Сынып са?аты Хал?ымыз кие т?т?ан сандар


Халқымыз кие тұтқан сандар
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Халқымыз кие тұтқан сандар» атты сайыста сіздер халқымыз кие тұтқан сандар мен қазақтың тыйым сөздері мен ырымдары, салт-дәстүрлері туралы естіп білесіздер.
Айналайын, шешен сөзі қазақтың
Сені тыңдап, мейірлендім, мәз-ақпын.
Болмаса егер әсерлі сөз, ақылды ой,
Туар ма еді сезімге бай ғажап күн?-дегендей, халық педагогикасы ғасырлар бойы байып, дамып келе жатқан ғылым. Тәрбие-тілден басталады дейді халқымыз. Олай болса, бүгінгі сайыста әр топ өзінің тапқырлығымен, ұлттық салт-дәстүрді қаншалық білетіндігімен сынасады.
Ортаға «Мұра», «Болашақ», «Сұңқар», «Тұлпар», «Барыс» топтарын шақырамыз.
I. Ұрандарын, төсбелгілерін, газеттерін, буклеттерін қорғау.
Күн шығып, батады. Ай жаңарып, ескіреді. Жыл өлшемі-12 ай. Бірақ, ғұмыры-уақыт жылнамасы. Осы тиесілі уақытпен әрбір ұрпақтың өзіне тән еншісі болады. Табиғаттың тылсым сыры көп. Халқымыз үшін 3,7,9 сандары киелі болып есептеледі. Соларға байланысты көптеген ырым-жоралғылар бар. Көшпелілер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұлар өзгермейтін өлшем бірліктері.
Шығыста 7 молдықты білдіреді. 7 тіл білу, 7 рет өлшеу, 7-ге келу т.б. Дүниедегі аты белгілі және көпшілік қабылдаған саны да 7-еу. Ендеше, келесі кезекте осы 7 санына байланысты
II «Санаға саяхат» туры
7 қазына
Адайдың 7 қайқысы.
7 қараңғы уақыт дегенді қалай түсінесің?
1. 7 жоқ.
2. 7 жарғы.
3.Жерден 7 қоян тапқандай дегенді түсіңдір.

1.7 жетім
2. 7 ата.
3.7 қат жер асты дегенді түсіңдір.
7 ғашық.
7 ру.
7 атасын мал өлтірген дегенді түсіңдір.
7 ғалам
7 жұт
7 ата жау дегенді түсіңдір.
Әуенді іркіліс
Келесі кезекте
III. «Кім көп біледі?» туралы
Әр топтан 1 оқушыдан шығып 10 тыйым сөзден айту.
Әуенді іркіліс
Сайын Назарбекұлы
«Бабалар басын иген 3 санына»
Атамның бар қылығы жанға жақты,
Мұра ғып еншіледі бар ғажапты.
Басқалар мың аймаққа бөлінгенде,
Бөліпті бабам үшке бар қазақты.
Әр адам қамын ойлар ошағының,
Баласы, ата-ана, қосағының
«Үш бұты ошағының аман болсын!»-
Деп жұртым бата беріп, қосады үнін.
Жүректі, білекті де кісілер көп,
«Шігінен» алысқанын түсірер тек.
Береді ер кезегін үшке дейін,
Мәрттіктің кексіз мәнін түсінер деп.
Шаттықтан қанша алсақ тосын қайғы,
Айтады-ау мәтел етіп осындайды
Ез-батыр, арам- адал, надан-дана,
Сорпасы үш қайнаса қосылмайды...
Алдымен денсаулықты аңсау мықты,
Алтыннан артық көрген ақ жаулықты,
Байлыққа балағаны тағы да үшеу
Денсаулық, ақ жаулық пен он саулықты.
Ұлыңды үшке келсе, піштіріп ал.
Көз тисе, үш-ақ рет үшкіртіп ал.
Жекжатты, құда , бауыр, жек көрмеген,
«Жігіттің,-дейді атам,-үш жұрты бар
Бабалар басын иген үш санына,
Ой жетіп, кім түсінер тұспалына?
Төсіне төс тигізіп, үш қайтара,
Сезімін білдіреді құшқанына ...
Үш рет аққа куә тартқызады,
Үш рет қайталаса, шарт бұзады,
Үш рет кәлимаңды қайтартқызып
Үш рет піссімілла айтқызады.
Әділ сөз айтылады түрлі жайға,
Мәнісін ұғар қазір құрбы қайда?
Аталар, бас иемін, шешіміңе,
Сиынған, үшеу емес, бір құдайғ
IV.Келесі кезекте ортаға топ жетекшілерін шақырамыз.
1.Үш жұрт.
2. Үш арсыз.
1. Үш байлық.
2.Үш дауасыз.
1.Үш ғайып.
2.Үш қадірсіз.
1.Үш көз.
2.Үш қуат.
1.Үш асыл.
2.Үш жақын.
Әуенді іркіліс
V.Қазір мақал-мәтел айтудан сайыс болады. Ол «Полиглот» түрінде өтеді. Алғашқы шумағы айтылады, соңын топ мүшелері айтып, үш тілге аударады.
1.Ағаш көркі-жапырақ,
Адам көркі-шүберек.
2.Сөз анасы-құлақ.Су анасы-бұлақ.
3.Өнер алды-қызыл тіл.
4.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
5.Ананың сүті-бал, баланың тілі-бал.
6.Ер қаруы-бес қару.
7. 7 рет өлшеп, 1 рет кес.
1. Сөздің көркі-мақал.
2.Білім-қымбат, білу-қиын.
3.Ел іші-алтын бесік.
4.Ырыс алды-ынтымақ.
5.Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті.
6.Жері семіздің-малы семіз.
7.Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын.
1.Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
2.Ердің сыншысы-ел.
3.Қосылып еккен ағаш-орман.
4.Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
5.Ер қанаты-ат.
6.Күннің шуағы жылы
Ананың құлағы жылы,
7.Опасызда Отан жоқ.
1.Ас атасы-нан.
2.Отанды сүю-отбасынан басталады.
3.Еңбегі аздан-өңбек аз.
4.Еңбек түбі-береке,
Көптің түбі-мереке.
5.Талап-талмас қанат.
6.Еріншектің бүгінгіден ертеңі оңай.
7.Ер дәулеті-еңбек.
1.Шешеннің тілі ортақ.
2.Өлімнен ұят күшті.
3.Жігітке 7 өнер де аз.
4.Отан-оттан да ыстық.
5.Үре білу де өнер.
6.Мектеп-кеме, білім-теңіз
7.Татулық-табылмас бақыт.
Әуенді іркіліс
VI. Соңғы бөлімде «Жедел жауап» туры. Оған топтың бар мүшесі қатыса алады. Сұрақ берілген бойда, жауап берілуі керек.
1.Ұлы жүздің биі-Төле би
2.Қойдың пірі-Шопан ата
3.Уық жауып тұратын киіз-үзік.
4.Жақсылықты естірту-сүйінші
5.Ешкінің төлі-лақ
6.Түйені ұстап жүретін жіп-бұйда
7.Жаңа туған нәрестеге, келінге не беріледі-көрімдік.
8.Түйе сүтінен не жасалады?
9.Сабаны неден жасайды? Не үшін керек?- Жылқы терісінен жасалады, қымыз құяды.
10.Қайныларына жеңгелер қандай ат қояды?
1.Орта жүздің биі-Қазыбек би
2.Ешкінің пірі-Сексек ата
3.Керегені жауып тұратын киіз-туырлық.
4.Баланың киіміне берілетін сый-байғазы.
5.Жылқы сүтінен жасалатын сусын-қымыз.
6.Кенже бала отыратын үй-қара шаңырақ.
7.Күйеудің қыз көруге алғаш баруы-ұрын бару
8.Сиыр сүтінен не жасалады?
9.Күбі неден жасалады, не үшін керек? Ағаштан ойып жасайды. Сусын құяды
10.Жеңгелер қандай аттарды қайың сіңлілеріне қояды?
1.Кіші жүздің биі-Әйтеке би.
2.Сиырдың пірі-Зеңгі баба
3.Шаңырақты жауып тұратын киіз-түндік
4.Алыстан келген кісі әкелген сый-базарлық
5.Малдың алғашқы сүті-уыз
6.Ауыл үлкендері жоқтағы-жастар отырысы-бастаңғы
7.Оразада айтылатын өлең-жарапазан
8.Мес дегеніміз неден жасалады, не үшін керек?-Ешкі терісінен жасайды, сусын құяды
9.Ұлттық үй жиһаздары-әбдіре, кебеже, сырмақ т.б.
10.Апаның (қыздың) баласы саған кім болады-жиен
1.Қазақтың бас қаласы-Астана
2.Жылқы пірі-Қамбар ата
3.Әжелердің бас киімі-кимешек
4.Қозы байлайтын жер-көген
5.Ақ тілеу, алғыс-бата
6.Көшіп келген көршіге берілетін ас-ерулік
7.Қыздың ұзатылғанда айтылатын өлеңі-сыңсу
8.Ұлттық ойындар
9.Піспек дегеніміз неден жасалады, не үшін керек-ағаштан жасалады, күбідегі нәрсені пісу үшін керек
10.Қазақша ай аттарын атау:
1.Түнде жілік іздейтін ойын-ақ сүйек
2.Түйе пірі-Ойсыл қара
3.Ұзатылған қыздың бас киімі-сәукеле
4.Құлын байлайтын жер-желі
5.Сәбиді ұйықтататын өлең-бесік жыры
6.Түйе жүнінен жасалатын жаздық киім-шекпен
7.Киіз үйдің құрылысын ата
8.Қой сүтінен не жасалады?
9.Торсық неден жасалады, не үшін керек?-жылқы терісінен жасалады, сусын құяды
10.Қазақша жыл аттарын атау: тышқан, сиыр, барыс, қоян,ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
Әуенді іркіліс