Салу есептерін шешу кезе?дері


Тексерген:
Күні: 28.04.16ж
Тақырып: Салу есептерін шешу кезеңдері
Мақсаты:
Білімділік: Циркуль, сызғыш және қарандашты қолдана отырып салу есептерін меңгерту, үйрету. Берілген элементтері бойынша үшбұрыштарды салуды үйрену.
Дамытушылық: Өз бетімен ойлауды, шығармашылықпен ізденуді жетілдіру. Шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелілік: Сызба жұмыстар орындауда жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
1.Үй есебінің орындалуын тексеру
2.Өтілген материалды қайталау:
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Үшбұрышқа тең үшбұрыш салу
Алгортим Алгоритм бойынша салу үлгісі
АВС үшбұрышына тең үшбұрыш салу керек болсын
1.  Жаңа үшбұрыштың бір төбесі болатын P нүктесін белгілейміз.
2.  Циркульдың ашасын берілген ABC.үшбұрышының бір қабырғасына тең етіп алайық.Мысалы, суретте АС қабырғасы көрсетілген.
3.  Циркульдың ашасын өзгертпей P нүктесінен доға сызамыз.
4.  Доғаның бойынан R нүктесін белгілейміз. Бұл АС қабырғасына тең жаңа үшбұрыштың PR қабырғасы болады.
5.  Циркульдың көмегімен AB қабырғасын өлшейміз.
6.    P нүктесін центр етіп алып доға жүргіземіз.
Бірақ жаңа үшбұрыштың келесі төбесі доғаның қай жерінде орналасытынын біз білмейміз.
7.  Циркульдың көмегімен BC қабырғасын өлшейміз.
8.  R нүктесін центр етіп алыр циркульдың ашасын өзгертпей доға сызамыз, алдың,ы доғамен қиылысқан нүктені Q деп белгілейміз
9.  Соңында PQ ,PR, және QR кесінділерін қосамыз.
10.  Салынған PQR үшбұрышы берілген ABC үшбұрышына тең үшбұрыш .
Дәлелдеу
  Aргумент Негіздеме
1 PR кесіндісі AC –ға тең Себебі, PR және AC кесінділері ашалары өзгертілмей бір циркульдың көмегімен салынды.
2 RQ кесіндісі CB-ға тең RQ және CB кесінділері ашалары өзгертілмей бір циркульдың көмегімен салынды
3 PQ кесіндісі AB-ға тең PQ және AB кесінділері ашалары өзгертілмей бір циркульдың көмегімен салынды
4 ABC, PQR үшбұрыштары тең Үшбұрыштар теңдігінің белгісі бойынша
Өзіндік жұмыс
Циркуль мен сызғыштың көмегімен төмендегі үшбұрышқа тең үшбұрыш салу
1. Төмендегі үшбұрышқа тең үшбұрыш салыңыз:

2. Төмендегі үшбұрыштың сол жағына оған тең үшбқрыш салыңыз және төменге мынадай түрде тағы бір оған тең үшбұрыш салыңыз.
Салынған үшбұрыштар берілген үшбұрышқа тең бе? Жауабыңызды негіздеңіз. 

2. Табаны және бір қабырғасы бойынша теңбүйірлі үшбұрыш салу
Талдау: Табаны мен бір қабырғасы бойынша циркуль мен сызғышты пайдаланып теңбүйірлі үшбұрышты қалай салуға болады? Алдымен табанына тең кесінді салу арқылы екі төбесін саламыз, содан соң теңбүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы тең болатынын ескеріп үшінші төбесін салуға болады
Алгоритм Алгоритм бойынша салу үлгісі
Берілген теңбүйірлі үшбұрыштың AB бір қабырғасы және CD табаны берілген болсын.
1. Жаңа үшбұрыштың бір төбесі болатын P нүктесін белгілейміз.
2.  Циркульдың ұшын C нүктесіне қойып ашасын CD-ға тең етіп аламыз
3. Pнүктесінен доға жүргіземіз.
4.  Доғаның бойынан R нүктесін белгілейміз. Ол жаңа үшбұрыштың екінші төбесі болады.
5. PR кесіндісін сызамыз.
6.  Циркульдың ұшын B нүктесіне қойып, ашасын AB-ға тең етіп аламыз.
7.  Циркульдың ашасын өзгертпей центрі P нүктесінде және центрі Q нүктесінде болатындай екі доға жүргіземіз.
8.   PQ және RQ кесінділерін саламыз.
9.   PQR -ізделінді үшбұрыш.
Өзіндік жұмыс
1. Табаны FG, ал бір қабырғасы AB-ға тең үшбұрыш салыңыз.
2. (a) Табандары ортақ CD болатын ал қабырғалары AB-ға тең суретте көрсетілгендей үшбұрыш салыңыз.   (b) Егер салынған үшбұрышта бүйір қабырғасының табанына қатынасы 1 : √2 болса, салынған фигураның барлық 6 бұрышының градустық өлшемі қандай болады?   (c) Транспортир арқылы көз жеткізіңіз, себебін түсіндіріңіз