?ыс?а мерзімді жоспар Гиннес кітабына кірген ?аза? Н?рт?ре Ж?сіп


№2 сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы 2 «Д» пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Гиннес кітабына кірген қазақ Нұртөре Жүсіп
Сабақтың мақсаты: Гиннес кітабына кірген қазақ кім екені туралы түсіндіру.Т.Әубәкіров туралы мағлұмат беру.Ғарышкерлер туралы айту.
Көрнекі құралдар: Оқулық,ғарышкерлердің суреті,АКТ,зымыранның суреті,стикер,А4 парағы.
Негізгі идеялар: Сабаққа қызығушылығы артады,білім деңгейі жоғарылайды.
Күттілетін нәтиже: Жаңа сөздерді меңгереді,жаңа сөздерді байланыстыра отырып,мәтін құрастыра алады.Ойларын нақты жеткізеді,бірлесіп жұмыс жасай алады.
Уақыты Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 минут Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар сәлемдеседі.
2 минут Психологиялық дайындық Оқушыларды топтарға бөліп,сабаққа дайындау. 1.Қыран 2.Зымыран
3.Ұшақ 4.Тікұшақ
деп топқа бөлінеді.
5 минут Үй тапсырмасын сұрау Үйге қандай тапсырма берілді. С.Мұқановтың «Батырлық»әңгімесінен эссе,реферат жазу,буклет жасап келгендерін сұрау.
6 минут Жаңа сабақ Гиннес кітабына кірген қазақ Нұртөре Жүсіп Осы бетті ашып дайындалады.
5 минут «Ой қозғау» 1.Гиннес кітабына кірген қазақ деп кімді айтамыз.
2.Рекорд деген не? Оқушылар өз білгендерін айтады.
6 минут Мағынаны тану 1.Нұртөре Жүсіп кім?
2.Білетін ғарышкерлеріңді ата? Ю.Гагарин,Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев
15 минут Оқулықпен жұмыс Мәтінді әр топқа бөліп беремін. Әр топ өзінің берілген жерін оқып,қорғайды.
2 минут Қорытындылау Тақтада «Зымыран»суреті ілінген. Әр оқушы өінің білгенін стикерге жазып іледі.
1 минут Бағалау Кері байланыс алу.Топтардың бірін-бірі бағалауы,мұғалімнің бағалауы. Не білдім?Кері байланыс жазады.Бағдаршамдар арқылы бағалауы.
1 минут Үйге Әр ғарышкерге эссе,реферат жазу. Оқушылар өз беттерінше ізденеді.