«Мені? Отаным — ?аза?стан» та?ырыбында?ы к?ркемс?з шеберлеріні? сайысыны? жоспары


Торғай аграрлық- техникалық колледжі
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланған күніне арналған
«Менің Отаным - Қазақстан»
тақырыбындағы көркемсөз шеберлерінің сайысының жоспары
142240102235
өткізген: Бағила Балмашева,

Арқалық қаласы .

Көрініс:
«Арманы асқақ Нұрсұлтан»

Төселген көрпе-жастық,ауыл ақсақалдары өзара кеңесіп отыр. Жас келншек қолына дастархан алып кіреді. Дастархан жаймас бұрын шеттегі отырған Әбіш ақсақалға иіліп салем жасайді. Әбіш ақсақал:
-көп жаса қарағым,
Бесігіңнен іңгәлаған сәби кетпесін,
Алдыңнан душпан кесіп өтпесін.
Ырыс-несібең тасып,
Абыройың асып,
Ұрпағың көгеріп көктесін.
Отырғандар бәрі қосылып:
әумин! Әбеке батаңыз қабыл болсын!-дейды.
Келіншек дастархан жасап бауырсақ, май қойып,кеселерге қымыз құйып,кісілерге үлестіреді.
Бірінші ақсақал сөзге араласады:
-Әбеке,тунеу күні көрші есекеңнің баласы қалаға барып келген,пішен сатуға. Сонда бір суық хабарды құлағы шалып қалған көрінеді.
Сөзіне Әжей араласады:
-астафир алла, неғылған хабар?-дейді.
-неқылғанда былай ғой,әлгі нәлөк көбейеді дейді,үйдің қасына егілген алма –алмұрт ағаштарының бәріне жеке-жеке нәлөк салатын көрінеді.
Келіншек:
-сумдық-ай,кешегі 32дегі нәубет келмесе етті.
Ақсақал:
-әй,қойшы, бәйбіше. Қайдағы жамандықты шақырмай!
Әбіш ақсақал:
-е,не болсада көрешегіңді көрмей,көрге түспейсің дегендей басқа салса баспақшыл деп бұйырғанын көреміз де.


Осы кезде сырттан бір бала жүгіріп кіреді.
Аталар,Әжелер Нұрсұлтан аға келеді. Жаңа ғана ат арбадан түсті. Сүйінші, сүйінші!
Әжей,сүйінші сұрағаныңа сүйінейін,келе ғой ботам-деп сүйіншісін береді.
Есіктен Нұрсұлтан кіреді.
Ассәлаумағалику! Жеке-жеке қол беріп амандасып шығады.
Анасы түрып маңдайынан сүйеді.
Ақботам,тула бойы тұңғышым,аман есен жеттіңбе? Отыра ғой ботам- деп қасына отырғызып қымыз береді.
Ақсақал:
-Қарағым,оқуға түсті деп естідік.не қылған оқу?
Ақсақал:
-Е,соны айтсайшы- дейді.
Нұрсұлтан:
-ұшқыштың оқуына түстім,не болса да қазақ халқымды биіктен көрсеткім келеді-дейді.
Анасы:
-балам-ау,онсызда екі көзім төрт болып жүргенде оның несі,жібере алмаймын,бірдеме десеңші әкесі- дейді.
Әбіш ақсақал:
Бәйбіше,жаман ырым шақырма,арманы асққақ екен,ойлағаны қазақтың биігі болса өзі білсін-дейді.
Ақсақал:
Ал,жарайды мал өрістен қайтатын кез болды дастархан қайырайын.
Асың, асың,асыңа,
Береке берсін басыңа.
Қазақтың қамын ойласаң,
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!

әумин! Бәрі қосылып айтқаның келсін- дейді.
Саханада Нұрсұлтан қалады.
-ағайын,көк биігінде қанатты құстай самғағым келеді.
Бірақ .........Анашымның ақ сүтін аттай алмаймын.
Бірақ.........мен бәрі бір елім үшін еңбек етемін.
өзіңді биіктерге, белестерге жетелеймін,сеніңіздер маған!

4597401905

centertop
centerbottom