы әңгімелеп берсін. (әжейге көмектесуге келіседі)
Тәрбиеші кітапты парақтап жатқанда ортасынан орамал түсіп қалады.
-Менің кестеленген орамалым ғой,-дейді әжей.Тәрбиеші балалардың назарын орамалға аударып сұрақ қояды
-Ал, сендер осындай етіп орамал әшекейлей аласыңдар ма? (әжейдің орамалын тамашалайды) Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» шығармасын әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: Таға,қанағат сөздерінің мағынасын түсіндіру (жаңа сөздердің мағынасын түсінеді) әңгіменің мазмұны бойынша сұрақ қою.Балаларға әңгімені сахналату(әңгіме желісі бойынша балалар рөлдерге бөлініп сахналады)
«Аз жұмысты қиынсынсаң,
Көп жұмысқа тап боларсың» (мақалдың мағынасын талдайды)
Дидак ойын: «Дұрыс айт» Тәрбиеші айтқан сөйлемдердің сөңғы сөздерін тауып айтады
Сергіту сәті:
Кел балалар тұрайық,
Қолды белге қояйық
Бір,екі,үш. Баста алға түс,
Құстай жылдам ұш. (сергіту қимылмен орындалады)
Рефлексиялық түзетушілік: Балалар Өнер орталығында орамалды әшекейлейді,әшекеленген орамалынан әжейге тарту етеді. Әжей:
-Балалар сендер өте өнерлі,алғыр балалар екенсіңдер сендерге қөп алғысымды айтамын.Сау болыңдар балалар! Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі Үлкендерді құрметтеуді,тыңдай білуді.
Игереді Жаңа сөздердің мағынасын
Меңгереді Әңгімені сахналауды, сұрақтарға жауап береді.
Маңғыстау обылысы
Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы
Көліктер мен жол жүру тәртібі
Білім беру саласы : Таным
Бөлімі : Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты : Балаларға жолда жүру ережесі туралы түсінік беру.Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызыметімен таныстыру.Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Жол ережесін сақтап жаяу адам жүретін, жолмен көліктер туралы түсініктерін дамыту.Көліктің адам өмірімен еңбегін жеңілдетудегі маңыздылығын айтып,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар.Бағдаршам,көліктер,жол ,жаяу жүргіншілер жолы макеті,қауыпсіздік белгілері суреті.
Әдіс-тәсілдері :Шаттық шеңбері,түсіндіру,,ғажайып сәт,сергіту сәті,сахналау,дидактикалық ойындар
Билингвалды компонент: Көлік-транспорт, бағдаршам-светофор
Шаттық шеңбері
Кел балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік,
Қабақ шытқан не керек?
Көңілді болып жүрейік
Күніміз ашық болсын
Деніміз сау болсын.
Ғажайып сәт: Топқа Дымбілмес кіреді (балалар Дымбілместі тыңдайды)
-Мен жол ережесін білмеймін
-Мен сияқты білмейтіндердің кесірінен қауыпты жағдайлардың болғанын қаламаймын
-Дымбілмес сен ренжіме,өте орынды өтінішпен келіп тұрсың.Ендеше бүгін барлығымыз жолда жүру ережесін үйренейік
Жұмбақ жасыру
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта жүр дейді
-Ол не балалар? (бағдаршам)
-Олай болса бағдаршам не үшін керек? (машиналарға бағыт беріп тұру үшін)
Суретпен жұмыс:Тақтадағы суреттерге назарларын аударып,не көріп тұрғандарын сұрайды
(Балалар ойланып жауап береді)
Жолда жүру ережесін балаларға сахналату (Балалар рөлдерге бөлініп сахналайды)
Дымбілмес өзінің ризашылығын білдіріп,рахметін айтып қоштасып кетеді (Дымбілмеспен қоштасады
Өлең тыңдаймыз: Ә.Табылдиевтің «Бағдаршам» өлеңін оқып береді
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба! ( Өлеңді тыңдайды)
-Өлең не туралы? Бағдаршам не үшін керек? (Сұрақтарға жауап береді)
-Көшеде келе жатқан адамдарды қалай айтамыз?
Көлік түрлерін айтып кету:«ауада,жерде,суда»
ажырата білуге үйрету (Балалар ажырата біледі)
Сергіту сәті (Сергіту қимылмен орындалады)
Дидак ойын: «Дұрыс-бұрыс»
Шарты:Дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды,бұрыс жауапқа аяқтарын топылдатады
Дидак ойын: «Бағытын ажырат»
Шарты:машинаның жүру бағытын,бір-бірінен айырмашылығын ажырату
(балалар ойында белсенділік танытады)
Рефлекциялық түзетушілік Сұрақ жауап арқылы балалардың ойларын қорытындылау.
Бүгінгі алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрау Балаларды мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Біледі Жолда жүру ережесін,бағдаршамның атқаратын қызметін
Игереді Жол белгілерінің атауларын
Меңгереді Жол ережесін сақтау керектігін