На тему С?йіспеншілік-?мір ?зегі


Сүйіспеншілік-өмір өзегі
 Құндылық: Сүйіспеншілік  
Қасиеттер: Жақсы көру, ізгілік, жомарттық, кішіпейілділікМақсаты: Оқушылардың жақсы көру, мейірімділік,жақсылық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
Білімділік: Әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткіздіру.Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу;
Дамытушылық: Өзіне, ата-анасына, Отанына деген сүйіспеншілікке байланысты ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, жандарын нұрландыру, көңілдерін қуанышқа бөлеу, тәрбиелеу;
Сабақ барысы:  
     І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
5Т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»Әуен: Пионино-мои чувства
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
     Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
    Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
   Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын»
    Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
 Рахмет.
2.Үй тапсырмасын тексеру: 36- беттегі Автор Р.Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін оқу, талдау
Талқылау сұрақтары:
1.«Бәрінің бастауы-Махаббат!» -деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2.Махаббат,жақсы көру неліктен адамның жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
3.Достықтың,сүйіспеншіліктің , яғни, махаббаттың қандай түрлерін білесіңдер?
4.Ал осы жақсылықтың барлығы не арқылы жасалады?
5.Ал сүйіспеншілік, махаббат дегенде ең алдымен кім естеріңізге түседі?
-Дұрыс, АНА  
3. Дәйексөз. 
«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді»
В.Г. Белинский
Дәйексөзді бірнеше оқушыға жеке-жеке және хормен айтқызу, дәптерге көшірітіп, жазғызу.    
 4.Мұғалімнің сыйы «Сүйіспеншілік» бейнефильм
Сұрақтар:
-Балалар осы бейнефильмнен нені түсіндіңдер?
«Ана  махаббаты»(аңыз әңгіме)Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым» десе керек.Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді.Сұрақтар:1) Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді?2) Төле би қолына қылыш алған кездегі мақсаты не еді?3) Оқиғианың сонында не жеңеді?  
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сынып түстер әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр бір топ өздерінің сүйіспеншілік туралы түсініктерін, оның өмірдегі көрінісін плакатқа коллаж арқылы жасайды. Әр топта жұмыс істеу материалы әр түрлі болу керек:1 топ – әр түрлі түймелер, ине-жіп, замок, биссер, су моншақ және т.с.с.2 топ – газет-журналдардан сурет қиып алып, желіммен жапсырады.3 топ – түрлі-түсті қағаздардан апплекация жасайды.Қорытынды: Осы шығармашылық жұмыс барысында біз шабыттана түстік. Өз арман-қиялымызды жарыққа шығара алдық. Ең бастысы біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен сыйластық таныта отырып, ортақ нәтиже шығара алдық. Ендеше әр күнде осы бір сүйіспеншілік сезімін жүрегімізде сақтап жүрейік.
Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді  хат арқылы жолдайық. Оқушылар осы хатты сыныптағы почта жәшігіне салады. Осы жазған хаттарды ата аналар жиналысында аналарына беремін. 1-2 оқушыдан оқытамын.
 
6.Топпен ән айту «Ана туралы жыр»
Сөзін жазған: Ғ.Қайырбеков
Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов  
7.Үй тапсырмасы «Отан сүйер ұлан бол!» мәтінін оқу, Отан қорғаған ерлердің ерлік істерін еске түсіріп, мысал келтіру.
Б.Момышұлы туралы мәліметтер оқып келу.
 
8.Соңғы тыныштық сәті: (Жайлы, баяу музыка ойнап тұрады)
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.