С?йіспеншілік — ?мір ?зегі


Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ
Тақырыбы: «Сүйіспеншілік – өмір өзегі»
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Абдукаликова З.А.
5«ә» - сынып
Ынтымақ, 2016
Өзін-өзі тану
Мұғалім: Абдукаликова З.А.
Мерзімі: Сынып: 5
Тақырып: Сүйіспеншілік – өмір өзегі
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: Отансүйгіштік, ізгілік, жақсы көру
Мазмұны Ресурстар:
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру
Міндеттері:
«жақсы көру», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
сүйіспеншлікпен қарым-қатынас жасауға баулу;
оқушыларды туған елін, жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу
Оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта
«Күн нұры»
әуені, видео, А4, гезет, желім, қайшы, аудио
Сабақтың барысы: Ескертулер
Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу;
оқушыларды түгендеу
Жағымды көңіл-күйге келу: «Күн нұры»
-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.-Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Релаксация жасау
Үй тапсырмасын тексеру:
«Анама хат» сүйіспеншілік хатын жазып келу Хат жазу
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың тақырыбын балалар өздері «4 сурет 1сөз» ойыны арқылы анықтайды.
Анықталған «Сүйіспеншілік» сөзін, 3 тілде айтып шығып, дәптерлеріне жазып алады. «Сүйіспеншілік – Любовь - » Hооk – гарпун
дәптермен жұмыс
Жағымды ой-пікір (дәйексөз):
Оқулықта берілген дәйексөзді талқыламас бұрын, оқушылардан «Отан» туралы қандай нақыл сөздер мен мақал-мәтел білетіндіктері сұралады. Содан соң, бір бала оқулықтағы дәйексөзді дауыстап оқып, оны барлығы хормен қайталап айтады.
«Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды»
Байрон
Дәйексөздің мағына сұралып болған соң, мұғалім оқушылардың сөзіне қорытынды жасайды.
Дәйексөзді   дәптерлеріне  жазып  алады.
Мұғалім сыйы:
Бұл айдарда оқушыларға «Көк Ту және достар» тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі. Видео тамашалау
Әңгімелесу:
- Видеодан сүйіспеншіліктің қандай түрлерін, қандай көрініс арқылы байқадыңыздар?
- Отанға деген сүйіспеншілік сезімдеріңізді қалай білдіресіздер?
Сұрақтарға жауап берген соң, алған білімдерін толықтыра тиянақтай түсі үшін жұмысты шығармашылық жұмыста жалғастырады. Сұрақ-жауап
Шығармашылық жұмыс:
1-топ: «Риясыз сүйіспеншілік» тіркесіне ребус құрау
2-топ: Синквэйн әдісі бойынша «Отан» ұғымына бес жолды өлең құрайды
3-топ: Екі сабақтың қорытындысын жасайтын түйінді ой айту. Ол үшін балаларға газет, желім, А4 қағазы, қайшы беріледі. Түйінді ойдың сөздерін газеттен қиып алып, құрастырулары қажет.
ребус, синквэйн, мозаика
Үй тапсырмасы:
«Мен елімді сүйемін» тақырыбында фото-коллаж жасап келу.
(Ескерту: Жамбыл ауданының тарихынан) фото-коллаж
Топпен ән айту
АтамекенӘнін жазған: Ескендір ХасанғалиевСөзін жазған: Қадыр Мырза ӘліЖасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.Маңдайымнан сипап өткен самалдыҚазағымның алақаны деп білем.Қайырмасы:Қайда жүрсем атамекен,Көкейіңде жатады екен.Күннің өзі қимай оныҰясына батады екен.Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесінҚазағымның махаббаты деп білем.Қайырмасы: Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.Асқар тауын аспаныммен астасқан,Қазағымның мәртебесі деп білем.