Открытый урок по букварю на тему И дыбысы мен ?рпі 1-класс


Тақырыбы : И дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1.«И» дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу және
жазу,сөздік жұмысын жүргізіп, сөздердің мағынасын ашу, берілген
суреттер бойынша сөйлем құрастыру; «и» әрпінің жазба түрін жазғызу
неше әлементтен құралғанын және сөздің қай буындарында
кездесетінін анықтау.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын және оқуға
деген ынтасын қалыптастыру.
3. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, топтастыру, құрастыру, сөзжұмбақ, салыстыру.
Пәнаралық байланыс:дүниетану, еңбек, қазақ тілі.
Көрнекілігі: касса, суреттер, сызба, текше, кесте.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кайталау. Қызығушылығын ояту.
а) Сызба бойынша жұмыс.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Жапырақ жинау, сөз құрастыру.
СӘН
ДӘМ ДІ
МӘН
3. Өлең «Әліппе». Жатқа айту.
4. Жаңа сабақ.
Жұмбақ.
Үш шырпыдан қайсы әріп,
Шығар екен жасалып.
Ал шырпыны төгіңдер,
Құрастырып көріңдер.
(И)
5. Кесте бойынша жұмыс.
- Мынау не? (инелік)
- «Инелік» дегенде алдымен қандай дыбыс естіледі?
- И дыбысын естиміз.
- Мынау и әрпі.
- И әрпінің қандай түрлері болады?
- И дауысты дыбыс.
6. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
И.... И....
И.... И....

7. Буындарды оқу. Тиіннің әні.
ШИ, КИ, ТИ, ЖИ, СИ, МИ, БИ, ДИ.
8. Оқулықпен жұмыс.
- Қандай әріпті көріп тұрсыңдар?
- Ол туралы не айта аласыңдар?
Әженің инелері. Өмір қауіпсіздігі туралы әңгіме.
Сызба бойынша кара сөздерді оқу.
И - НЕ КИ - ІК ТИ - ЫН ШИ - Е
ЕК - ІМ - ІН - КІ
ЫҚ - ЕК
Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
9. Сөздік жұмысы. Киік, иман.
Киік. Айыр тұяқты, ешкіге ұқсас, жабайы, қолға үйренбеген дала аңы.
Иман – сенім.
Қазір Рамазан айы. Иман шарттарының бірі Ораза ұстау.
Оқы деген сөзді жіктеу.
Мен оқимын
Сен оқисың
Ол оқиды
10. Мәтінмен жұмыс. Мағынасын ашу. «Ит – адамның досы»
Оқу түрлері:
Тұтас оқу
Тізбектеп оқу
Үзінді оқу
Неше сөйлем бар?
Сурет бойынша жұмыс.
- Не көріп тұрсыңдар? Не айта аласыңдар?
Сөйлем құрастыру. Ат қою.
11. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша.
- И әрпі 2 элементтен құралған. Жоғарғы және төменгі жағы имектелген көлбеу. Төменгі жағы оңға қарай имектелген ұзын көлбеу.
12. Бекіту жұмысы: Ойын»Жоғалған әріп»
13. Қорытынды: - Нені үйрендік?
-Қандай дыбыспен таныстық?
14 Мадақтау.