С?йіспеншілік ?мір ?зегіатты саба? жоспары


Пән: Өзін – өзі тану
Тақырып: Сүйіспеншілік – өмір өзегі
Сынып 5 «Ә»
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, махаббат, қарапайымдылық, шынайылық, адамгершілік
Мақсаты:Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау.
Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру.
Міндеттері:
–   Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән- мағынасын түсіндіру;
– Жақсылыққа ұмтылу, пейіл мен ниет тазалығы, адалдық, сенім, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту;
– Оқушыларды өз Отанын, жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын Риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер) дәйексөз жазылған плакат, дәптер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздермен «Өзін-өзі тану» пәнінің кезекті сабағында кездескеніме өте қуаныштымын.
Қане, балалар 5 «Т» ережесін еске түсірейік
Тыныштық сәтi.
Су асты патшалығына ойша саяхат.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Жаттығу кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?
Қандай сезім пайда болды?
Нені елестете алдыңыз? Сабақ барысын талқылау:
(5 минут)
Үй тапсырмасын тексеру.
Р.Рожденстсенскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін оқып талдаудатамын.
«Бәрінің бастауы – Махаббат!» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл
қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байланысты.
Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата – анаңның қуанышында шек болмайды. Ал сендералғаш рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын, мейірлеген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді. (4 минут)
Жаңа тақырыпқа шығу
Бейнежазба арқылы жаңа тақырыпқа шығу «Ана мен баланың арасындағы махаббаты» (3 минут)
Дәйексөз:
«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді»
В.Г.Белинский
В.Г.Белинскийдің бұл дәйек сөзін қалай түсінесіз?
Сүйіспеншілік сөзің қалай түсінесің? (5 минут)
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы
Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде олар алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғанғандарын айта бастады.- Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым,- деді біріншісі.- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,- деді екіншісі.- Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым,- деді үшіншісі.- Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,- деді төртіншісі.- Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,- деді бесіншісі.- Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,- деді алтыншысы.Жетінші қызы үндеген жоқ.Ол шешесінің аяқкиімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.
- Қай қыздың әрекеті дұрыс деп ойлайсындар?- Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіреді?- Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер? (10 минут)
Шығармашылық іс әрекет, топтық жұмыс
І топ Анамызға арнап, өзіміздің ішіміздегі білдіре алмай жүрген риясыз сүйіспеншілігімізді  хат арқылы жолдайық. (Балалар  хатты сыныптағы почта жәшігіне салады. Сол хаттарды ата-аналар жиналысында беріліп,  аналары өз ойлары мен бөліседі).
Аналарынан басқа сүйіспеншіліктердінді кімге? Неге? Көрсете аласыңдар?
ІІ топ Ана туралы мақал – мәтел
ІІІ топ Анаға сүйіспеншілігінді көрініс арқылы көрсету
IV топ Ана туралы өлең шығару (10 минут)
Топпен ән айту.
Ана туралы жырӘлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арналған.
 
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы:
 Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимынЕте гөр қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза, анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арналған әнімді қосып ал. (5 минут)
Үй тапырмасы 38 бет үзіндіні оқу, сұрақтарға жауап беру (2 минут)
Тыныштық сәті
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін көп рахмет! (1 минут)