Санны? квадраты. Санны? кубы 3 сынып


Келісемін:
Мерзімі
15.01.2016ж
Сыныбы:
3 «В» сынып Пәні: математика
Пән мұғалімі:Нургалиева Л.Т.
Тақырыбы: Санның квадраты санның кубы
Мақсаты: Оқушыларға санның квадратын және кубын табуды үйрету. Жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып,әр түрлі есептерді шығару білігін дамыту, математикалық мәтінмен(талдау,қажетті мәліметтерді жинақтау) жұмыс істеу білігін жетілдіру.
Міндеттері: 1.Білімділік. Оқушыларға мысалдар мен есептер шығаруға және есептеуге үйрету және түсіндіру арқылы алған білімдерін қолдана білу дағдысын,өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.2.Дамытушылық. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру және логикасын дамыту.3.Тәрбиелік. Оқушыларды алғырлыққа, дұрыс есептеуге және жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі кестелер
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Кәне түзу тұрайық,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
2. «Есептеуді білмейтін адам,
Түк білмейтін надан» (хормен)
ІІ. Өтілген материалды қайталау.                                          Сәйкес формуланы қой
—         Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.                       (а + в )∙ с = а ∙ с + в ∙ с
—         Көбейтудің терімділік қасиеті.                                     а ∙ в = в ∙ а
—         Көбейтудің үлестірімділік қасиеті.                              (а ∙ в) ∙с = а ∙ (в ∙ с)
Үй тапсырмасын тексеру
№6 амалдарды орындау,№7теңдеулерді шешу,№8қалдықпен бөлу
ІІІ. Жаңа сабақ
4 + 4 = 4∙2
4∙4 = 4+4+4+4
Ұқсастығы:Екеуі де өрнек.
Әр өрнекте екі-екіден төрт бар. Өрнектің мәнін табу үшін екі жағдайда бір амалмен орындалады.
Айырмашылығы:
Бірінші өрнек қосынды, ал екінші өрнек көбейтінді. Мәндері әр түрлі. (неліктен?)
Көбейту амалының мағынасы бірдей қосылғыштардың қосындысы негізінде түсіндіріледі.
Осы өрнек бойынша санның квадраты, кубы туралы түсінік беріледі.
4 ∙ 4 = 16          42 = 16         2 ∙ 2 ∙ 2 = 8              23 = 8
Оқушылардың түсінігін байқау үшін бірнеше карточкалармен жұмыс жүргізіледі.
32 52 92
33 53 13
Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі сол санның көбейткіштің квадраты деп, ал бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі санның кубы болады.
Көбейтінді Қысқаша жазылуы Оқылуы
2*2 2² екінің квадраты
3*3 3³ үштің квадраты
............... ............... ...............
а*а а² а-ның квадраты
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
№2. Көбейтіндімен алмастыр:
1)санның квадратын: 3², 5²,9²,4²,1²
2)санның кубын:10³,2³,3³,4³,1³,а³
№3.Көбейтіндіні алмастыр
1)көбейткіштің квадратымен:
5*5 9*9
4*² 2*2
2)көбейткіштің кубымен:
2*2*2 3*3*3
1*1*1
№4.Өрнектің мәндерін тап:
4²+2³=16+6=22
5²-1³=25-1=24
10³-10²=1000-100=900
Сергіту сәті
№6.Кесте бойынша есеп құрастыр және оны құрастыр:
Бағасы-8тг
Құны-64тг
Саны-?
Шығармашылық тапсырма
(23— 22 ) : 2 = 1                   (3 ∙ 3 2) : 33 = 1
Интеллектуалды сергіту.
-     4 баланың неше саусағы бар?
-     Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кессек, неше бұрыш болады?
Қорытынды:
1.     Санның квадраты дегеніміз не?
2.     Санның кубы дегеніміз не?
3.     Қолдарындағы көрнекілікті пайдаланып санның квадраты мен кубын табады.
Оқушыларды бағалау. Рефлексия
Үйге тапсырма: №5 теңдеуді шешу,№7 шамаларды пайдаланып,теңдік құру,№10бөліндінің мәнін және қалдықты тап,№11 амалдарды орындау.