Ашы? саба?. Та?ырыбы: «То?ыз??мала?» ойынды жазып ойнау т?ртібі ж?не тиімді отаулардан т?зды? ашып,оны тиімді пайдалану.


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
« И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.
І санаттағы дене шынықтыру мұғалімі: Тынысбаев Серік Ағланбекұлы

Сабақ жоспары
Сыныбы: 7
Өтілу мерзімі:11.02.2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ» ойынды жазып ойнау
тәртібі және тиімді отаулардан тұздық ашып,оны тиімді
пайдалану.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру.
- Логикалық ойды жетілдіре түсу.
- Тез шешім қабылдауды үйрету, ой санасын шынықтыру.
Сабақтың міндеті: Ұлттық ойынды насихаттау.
Құрал- жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақтасы.
Дайындық бөлім
Оқушыларды ойынға отырғызып,тоғызұмалақ тақтасын
ашып, әр отауға тоғыз-тоғыз құмалақтан салып, негізгі
бөлімге ауысу.
Негізгі бөлім.
Оқушыларға тұздықты тиімді отаудан ашу тәсілдерімен және оны
пайдалану тәсілдерімен таныстыру.
Тоғызқұмалақ ойынның барысы шахматтағы сияқты басынан
аяғына дейін жазылып отырады.Мысалы 73 саны
жазылса,ондағы 7х тұздық отаудың реттік саны да,3-сол отаудағы
құмалақ саны.Тұздық алудың мақсаты,әрбір жүріс сайын отауға
түсетін құмалақты,өз қазандығына салып отырады.Тұздық тек 9-
шы отаудан және қарсыласы ашқан отаудан ашылмайды.Тұздық
ойында бір рет алынады.Тұздықты қарсыласы 1-2 отаудан
ашса,онда оған қарсы 7-8 отаудан отаудан ашқан тиімді
болады. Ойынды жазып ойнағанда мысалы: 711 саны
жазылса,ондағы 7 отаудың реттік саны да,11-сол отаудағы құмалақ
саны.Енді осы саннан кейін сызықша арқылы қарсыласының жүрісі
жазылады.Мұнда да отаудың реттік саны мен сол отаудағы
құмалақ саны жазылады.Сонда бірінші жүріс шамамен былай
болады 711-815.815-қарсыластын жүрісі:15құмалағы бар 8-отаудан
басталған жүрісі болады.
Қорытынды бөлім
Оқушылардан өтілген сабақты пысықтап,белсенді қатысқан
балалардың есімдерін атап,тақталарды жинап, үйге
тапсырма беру.