?аза? ?дебиетінен емтихан билеттері


А.М.Горький атындағы мектеп-лицейіТақырыбы: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шопанова Айболған Сабақтың мақсаты: оқшау сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту; оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, топпен жұмыс жасауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін шыңдауға баулу; Білімділік оқушыларға оқшау сөздің түрлері қаратпа, қыстырма, одағай сөздер туралы жан-жақты мағлұмат беру, жай сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып қолдана білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру; Дамытушы-лық Тәрбиелік Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, тест, сатылай кешенді талдау.Сабақтың көрнекілігі: интер тақта, слайд, кеспе қағаздары, тірек сызба, сурет;Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңіА) оқушылармен сәлемдесіп, қажетті оқу құралдарын дайындау. Үй тапсырмасын сұрау Зат есімСын есімСан есімЕсімдікЕтістікҮстеуЕліктеу сөзШылауОдағай Ал балалар, балаларБәрің бері қараңдар.Шын көңілмен назар сапОқысаңдар сабақтыСендерден шығар даналар,- деп балаларға үлкен сенім артып, жауапкершілік жүктей отырып, ашық сабағымызды бастаймыз. Оқшау сөз Сөйлем құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін, яғни сөйлем мүшесі бола алмайтын мүше. Қаратпа сөз Қыстырма сөз Одағай Қаратпа сөз Анықтамасы: сөйлеушінің біреуді өзіне қарату үшін немесе назарын аудару үшін айтылатын сөз. Қаратпа сөз болатын мүшелер: 1.Адамның аты-жөні, кім? деген сұраққа жауап беретін зат есімдер. 2.Реттік мәнді зат есімдер (шырағым, қалқатай, ботақан, сәулежан, т.б.) 3.Не? деген сұраққа жауап беретін ел, жер, дала, Отан, сондай-ақ дерексіз зат есімдер (өлең, сезім, көңіл, ой, т.б.) жұмсалады. Тыныс белгілері: 1.Сөйлем басында келсе одан кейін үтір не леп белгісі қойылады. Мыс: 1.Туған елім,жасай бер, жаса! 2.Айман! Бері кел. 2.Сөйлем ортасында келсе екі жағынан, соңында тұрса алдынан үтір қойылады. Мыс: 1.Айт,балам, өзің үшін күрес. 2.Ауылдың шетіне кеп қалдық па, жігіттер. 3.Сөйлемде одағай, қаратпа, қыстырма сөздер қатар келсе арасы үтірмен бөлінеді. Мыс: Япыр-ай, меніңше, Қанат, сенікі дұрыс емес. Қыстырма сөз-сөйлемдегі ойға, айтылу мәніне жазушының, сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз. Қыстырма сөздің мағыналары: 1. Ойдың, пікірдің, сөздің айтылу амалын, тәсілін көрсетеді (қысқасы, былай айтқанда, демек, ендеше, т.б.) 2. Пікір, ойлардың өзара қатынасын білдіреді (біріншіден, ақырында, соңында, мысалы,т.б) 3. Ойға басқа біреудің немесе айтушының пікірі тұрғысынан қарайды (сіздіңше, біздіңше, меніңше, мен білсем, оның айтуынша, т.б.) 4. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді (амал қанша, несін айтасың, т.б.) 5. Ойға, пікірге жорамал жасау мағынасында болады (әрине, әлбетте, рас, сірә, мүмкін, шамасы, расында, т.б.) Одағай-сөйлемдегі айтылған ойдың түрлі көңіл-күйі, сезімін білдіретін сөз. Одағайдың ерекшеліктері:Адам көңіл-күйінің құбылып, ауысып тұруына қарай бір одағайдың бірнеше мәнде, мағынада жұмсалуы мүмкін. Мыс: Пәлі, жақсы болған! Пәлі, бұнысы адамшылыққа сыймас.Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен байланыспай, оқшауланып, бөлініп тұрады. Мыс: Айпыр-ай, басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем! Одағай мағынасына қарай Көңіл-күй одағайы Жекіру одағайы Шақыру одағайы Пәлі, алақай, аһ, қап, ойбай,пай-пай, т.б. Тәйт, тек, жә,т.б. Кә-кә, құр-құр, шөре-шөре, көс-көс, т,б. Қаратпа сөз Қыстырма сөз Одағай Бәрекелді, қарағым, өркенің өссін! Тәйт, бұл не деген бассыздық?! Қысқасы, осымен аяқталды. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Бұларды,әрине,осы жерде жасауға болмайды. Қап, бәлем, сені ме? Меніңше, оның сөзінің жаны бар. Ұялма, балам, жоғары шық. “ҚАЗАҚСТАН” және “МАҢҒЫСТАУ” сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыздар. Сурет сыры “ҚАЗАҚСТАН” тобына “МАҢҒЫСТАУ” тобына Суретке қарап оқшау сөздері бар мәтін құрастырыңыздар. 185-жаттығу. Берілгені: Мына сағыныш, айналу-толғану сөздерін қаратпа етіп алып, бірнеше сөйлем жазыңыз. 1.Айым. 2.Айналайын. 3.Ақ ботам. 4.Ботақаным. 5.Ақ тайлағым. 6.Күнім. 7.Күнім-ай. 8.Қалқам. 9.Қалқам-ай. 10.Жарығым. 11.Жарығым-ай. 12.Қоңыр қозым. 13.Қуатым. 14.Қуатым-ай. Ақыл бізді білімге жетелейді. Құтып 1. Одағай сөзді табыңыз. А) Амал қаншаВ) СірәС) БаламД) СаматЕ) Бәрекелді2. Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз. А) Алмас, екеуіміз баққа барайық. B) Алмас екеуіміз баққа барайық. C) Алмас екеуіміз, баққа барайық. D) Алмас екеуіміз баққа, барайық. E) Алмас екеуіміз! баққа барайық. 3. Одағай сөзді табыңыз. А) ҚарағымВ) ПәліС) ӘринеД) БәсеЕ) Меніңше4. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Асан, сенің бүгін кешке қолың бос па? А) Қаратпа. B) Қыстырма. C) Одағай. D) Еліктеу. E) Бірыңғай мүше. 5. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз. Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар. А) Музыканың. В) Дауысын. С) Қойыңдар. D) Балалар. Е) Жай. 6.Қыстырма сөзі бар сөйлемді анықта А) Жарайсың, бауырым!В) Жә, жетер енді.С) Әрине, мен болмасам бола ма?Д) Атаңның емес, адамның баласы бол, қарағым.Е) Сенің озарыңды білгем, балам-ау.7. Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздерді көрсетіңіз. А) Одағай сөздер. В) Жалпылауыш сөз.С) Қыстырма сөздер. D) Айтқындауыш. E) Қаратпа сөздер. 8. Көңіл – күй одағайын табыңыз. А) Пырс В) ТекС) Көс-көсД) Қап. Е) Жә9. Түрленбейтін сөзді табыңыз. А) Одағай. В) Зат есімС) Сын есімД) Сан есімЕ) Есімдік10. Қаратпа сөздер қандай сөздер тобына жататынын белгілеңіз. А) Қыстырма сөздер тобына жатады. В) Одағайлар тобына жатады. С) Біріккен сөздерге жатады. D) Қысқарған сөздерге жатады. Е) Оқшау сөздер тобына жатады. Е АВ А ДС Е Д А Е Дұрыс жауаптары: Білемін Білдім Білгім келеді 1. 2. 3. 4. 5. 6. Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына. Оқи бергін, талпынып оқи бергін,Жетерсің сен сонда мақсат таңына! Ж.Баласағұн. Оқушы өз бетімен жұмыстанды. Сөйлемге сатылайкешенді талдау жүргізе білді. Терең ойлап,еркін сөйлей білді. Жаңа ақпараттаржинады. Бекіту сұрақтары Оқшау сөз дегеніміз не?Оқшау сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысал.Қыстырма сөз дегеніміз не? Мысал.Одағай дегеніміз не? Мысал.Одағайдың неше түрі бар? 186, 187 жаттығулар