Презентация.К?ркем ?дебиет.Т?лдер айтысы.Мектепалды даярлы?


Көркем әдебиет“Төлдер айтысы” ертегі Армысың, асыл күн!Армысың, көк аспан!Армысың, ұстазым!Армысың, жан досым!Жылуыма жылу қос,Міне, менің қолым!ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ Көктем(Үй тапсырмасын пысықтау) ТүйеЖылқыҚойЕшкіСиырЖАҢА САБАҚҚА КІРІСПЕ: Үй жануарлары туралы түсінік Жаңа сабақ:“Төлдер айтысы” (ертегі) Жоқ,босқа дауласпаңдар,адамға ең керегі менмін. Себебі, мен олардың ауыр жүктерін қиналмай-ақ баратын жерлеріне жеткізіп саламын.Неге олай дейсіңдер, иемізге мен керекпін. Етімді жеп, сүтімді ішеді,құрт, май аладыБәріңнен де иеміз мені жақсы көреді, өйткені үстіндегі жылы киімнің барлығын менің жылы жүнімнен алады Сендер босқа таласпаңдар, адамдар үшін осы тұрған барлығың да қажетсіңдер,мен сендердің барлығыңды да жақсы көремін Олардың алдарынан үлкен тау шығады(Олар дауласып жүріп аналарынан ұзап кеткендерін байқамай қалыпты) Енді не істейміз,аналарымызды қайдан табамыз,кімнен көмек сұраймыз? Неде болса ілгері жүре берейік... (Ойлау,сөйлеу тілдерін жетілдіру тапсырмалары)Тау: Менің тапсырмамды орындасаңдар,аналарыңа баратын жолды тез табасыңдар Таудың тапсырмасы: “Сусын түрлерінің иесін тап” Дұрыс жауап Орман: Сендер аналарыңдытаба аламай кележатқандарыңды білемін, егер меніңтапсырмамды орындасаңдараналарыңа жететін жолды көрсетемінТөлдердің алдынан ну орман шығады Орманның тапсырмасы “Қайсысы артық?” Дұрыс жауап Өзен: Менің де сендерге тапсырмам бар ,оны дұрыс орындасаңдар аналарыңа жететін тура жолға түсесіңдерОрманның тапсырмасын орындаған төлдердің алдынан енді ағысы қатты,терең өзен кезігеді Өзеннің тапсырмасы: “Жұмбақтың жауабын тап”1. Аласа ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар.2. Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар.3. Екі айнасы бар,екі найзасы бар, Сыртылдаған тұяғы бар, бір желпуіші бар.4. Желден жүйрік жануар.5. Тау мен таста ойқастайды, Әркез өзі қой бастайды. Жұмбақтың шешуі:1.3.4.5.2. Сергіту сәтіҚошақаны қойдың,Қайда қалып қойдың?Бұлтиып тұр бүйіріңҚай өрістен тойдың?Секең-секең ей, лақ,Жүрмін саған кейіп-ақТыным тапсаң болмай ма,Секеңдемей бір уақ?Ботақаны нардыңЖарға неге бардыңТілерсегің дірілдепСекіре алмай қалдың Рахмет сендерге, балалар! Сендер болмасаңдар біз аналарымызды таба алмас едік. Сөйтіп, иелері барлық төлдерді жақсы көретінін білген төлдер даярлық сыныбының алғыр,тапқыр балаларының арқасында өз енелерімен қауышыпты,кішкентай төлдерімен аман-есен қауышқан аналары оларды былай еркелетіпті:Қой сүйеді баласын “қоңырым” деп,“Ештеңені білмейтін момыным!” деп.Сиыр сүйеді баласын “торпағым” деп,“Қараңғыға баспаған қорқағым!” деп.Түйе сүйеді баласын “боташым” деп,“Жәудіреген көзіңнен тоташым!” деп.Ешкі сүйеді баласын “лағым” деп,“Тастан-тасқа секірген шұнағым!” деп.Жылқы сүйеді баласын “құлыным” деп,“Тұлпар болып жүгірер жұрыным!” деп. Сабақты қортындылау:1.Ертегі сендерге ұнады ма?2.Ертегі қалай аталады?3.Қандай төлдерді білдіңдер?4.Олар не үшін дауласты?5.Иелері оларға не деп айтты?6. Төлдерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?7. Төлдер қандай кедергілерден өтті, оларға кім көмектесті?8. Үй жануарларына қандай қамқорлық көрсетуіміз керек? Үй жануарларына қамқорлық(ауызша әңгіме) Малдарға байланысты тыйым сөздерМалды теппе, ақты төкпеМалды басынан ұрмаМалға теріс мінбеКендірмен байлама, жыңғылмен айдама 1.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау,мадақтау.2. Шаттық шеңбер:Ашық болсын күніміз,Жарқын болсын жүзіңіз.Қоштасамыз сіздерменАман-сау боп жүріңіз!