«C?лем са?ан, алтын ?я мектебім!» салтанатты жиын


«Cәлем саған, алтын ұя мектебім!»
Мақсаты: Оқушыларды білімге қызығушылықтарын арттыру, мектептің дәстүрлі ережелерін бұлжытпай орындауға, оқу орынын құрметтеп сыйлауға баулу.
Оқушыларды сапқа тұрғызу2. Қонақтардың орналасуы3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын  шығару.4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру5.Әнұран шырқалады.6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)7. 1- сынып оқушылары Тіл ашар
Қоңырау соғу
Салтанатты жиынның жабылуы.
Бар мектептің басталар бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа оқу жылы басталды, ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Күзгі күн шуақ шашады,
Жаз бітіп, жетті қыркүйек.
Басталды білім сапары,
Мектепте думан дүркіреп.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және аяулы оқушылар! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам – алғашқы қоңырау. Міне, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткелі отырған «Cәлем саған, алтын ұя мектебім!» салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Ендеше бүгінгі мерекенің басты қонақтары , енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы тұрған кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі Егемен еліміздің болашақ ұрпақтарын зор қошеметпен қарсы алайық.
1. Кусайнов Батырхан
2. Дауылбай Шыңғыс
3. Хамит Жамила
4. Асхат Қарлығаш
5. Қайрат Нұрдәулет
6. Алмашев Шыңғыс
7. Қанат Бексұлтан
8. Бұзаубақов Ислам
Сынып жетекшісі: Гулзада Құрмантайқызы
1.Бүгінгі біздің мерекелік жиынымызға тілектестік ниетін білдіруге келген қонақтарымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1..................................................................................................................2.................................................................................................................3..................................................................................................................
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқыЖас досым саған мың сәлем!
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі қарсаңында өткелі отырған, 2016-2017 жаңа оқу жылының «Cәлем саған, алтын ұя мектебім!» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққаЖарасады жігер берер гимніміз!
Мазмұнына өнері жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіреп, әнұраны шырқалсын дей отырып, салтанатты жиынымызға Мемлекеттік Туымызды көтеру құрметі мектеп үздіктеріне беріледі.
Құттықтау сөз Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебінің директоры Жақсығали Сақтағанұлына беріледі.
Көрейік тек жанарлардың жарқылын,
Тыңдайықшы ағалардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар қауымға,
Жақсы лебіз – жарым ырыс жарқыны.
Бүгінгі мерекенің қуанышы мен шаттығын бөлісуге және 1-сыныпқа келген бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдергелі отырған қонақтарымызға сөз кезегін берейік.
.......................................................................................... ........................ ........................................................................................................... ............................ .... ........................................................... ............... .... ...........................................................................................................................................................................................
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың.
Төбенде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім! – деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз. «Тіл ашар»
Тамаша ән қабыл алыңыздар «Туған жер» орындайтын Табылдиева Ақтоты
1.Құттықтау сөз ата-аналар атынан ...................................... ........................................................................................................... ....... ................ ...................................................................................................Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Есіңде болсын ұмытпаБілім керек бәріне Қымбатты 1-сынып оқушылары, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер! Сіздерге өздерінің ағалық, апалық лебіздерімен 9-сынып оқушылары әліппе табыстайды.Қабыл алыңдар!
Қызылжар НЖББ мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Маншук Сағынғалиқызына беріледі.
Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпар иіс гүлімен.
Келіп ем қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен.
Қоңырау, сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиялдан асуға.
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен биік шың басына.
Сыңғырла, сыңғырла тағы да,
Алғашқы қоңырау соғу құрметіне ие болған оқушылары: __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын.
Шәкірттеріміз өрісті,
Елім дер қыз бен ұл болсын!
2016-2017 оқу жылының «Cәлем саған, алтын ұя мектебім!» мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Оқушылар сынып жетекшілеріңізбен Білім сабағын өткізу үшін сыныптарыңызға баруға сұралады.