Киіз ?йді? ?лгісін жасау ашы? саба?


Еңбек Уақыты: 07.03.2017 Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Киіз үйдің үлгісін жасау
Сілтеме Еңбек оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Қазақ халқының баспанасы - киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу.
Киіз үйдің құрылысын оқушыларға әр түрлі материалдардан жасауға бағыт бағдар беру арқылы шығармашылығын қалыптастыру.
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, кеспе қағаздар.
Көрнекіліктер: Слайд, компьютерлер,проектор,түрлі суреттер, кеспе қағаз.
Жалпы мақсаттар
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Қызығушылықты ояту
            Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. Өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аламыз.
Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамыз
Осы сәтте киіз үйге байланысты 4-5 минуттық видео көріп тамашалаңыздар. Осы видеоны қарап болған соң өткен сабағымызды еске түсіріп, екі топқа бөлініп, тапсырмаларды деңгейлеп, оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлерін анықтаймыз.
Мағынаны тану
            Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.
            Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін қабаттап киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.
         Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген. Киіз үй бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.
АҚ БОСАҒА.
            Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шекара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.
ОТБАСЫ– ОШАҚ ҚАСЫ.
            Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.
ТӨР.        Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.
 ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ:
            Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді. Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар ағаш төсек тұрады.
ЕРЛЕР ЖАҚ
            Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті.
Мәтінді қалай меңгергендерін тексеру.
1. Төрге кімдер отырады?
2. Киіз үйдің сол жағы кімге арналады?
3. Ерлер жағында нелер тұрады?
4. Үйдің ортасында не тұрады?
Пракикалық жұмыс Киіз үйдің шаңырағын жасау үшін жуандығы 2-3 мм,ұзындығы 50 мм сымтемірді шеңбер пішініне келтіріп, майыстырамыз. Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша шаңырақтың күлдіреуіштерін жасаймыз. Ол үшін қалыңдығы 2 мм болатын алты сымтемірді шеңберге дөңестеу етіп бекітеміз. Күлдіреуіштердің бір-бірінен арақашықтығы 5 мм болуы тиіс. Киіз үйдің керегесін жасау үшін сымтемірден диаметрі 100 мм болатын екі шеңбер құрастырамыз. Дайын болған кереге бөліктерін бір-біріне биіктігі 40 мм сымтемірмен бекітіп, құрастырамыз. Одан кейін киіз үй есігінің орнын белгілейміз. Ол үшін екі сымтемірді бір-бірінен 20 мм арақашықтықта бекітеміз. Одан кейін керегелерді байлаймыз. Олардың бір-бірінен арақашықтығы 5-7 мм шамасында болуы керек. Керегелердің табанымен арасындағы бұрыш 45 градусқа тең. Енді киіз үйдің уықтарын бекітеміз. Шаңырақ пен керегенің аралығы 40 мм болуы керек.
Ой толғаныс
 ІV.  «Сандықша ойыны»
Тақтаға қағаздан жасалған сандықтар ілінеді. Сол сандықтағы сұрақтарға жауап беру.
V. Тапсырма.
Мына сөздерге ұйқастырып сөйлем құрастыр:
Киіз үйге, баспанаға, шаңырақты, алтын орданы, керегенің, ақ отауға, ою-өрнекпен, киізді.
VІ. Шығармашылық тапсырма: Егер мен киіз үйде тұрсам!
Үй тапсырмасы Киіз үй жасау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. Парақшаларды толтырады