?білхан ?астеев атында?ы м?ражай?а саяхат (3- класс)


Ә.Қастеев атындағы мұражайға саяхат
Сабақтың мақсаты: Ә.Қастеев шығармашылығымен таныстыру Сабақтың міндеттері: Білімділік: Ә.Қастеевтің өмірімен және туыныларымен таныстыру. Дамытушылық: оқушылардың танымдылық және дарын-қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды өнерге деген сүйіспеншілікке,мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:суреттер Сабақтың түрі:топ саяхат Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды топ саяхатқа даярлау. Ә. Қастеев атындағы мұражайға қош келдіңіздер. Әбілхан Қастеев өмірбаяны Әбілхан Қастеев (1904-1973) Алғашқы қазақ суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев  өзінің  талантымен  және жанқиярлық шығармашылығымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды. Әбілхан Қастеев  1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түріксіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таң қалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г. Хлудовтың  көркемсурет студиясында білім алады. Ә. Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 ж. ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Суретші  1973 жылы 2 қарашада Алматыда қайтыс болды. Ә.Қастеев туындылары Сабақты қорыту- Балалар, бүгінгі өткен саяхатымыз ұнады ма?- Осы саяхатта ұнаған туындыны қағаз бетіне түсіріңіздер. Сау болыңыздар!