План урока по математику на тему?ызы?ты математика


Қызықты математика
Сыныбы: 3 - сыныпҚызықты математика (презентациясымен)Мақсаты:1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін - өзі бақылауға, өзбетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.Әдісі: сұрақ – жауапТүрі: зергерлік сайысКөрнекілігі: интерактивті тақтаБарысыІ. КіріспеЖүргізуші:Математика керек әр күнге,Математика керек әркімге.Есеп қажет өмірде,Есепсіз білім білім бе?!- Саламатсыздар ма, ұстаздар 3 - сынып оқушылары! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа әр сыныптан екі оқушыдан барлығы 10 оқушы қатысып отыр. Әр оқушы өзі үшін сайысады. Ең соңында қалған бір оқушы сайыс жеңімпазы атанады. Сайыскерлердің жауаптарын саралап отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық./әділ қазылар алқасы сайланады/1. Сайыс қатысатын оқушылар:3 «Б» сынып3 «д» сынып2. Сайыс шартымен таныстырайын:1 – айналым «Бәйге»2 – айналым «Көкпар».3 – айналым «Жорға».4 – айналым «Қасиетті жетілікІІ. Негізгі бөлім 1 – айналым «Бәйге»1-топ1. 1 дм - де неше см бар?2. 1 см - де неше мм бар?3. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па?4. Жұп сандарды, тақ сандарды ата.5. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?6. Бес бұрыш неше кесінділерден тұрады?7. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең?8. 1 сағатта қанша минут бар?2-топ1. 1 метрде неше дм, см бар?2. Азайтуды қай амалмен тексереді?3. Масса, оның бірліктерін ата.4. Ұзындық және оның бірліктерін ата.5. Уақыт және оның бірліктерін ата.6. 1 сағатта қанша минут бар?7. 3 дм -? см, 4 м -? дм, 1м -? см, 1 апта -? күн8. 2 мүшел -? жыл, 1 ғасыр -? жыл.2 – айналым «Көкпар»"Математикалық диктант3 «Б» сынып3 «д» сынып"Математикалық диктант10 және 60 сандарының қосындысына 8-ді қос. 10+60+870-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қосу 70 +( 12 – 6 )65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт. ( 6 5 – 5 ) – 3090-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос. 90 + ( 11 – 93 – айналым«Жорға»Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек• Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? 5 қоян• Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? 2кг• Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты? 4 тәулік• Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам• Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 3теңге4 – айналым «Қасиетті жетілік»Арнайы сұрақтар беріледі1. Үш жүзді ата2. Қазақтың киелі сандарын ата3. Үш биді ата4. Дүниенің неше тұсы бар?5. Наурыз көженің құрамына неше зат кіреді?6. Санға қатысты мақал - мәтелдер айтҚорытынды: Әділ - қазы алқасы әділ шешімін беріп, дипломдармен марапаттайды.