Ашы? саба? ?аза? тілінен Сан есімді ?айталау (6- сынып)


Мерзімі:
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
2. Тәрбиелік:топпен жұмыс істеу арқылы бірлікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, елжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: грамматикалық сауаттылығын арттыру, талдау түрлеріне
дағдыландыру, ойын, тілін нақты көркем әсерлі етіп жеткізуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сынып тазалығын бақылау
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқу құралдарын дайындау
в) зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.
1.“Ғасырдың ғажап азаматы” тақырыбында сан есімдерді қатыстырып, мәтін жазу.
2. Талдау жұмыстары.
3. Топтастыру стратегиясы


Сан есім



Кім көп біледі? (сұрақ-жауап)
ІІІ Деңгейлік тапсырмалар
1-топ. Сөйлем мүшесіне талдау
Мемлекетіміздің астанасы 1997 ж. Астана қаласына көшірілді.
2- топ. Сан есімге сатылай морфологиялық талдау.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.
3- топ. Сан есімге фонетикалық талдау.
ХХІ ғасыр – білім ғасыры.
ІҮ Сөз құрамынан сан есімдерді тауып цифрмен жаз.
1-топ. Түбір, кекіл, күшік, Төрткүл, қонақ.
2-топ. Дербес, балтыр, жетік, сегізкөз, бесік.
3-топ. Тоғызқұмалақ, қырықаяқ, алтыбақан, жүзік, бірлік.
Ү. Сәйкестендіру
1- топ тоқсанға жуық
төртеу
мыңға тарта
алтау
Жинақтық жүз шақты Болжалдық
сан есімі отыз бестей сан есімі
жүздеген
елулеп
жетеу
бес-алты
2- топ бес-бестен
оннан екісі
жүзден
Топтау үштен Бөлшектік
сан есімі үштен екісі сан есімі
екіден
үштен бірі
сегіз-сегізден
3- топ екінші
он үш
тоқсан
Есептік елу бірінші Реттік
сан есімі жетінші сан есімі
алпыс
жиырма бес
тоқсаныншы
тоғыз жүз
жүз екінші
ҮІ ГРАФИКАЛЫҚ ДИКТАНТ 1 - топ
№ Тапсырма дұрыс қате
1 Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады 2 лаған,- леген, -даған,- деген
болжалдық сан есім 3 Мен 6-сыныпта оқимын
(сан есімнің емлесі) 4 Екі, он, жиырма
туынды сан есімге жатады 5 Сан есім құрамына қарай
екіге бөлінеді 6 Бес-алты, жүз шақты
дара сан есім 7 Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғау дефис арқылы жазылады 70-ке, 10-нан 8 Жиырмаларда – есептік сан есім ҮІ ГРАФИКАЛЫҚ ДИКТАНТ 2 - топ
№ Тапсырма дұрыс қате
1 Сан есім қандай? сұраққа жауап береді 2 Күрделі сан есімдер қосарлану, тіркесу арқылы жасалады 3 Сан есімнің мағыналық түрі -екеу 4 Жетінші-реттік, күрделі сан есім 5 Жинақтық сан есім нешеу? деген сұраққа жауап береді 6 Шамалы, шақты көмекші сөздері реттік сан есіммен тіркесіп келеді 7 Екілерде-болжалдық сан есім 8 Есептік сан есім қанша? неше? деген сұраққа жауап береді ҮІ ГРАФИКАЛЫҚ ДИКТАНТ 3 - топ
№ Тапсырма дұрыс Қате
1 Сан есім мағынасына қарай үшке бөлінеді 2 Жинақтық сан есім жұрнағы –ау, -еу 3 Бес-бестен болжалдық сан есім 4 Он шақты болжалды сан есім 5 Жиырма екінші – реттік күрделі сан есім 6 ХХІ ғасыр – білім ғасыры 7 қаншадан? нешеден? топтау сан есім сұрағы 8 2,3 саны реттік сан есім ҮІІ Бой сергіту
“Кім жылдам” ойыны
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
2. Жеті атаңды ата.
3. Ата Заңымыз қай жылы қабылданды?
4. Жеті қазынаны білесің бе?
5. Төл теңгеміз айналымға қашан енді?
6. Сыңар, жалғыз, жеке – сөздерінің синонимі қай сан?
7. 50 саны жүздің неше бөлігі?
8. Үш арсызды ата.
9. ҚР Президенті қай жылы сайланды?
10. Қыс айлары жылдың қанша бөлігін қамтиды?
ҮІІІ Сабақты бекіту
Семантикалық кесте
Сандар есептік реттік жинақтық болжалдық топтау бөлшектік
Отыз шақты 20- үй Екеу Бес-бестен Бір жарым Он үй Үйге тапсырма
Көркем әдебиеттен бес сөйлем жазып, морфологиялық , фонетикалық талдау.Құрамында сан есімдер бар мақал - мәтелдер жаттау.
Оқушыларды бағалау