?аза? тілі С?з ??рамы туралы берілген білімді еске т?сіру


Тақырыбы: Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру
Сабақтың мақсаты:
1)Оқушыларға сөз құрамы туралы 2-сыныпта берілген білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу;
2)оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; 3)адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 12-жаттығу, 123-бет. Сөздерді оқы. Бұлар құрамына қарай қандай сөздер?
Сөздерді сызба бойынша өзгертіп жаз.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.
Құлақшын Жұрнақ
Әнші
Қалаға Жалғау
Жазуды
Сөздердегі қосымшаның қайсысы жұрнақ, қайсысы жалғау екендігін табу.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс,
ә)дәптермен жұмыс
б)Күн ретін жазу.
в)Көркем жазу
Дд Дд Дд Дд Дд
Жж Жж Жж Жж
Юю Юю Юю Юю
195453050609500222250586740001-жаттығуда берілген өлеңді оқып қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, оларды тиісті бағанға орналастыру:
868045209550010966451905000 463550-24765007035807810500 1115695501650054419550165007727955016500188595-5143500
машина, металл, сен,кіміскер, жұмысшыжолға, машинаны, зауыттаТеңізшінің2-жаттығу берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат, қай сөзде бір ғана қосымша, қай сөзде екі қосымша бар екенін анықтау. Қалаған 2-3 сөздермен сөйлем құрастыру.
Бір қосымшасы бар сөздерЕкі қосымшасы бар сөздерҚұлақшын, әнші, биші, жұмыстан, дәптерлер, мектепкеҚұлақшындар, әншінің, бишіге, жұмысшыны, жұмысшылар, теміршілер, қалаларға, білімді, орындаушылар.
3-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде оорындау.
1.Сергіту сәті:
Ақ қоян – ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Айнға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы
2. Шығармашылық тапсырма72136030988000
14503402667000117348026670000
2311400222928012477751473200015354741581740721360366395007213602667000
130155816660600
2311651228583130111522817000715645400050079565435010600
3311112150938231165115093801534795141605012471401390650
ҮІ. Бекіту: 5-жаттығудағы жаңылтпашты оқып,жатқа жазу. Сөздерді түбірі мен қосымшаға ажыратып, тиісті белгімен дәлелдеу. Ребусты шешу: егіншілер.
Күзде егіншілер егін орды.
ҮІІ. Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Сөз неден құрылады?
Сөйлем неден құрылады?
Мәтін неден құрылады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 121-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау