Саба? жоспары Графикалы? редакторды? сурет салу ??ралдары 5 сынып


Күні: ____________
Сыныбы:_________
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарын үйрету.
1. Білімділік: Оқушылар графикалық редакторының сурет салу маңыздылығын меңгеру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға графикалық редакторының сурет салу кезеңдерімен таныстыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Үй жұмысын сұрау
Графикалық редактор деген не?
Қандай тәсілдермен файлды құруға болады ?
Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?
Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз?
Бейненің қандай пішімінің сапасы нашар болады?
Жаңа сабақ
Практикалық жұмыс жасай отырып, сендер құралдармен және фигуралармен таныса бастадыңдар. Бағдарламаның терезесін қарайық. Жұмысқа керектің бәрі Жолақта (Лента) орналасқан. Негізгі (Главная) тіркеме бетінде (вкладка) Алмасу буфері, Кескін (Изображение), Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық (Толщина), Түстер (Цвета) топтары орналасқан.
Жылдам қол жеткізу тақтасы156695181610 Жолақ
28679206787000
27065561434017006733611079014
Сурет салу аймағы Жай – күй жолы
Қарындаш үшін – жуандық, түс;
Фигуралар үшін - , , түстер;
Жай – күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі түсті. Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш (тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып) тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.

Мынадай Қисық сызықты салған кезде міндетті түрде екі бүгілісті көрсету керек. Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып, «дұрыс» фигуралар салуға болады. Тікбұрышты қолданғанда тіктөртбұрыш, ал Сопақтан - шеңбер аламыз. Көпбұрыш былай салынады.
Бекіту: Тапсырма айдың суретін салыңдар. Ішін бояу түсін сары етіп белгілеңдер. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау: Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарын үйрету.
Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.
Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.