Домбыра ойнау ?неріні? тез ойнау т?сілі — санды? т?сіл


Домбыра ойнау өнерінің тез ойнау тәсілі - сандық тәсіл
Домбыра үйірмесінің басты мақсаты : 1) жасөспірімдерге домбыра үнімен, домбыра сарынымен тегін білуге үйрету;
2)Халқымыздың баға жетпес қазынасы, ата-баба мұрасы – күйді насихаттау. 3)Нотасыз домбыра тартып үйретуге баулу.
Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен қымбат қазынасына айналдырған ұлттық музыкалық өнері болады. Ол негізінен вокальді және аспапты болып екіге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар –халық , сол халык арасынан шыққан композиторлар. Қазақ халқының аспаптық музыкасына күйлер жатады. Күй сазы ғасырлар үнін, өмір – тынысын, халық арманын, қуаныш- күйінішін баяндайды. Күйлердің сазы жырда емес, әнде емес, жай сөйлемдер сияқты сазды үнмен баяндалып тұрған, мән мағыналы ырғақтар ғана. Домбырада тартылып жүрген қазіргі күйлердің сарын-сазында негізгі екі түрлі түр-сипат қалыптасқан. Бүгінде күйшілік өнерде шертпе күй, төкпе күй деп жүргеніміз осы.
Енді нотасыз сандық тәсілге келсек өз тәжірибемде домбыра аспабында нотасыз сандық тәсілде үйренуді қолданамын. Қосымша білім беруде бұл әдістеменің жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол. Сандық әдісті домбырада кең көлемде насихаттап келеміз. Сандық тәсілді әркім өз түсінігімен пайдаланып жүзеге асырып жатыр. Музыкалық білімі барлар және домбыраны тұңғыш қолына ұстағандар сандық жүйені тез ұғынып, бірден күй тартып кете алады. Мысалы: өнер мектептерінде күйді нотамен үш-төрт айда үйренсе, сандық тәсілмен үйірмедегі балалар бір айда толық тез үйреніп алады.
Сандық жүйенің жазылу ерекшелігі мыс; төмен - жоғары қағыс бағыттары таңбаланып астыңғы - үстіңгі пернелер саны көрсетіледі. Қағыстың үстіне пернелерді қай саусақтармен басу керектігін білдіретін белгі қойылады.
Сандық жүйенің жазылу белгісі
ПVПV қағыстар
2 2 2 2 астыңғы ішектегі пернелер
0 2 0 2 үстіңгі ішектегі пернелер
0 - Ашық ішек
б - Бас бармақ
П - Төмен қағыс
V - Жоғарғы қағыс
Әнді үйренгенде бірінші астыңғы шекті үйреніп алғасын, үстіңгі ішекті қосып үйренеміз. Бармақтың қай пернені басу керектігін түсіндіреміз.
«Біз өмірдің гүліміз әнінің» астыңғы ішекте орындалуы:
ПVПV ПVПV ПVПV ПVП
7 7 4 4 5 5 2 2 0 2 4 5 7 7 7
қос ішекте орындалуы:
ПVПV ПVПV ПVПV ПVП
7 7 4 4 5 5 2 2 0 2 4 5 7 7 7
5 5 5 5 5 5 0 0 0 0 5 5 5 5 5
Күйді үйренгенде қағысын, өлшемін, екпінін түсіндіріп аламыз. Тактіге бөліп, талдап ойнаймыз. Бірнеше бөліктерге бөліп ойнап, игере алмаған тұстарын жаттығу ретінде үйретіп, күйдің бас буынынан кейін бірінші, екінші деп жаттығуды ойнатса, оқушылар күйді тез меңгеріп алады.
жаттығу:
ПVП VV ППVV ППVV
55 5 5 5 5 9 7 5 4 7 7 4
77 7 7 7 7 7 7 7 5 5 5 5
2-жаттығу:
ПVП VV П П VV
7 7 7 7 9 10 7 9 7
7 7 7 7 7 7 7 7 7
Қорыта келе, сандық тәсіл арқылы домбырада ойнау арқылы адамның ішкі сезімін үн арқылы оятып, оның есту қабілетін арттыруға болады.
Алдымызға келген оқушыны ұлттық өнерге тартып, тәрбиелеу - басты парызымыз. Домбыра өнері арқылы тәрбиеленген жас ұрпақ парасатты тұлға болып өсетіні анық.