Саба? жоспары ?аза? тілі п?нінен 3-сынып С?з таптарын еске т?сірейік


Күні: 03.11.2015ж
Мектеп: №7 мектеп-гимназиясы
Пән : қазақ тілі
Сынып: 4Б
Мұғалім: Қашқымбаева Назгүл
Әдіскер: Жахметова Б.К.
Машықкер: Қуанышбекова Г.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсірейік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Сөз таптары туралы түсінік беру. Оқушыларды сөз таптарына талдай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын,байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі: қайталау, еске түсіру
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,талдау.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
Сәлеметсіңдер ме балалар!Бүгінгі еңбек сабағынан мен беремін.Менің аты-жөнім Қуанышбекова Гүлсая Жеңісқызы
Психологиялық дайындық.
Психологиялық тұрғыдан дайындау.
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің сабағы
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау, назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Қысқарған сөздер дегеніміз не?
ББҰ, пед кеңес, ҰБТ, МАБ, км, дм, ц қалай оқылады?
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөз таптарын еске түсіру
Көркем жазу минуты. Сс
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу.
«Алма теру » ойыны.
Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
Кім? Не?
Кімдер? Нелер? Қанша? Неше? Нешінші? Қандай? Қай ? Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Дәрігер, торғай, оқушы, дала, зейнеткер, өзен Үш,алтыншы,тоғыз,
он дәптер,қырық жеті, алпыс, екі. Кіші, қызыл, кішкентай, сыйлы, мейрімді, сабырлы. Әупілдейді, ұшады, мекендейді, секірді, кіріп келді, жарысты.
2-жаттығу. Шағармашылық тапсырма
Айналаңа мұқият қара. Сыныпта сені кімдер және нелер қоршап тұр? Адамдардың ,заттардың, оқу құралдарының, жұмыс түрлерінің, адамдардың көңіл күйін білдіретін зат есімдерді мүмкіндігінше көбірек ата. Жазуды жалғастыр.
Мұғалім,қыздар, ......
Тақта,үстел,.......
Математика,......
Есеп,......
Қуаныш,...
Дыбыстық талдау жасау Тақта. Қыздар. Қағаз. Сағат.
Ү. Сергіту сәті:
Қошақандар ұйықтап жатыр,
Тұрды, керілді, созылды,
Қайтадан дұрысталып отырды.
3-жаттығу. «Кім жылдам?»
Әрбір зат есімге қимылды білдіретін сөздерді көбірек таңдап жаз.
Бала (қайтеді?)......
Құс .......
Балық.....
Қар........
Ағаш.....
Сатылай кешенді талдау «Орманда»
5-жаттығу. Өздік жұмысы:
Сұрақтарға жазбаша жауап бер. Қандай жауаптарда есетік сан есімді, қандай жауаптарда есептік сан есімді,қандай жауаптарда реттік сан есімді қолданасың?
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
« Кім тапқыр » ойыны
Сөз таптары Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
Алма Барды Жеті Қызыл Тарақ Оқыды Қоңыр Он ҮІІ. Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысып отқан балаларды бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу. 81 бет. Ертегіні оқы. Сын есімдерді байланысып тұрған зат есіммен бірге теріп жаз. Сан есімге сұрақ қой.
Мұғалім:
Әдіскер:
Баға: