Саба? жоспары Елші болу арманым (10 сынып)


Күні:
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Елші болу арманым. Септеулік шылаулар.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың Елші туралы түсініктерін молайту; тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету; ойларын ауызша айта білуге дағдыландыру. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, мәтінді талдау арқылы жаңа сабақты жан - жақты меңгерту. 2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту. 3.Отанын сүйетін, еліне, жеріне қамқор болатын патриот азаматты тәрбиелеуСабақтың түрі: ашық сабақСабақтың типі: жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, аударма, баяндау, тексеру, ізденіс.Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, қазақ әдебиеті.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд шоу, интернет ресурстары.Сабақтың барысы:І. ҰйымдастыруБалаларды психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау.Жапырақтарды таратып, тілек жаздыру.«Жетістік ағашы» жапырақтармен безендіріледі.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Зымыран сұрақтар»
Шылау дегеніміз не?
Шылау нешеге бөлінеді?
«гөрі» шылаудың қай түрі? (септеулік шылау)
«да,де, та, те» шылаудың қай түрі? (ыңғайлас жалғаулық)
Ауылда болдың ба? Сөйлеміндегі шылаудың түрін ажыратыңыз. (Сұраулық демеулік)
«не, немесе, я, яки» қай түрі? (ыңғайлас жалғаулық)
ІІІ. Жаңа сабақ
Септеулік шылауУправляемые падежи.
Меңгерілетін септіктер.
Септеулік шылау сөздерді бағындыра байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Мысалы, сайын, үшін. септеуліктері алдындағы сөздің атау септігінде тұрғанын кажет етеді (апта сайын, Отан үшін). Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар.1 - тапсырма. Жаңа сөздер мен септеулік шылауларды байланыстырыңыз.
жаңашыл ізденістер бұрын
ІҮ. Жаңа сөздер.
- Балалар, қазір жаңа сөздермен таныспас бұрын «Кім көп сөз біледі?» ойынын ойнайық.елшіЖаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырайық.
Ү. Тарих пәнінің мұғалімі Мукашева Н.К. сөз беріледі.
Елші туралы тарихи деректермен таныстырады.
Елші (ағылш. ambassador) – бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі өкілетті дипломатиялық өкілдігінің басшысы. Елшіге, әдетте, жоғары дәрежелі диплом. қызметкер тағайындалады. Төтенше және өкілетті елші, төтенше және өкілетті уәкіл, уақытша сеніп тапсырылған өкіл болып бөлінеді. Қазақстан Республикасының төтенше және Өкілетті Елшісі, барған елдегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып табылады.
ҮІ. Топтастыру.
Бleft0left0ілімді Аудармашыleft0left0ЕлшіШешен Көрікті
ҮІІ. «Аудармашы» немесе «Адасқан әріптер» ойыны.
Екі топқа теріс қарай жазылған мәтін беріледі. Белгіленген уақытта оқушылар мәтінді дұрыс оқып шығулар керек.
Жүсіп Баласағұн: «...ішле ешкере керез, ізө іткірөк, пөк літ нітеліб нешеш, ысқаж ышңа, ігебсұқ, ышзыдлұж (голортса), сүт ышурож, тнакызум ытқяис негетпөк егреттеисақ еи наж ыулоб тежақ» нінеке ытпытйа. зіБ ігнігүб ағзымыраттамолпид пісүЖ нұғасалаБ нағйоқ ыдратпалат недуеттеднім зыпқалуа. кеТ зө ңынынатО ніліт нітйемліб ішле ыуамлоб тежақ нінеке анағ зымықтрағңа іделек.
Жүсіп Баласағұн: «...елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жорушы, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет» екенін айтыпты. Біз бүгінгі дипломаттарымызға Жүсіп Баласағұн қойған талаптарды міндеттеуден аулақпыз. Тек өз Отанының тілін білмейтін елші болмауы қажет екенін ғана аңғартқымыз келеді.
«Кемрітседле недішле.» имсер еккеред кеснейүс, еднігүб ңінмелә 54 едніле ңыннатсқазаҚ ігілішле ут пігіт, теш немреттекелмем исяас мырақ-санытақ пасаж рытаж. Қаріб зіб нағысо нійед ағмалағ ідзімігідзіслеуәТ нытатадныйом – ңытқазақ інү, ңытқазақ іліт нінеке, шалА ңініле наныта нітйелйөс рә ішле кіттекелмем ідліт қылот ыунадлоқ енігіттежақ нәм йемреб кідлек...
«Елдестірмек елшіден». Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде әлемнің 45 елінде Қазақстанның елшілігі ту тігіп, шет мемлекеттермен саяси қарым-қатынас жасап жатыр. Бірақ біз осыған дейін ғаламға Тәуелсіздігімізді мойындататын – қазақтың үні, қазақтың тілі екенін, Алаш елінің атынан сөйлейтін әр елші мемлекеттік тілді толық қолдануы қажеттігіне мән бермей келдік...
ҮІІІ. «Ұшақ» әдісі. Оқушылар ұшақтың макетін алып, бір қанатына оқушылар бірінші сұрақ жазады, содан кейін ұшақтарын ұшыру арқылы өздеріне түскен ұшақтың екінші қанатына соның жауабын жазадыІХ.«Елдестірмек елшіден».
Екі топтан бір-біріне елшілікке бір кісіні жібереді. Топпен келісіп, мәселені көтергеннен кейін, бір оқушы тақтаға шығып түсіндіріп, постерін қорғайды. (Септеулік шылауларды қатыстыру.)
І топ «Сириядағы қақтығысты тоқтату мақсатында»
ІІ топ «Тәуелсіз елмен сауда-саттықты қалыптастыру мақсатында»
Х. Сабақты қорытындылау. Тест. (Шылау. 10 сұрақ)
1.Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын белгілеңіз.
а)зат есім ә) шылау б) етістік2. Шылау сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? Ол бұлардың ішіндегі ең шапшаңы және тапқыр айтқышы. (М.Ә)а) сөз бен сөзді байланыстырып тұр.ә) сөзге жаңа мағына үстеп тұр.б) сөйлем мен сөйлемді жалғастырып тұр.3. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінеді:а) иә б) жоқ.4. Септеулік шылауды белгілеңіз.а) дегенмен, әйткенмен ә) сайын, туралы б) -ақ, -ау, -ды.5. Сөйлемді толықтыр. Күндіз келген жиырма кісіні ....., түнде келген жиырма кісіні..... қонақ етіп, ренжітпей аттандырып жіберуші еді.
а) -та ә) –те б) -де6. Шылаудың түрлерін табыңыз.
а) бастауыш, баяндауыш ә) жалаң, жайылма, атаулы б) жалғаулық, септеулік, демеулік7.Елші кім?а) екі елді татуластырушыә) екі елді жауластырушыб) екі елді міндеттеушіТестің кілті.1. ә 2. а 3. а 4. ә5. б 6.б7.а
ХІ. Рефлексия. Өзін-өзі бағалау
ХІІ. Үйге тапсырма: Ойтолғау. «Елші болу арманым» (Септеулік шылауларды қатыстыру)
Күні:
Сынып: 10
Тақырыбы: диктант
Сабақтың мақсаты:  Септік, көптік, жіктік, тәуелдік  жалғауларды естеріне түсіртіп, оқушыларды  орфографиялық тұрғыдан сауатты жазуға үйрету.Күтілетін нәтиже: Оқушылар дұрыс сауатты жазып, талдау түрлерін естеріне түсіреді.Модульдер: ЖАДА жұмысы. АКТ, СТОСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.  Орта құру. Біреуге  ізгі тілек білдіру. ІІІ. Диктант.                                МамандықМамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.   (Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 135 сөз)Сабақты қортындылау. Оқушылар өздігінен диктант мәтінін тексереді, содан кейін мұғалімге тапсырады.Үйге тапсырма. қайталау