Т?рбие са?аты Имандылы? — ?лтымызды? болаша?ы


Алтайбаева Гулимжан Кенжетайкызы,
бастауыш сынып мұғалімі, Жарық ЖОББ мектебі
С.Сейфуллин кенті, Шет ауданы, Қарағанды облысы
Ашық тәрбие сағаты 3 сынып
Тақырыбы: Имандылық - ұлтымыздың болашағы
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. Дүниетанымдарын молайтып, ойлау қабілеттерін шыңдау, өз пікірін жеткізе білуге үйрету. Иманды ұл, инабатты қыз болуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеуКөрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі, қанатты сөздер, бейнежазба, «Жақсылық тамшылары».
Дереккөздер: ғаламтор желісіӨткізу түрі: Рухани адамгершілік қағида. Барысы:
1. Кіріспе: Мұғалім сөзі.2. «Имандылық» сөзіне ассосация құру.3. Мұны білесің бе?4. Хадистер. Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздері.5. Адамның сөзі – ақылының таразысы.6. Жаман әдет жақсы ат әпермейді.
7. Шығармашылық жұмыс «Жақсылық тамшылары» 8. Осы сабақтан қандай пайдалы ой түйдіңіз?Түсінгенім...1. Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Рахымды алланың атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор. Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөз бар.2. Ой шақыру: Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
100584065532000254889070294400333946660769500352996525400000291084063500001196340303530001005840473075001196340-3175001434465198120ИМАНДЫЛЫҚ
00ИМАНДЫЛЫҚ
Сабырлы болуМейірімді болуӘдепті болу Қамқоршы Төзімділік Шыншылдық Отансүйгіштік Арлы болу
Мұғалім: Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман-жүректегі нұр. Нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық. Қазіргі зайырлы, өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.3. Мұны білесің бе?1. Исламның қасиетті кітабы... (Құран Кәрім)2. Үш арсызды ата... (ұйқы, күлкі, тамақ)3. Үш байлықты ата... ( денсаулық, ақ жаулық, он саулық)4. Бес дұшпаныңызды ата... (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)5. Мұсылманның бес парызын ата ...(куәлік сөзі, намаз, ораза, зекет беру, қажылыққа бару)6. Жеті атаңды білесің бе?... (әр оқушы айтады)Мұғалім: Ислам - қайырымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас тағы басқа маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Хадис - Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран - Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, инабаттылық, имандылық, адамгершілік ережелері жинақталған.4. Хадистер1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.2. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлеуді бұйырады, себебі: әйел - анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.5. Алғыс алған алтынға жолығады, қарғыс алғанның аты жоғалады.6. Күнәлардың үлкені ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, яғни ата - ананы ренжітуден аулақ болуымыз керек.5. Адамның сөзі - ақылының таразысы.Адам жас кезінен дұрыс, әсем сөйлеуге дағдылану керек. Олда адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Аузыңнан шыққан әрбір сөзге о дүниеде есепке тартыласың, сондықтан бос сөз, бөстекі әңгімелерге салынбауы тиіс. Сондай - ақ сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай, шұрайлы тіркестер қолдана біл.Сөз сөйлеу әдебі. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.1.Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.2.Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.3.Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. 4.Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.5.Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.
Мақал - мәтелдер- Жақсы - байқап сөйлер, жаман - шайқап сөйлер.- Тілден бал да тамады, зәр де тамады.- Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.- Ұялмас бетке – талмас жақ бітеді.- Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.6. Жаман әдет жақсы ат әпермейдіМұғалім: Жаман әдет дегеніміз - сырт көзге ұнамсыз, моральдық этика нормаларына сай келмейтін, көп жағдайда зор өкінішке ұласатын жағымсыз қылықтар. Жаман әдет жұқпалы. Нашар әдет қайдан жұғады? Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?
Көрініс: «Күлмеңдер кәріге». Қатысушылар: Әкесі, үш баласы, қарт кісі.1. Әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білу керек. Яғни, мен қателеспеймін деген ойдан барынша аулақ болу керек.2. Бойыңда бір жаман дағды пайда болса, бүгіннен бастап күрес, ертеңге қалдырма.3. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену.
7.Шығармашылық жұмыс«Жақсылық тамшылары»
Оқушыларға тамшылар таратылып беріледі де, әр тамшыға жасаған жақсылықтарын жазып, тақтадағы ақ параққа ілу керек. Олар жазғандарын оқып, жариялайды. Тамшылар жиналып үлкен көлге айналды деп қорытындылау.
8. Осы сабақтан қандай пайдалы ой түйдіңіз? Түсінгенім...Түсінгенім.... Жақсылығыңды аяма, қалғанын өздері біледі.Түсінгенім.... сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір - ақ сәт.Түсінгенім.... ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін, оларды кешіре білу керек.
Түсінгенім.... кейде біреуді кешіру жеткіліксіз, өзіңді де кешіре білу керек.
Хор: «Аллаға шүкір» ҮІІІ. Қорытынды «Ой қорыту»
Мұғалім: Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шарамыздан не түйдік? Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.