Ана тілінен ашы? саба? Жігітті? жа?сысы (3-сынып)


Ана тілі
Тақырыбы: Жігіттің жақсысы.
Сабақтың мақсаты: білімдік: оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгілермен таныстыру; шешендік сөздердің мәні мен атақты билер туралы түсініктерін кеңейту: ана тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық: балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: шешендік сөздер мазмұны бойынша адам бойында болуға тиіс жақсы қасиеттерге: адалдыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз бойындағы мінез –құлыққа сыни көзбен қарауға баулу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиялары, «Ғажайып алаң» ойыны, топтық жұмыс, терме тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ билері» бүктемесі, кітапшасы, суреттер, үлестірме кеспелер, Слайд, дискеті
Пәнаралық байланыс : Қазақстан тарихы, музыка.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөлу. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Топтық жұмыс.
ІІІ. Қызығушылықты ояту:
«Ғажайып алаң» ойынын ойнату арқылы әр оқушы бір сұраққа жауап беру арқылы жасырынған жаңа сабақ тақырыбын сұрақ сыртында жазылған әріптерден құрастырып табады.
Қазақтың ұлы ақыны.
Қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз.
Әліппенің атасы атанған кім?
Қазақтың тұңғыш ғалымы кім?
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
Қазақтың тұңғыш геолог-ғалымы кім?
Отанымыз қалай аталады?
Халық шығармаларын атаңдар.
Төрт түліктің пірлерін ата.
Кімдер туралы аңыздармен таныстық?
Қазақтың алғашқы биі кім?
Отан туралы қандай мақал білесің?
Шешендік сөздер дегеніміз не?
Қандай шешендік сөздермен таныстық?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап бергенде жаңа тақырып айқындалады:»Жігіттің жақсысы»- шешендік сөзі.
Шешендік сөздер атақты билердің ел билеудегі дауларды шешу кезінде көркем сөзбен, тапқыр оймен айтылған сөздері.
І Ой қозғау.
Компьютердегі слайдпен жұмыс.

Слайдта Қазақстан картасы, Елбасы портреті, Астана суреттері, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің суреттерін пайдалана отырып, билердің өмірі мен ел тарихындағы қызметі туралы мәліметтер беріледі.Қазақстан тарихынан ел басынан өткен қиын кезеңдер туралы, елді бірлікке шақырудағы билердің орны туралы әңгімеленді. Шешендік сөздерден біз өнеге ,үлгі алумен қатар, көркем сөз өнеріне үйренеміз.
«Жігіттің жақсысы» тақырыбын ашу үшін, балаларға проблемелық сұрақтар қойылады.

-Балалар, адам бойында болатын жақсы қасиеттерді атаңдаршы.Ол туралы қай ақынның өлеңінен білеміз?
-Талап, еңбек, Рақым, әдептілік, т. Б
-Енді адамның дұшпандарын атаңдаршы:(еріншектік, өсекшілдік, өтірік айту, мақтаншақ, ұйқы, кежірлік т. б)
-Бүгінгі сабағымызда жігіт бойында болу керек жақсы қасиеттің тағы бірімен танысамыз.
Мағынаны таныту.
3. Мәтінмен жұмыс.
Шешендік сөзді оқу. Сұрақтар бойынша пысықтау.
Билерге келген жігіт қандай шағым айтты?
Оны Әйтеке бидің қандай сөзі ұялтты?
Әйтекенің жігітке айтқан сөзіне сәйкес қандай мақал- мәтел білеміз?
«Елдің қамын жоқтау» дегенді қалай түсінеміз?
«Сөзге тоқтау» деген не?

ОЙ ТОЛҒАНЫС:
4. Тапсырмамаен жұмыс.
Мәтіндегі «жампоз» тіркесіне қарама-қарсы мәндес сөз табыңдар.
Әйтеке бидің шешендік сөздеріне сүйеніп, жақсы жігіттің белгілерін санамалап айтқызу.
Мейрамбек Бесбаевтың орындауындағы «Баласы жақсы қандайды...» термесінен үзінді тыңдату.

І . Қорытынды
1.Тақтада Венн диаграммасын толтыру. Диаграмманы әр топ оқушылары жазады.

Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттер

Адалдық өтірікші
Еңбексүйгіш еріншек
әдепті әдепсі з
шыншыл кежір
қамқор мақтаншақ
батыр
Сахналау, Үш оқушы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің баталарын жатқа оқиды.
Төле бидің батасы:
Атасызға ата бол!
26555705146040Батасызға бата бол!
Арып ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол!
Кек сақтамас бала бол!
Дос дегенің сүйініп,
Асу бермес дана бол!
Төле би бата беріп жайды қолын:
Қалидай нұрлы болсын оң мен солың,
Рүстем дастанындай мәшһүр болып,
Қарағым қайда барсаң, жолың
болсын!
Қазыбек бидің батасы:
3973830-257810Уа, жаратқан, жарылқа, Бақ дәулетін аумас қыл!
Ала ауызды алас қыл, Қарғағаннан қалыс қыл!
Ниеттері ақ болсын, Бейнеттері пәк болсын!
Мұраттарын асыл қыл! Қолқасын шаң қаппасын,
Жүрген жерін жасыл қыл!
33915352058670Әйтеке бидің батасы:
Керегеміз керілмесін,
Өнегені өрт ілмесін.
Тереземіз теңселмесін,
Теріс қылық еңсермесін!
Шаңырағымыз шайқалмасын
Үйге тапсырма.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Қазығұрт ауданы.
Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Малтаева Ләззат Арапбайқызы