Ашы? саба? Машинатану негіздері.Тігін машинасыны? шы?у тарихы.5 сынып


Мүткенов атындағы орта мектебі АШЫҚ САБАҚ Тақырыбы: Машинатану негіздері. Тігін машинасының шығу тарихы. 5 – сынып Технология пәнінің мұғалімі: Сарсенова М.Т. 2014– 2015 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: Машинатану негіздері. Тігін машинасының шығу тарихы.Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, оқушылардың білімін пысықтау, машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру,Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға уйрету. Тәрбиелік мақсаты: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: әңгімелеу, ойын, сұрақ жауап.Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, плакаттар. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдарыӨткен сабақты пысықтау Өткен сабақты пысықтау үшін біздер қазір «Дұрыс па, әлде бұрыс па» деген ойын ойнаймыз. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Танысып қойыңдар 1-қонағымыз Шебергүл. Ол қазір сіздерге өзінің білетін ақыл – кеңесін айтып береді, ал сендер оның дұрыс не бұрыс екенін айтыңдар. Олай болса бастайық.Балалар менің кеңестерімді тыңдаңдар :Қайшы, ине, түйреуішті барлық жерлерге қойып шығыңдар, сонда оңай табасыңдар.Егер қайшыны беретін болсаң ұшын қолына тығып ал, қызық болады.Тот басқан инелер, қайшылар сенің достарың.Жұмыс орныңда зат көп шашылып жатса жақсы болады, керек затыңды тез тауып аласың.Иә, барлық кеңесі де дұрыс болмай шықты. Сендер ондай іс-әрекеттен аулақ болыңдар Қане балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.Көрмедім еш үйіңді, Қолданбас бұл бұйымды. Жазып қыртыс – тыртысын, Қонымды етер киімді (үтік) Екі семсер айқасқан, Оқта –текте шайқасқан. (қайшы Бар екен дүниеде жалғыз көзді,Сол көзбен дүниенің бәрін кездіӘлемді он сегіз мың киіндіріп, Дүниеден жап жалаңаш өзі безді. (ине) Екі басты жалмауыз, Керіп аузын ашады. Алдына түскен нәрселер, Өзінен өзі қашады. (қайшы)Қимылдаса қос шеберҚыруар істі бітірер (қол) {616DA210-FB5B-4158-B5E0-FEB733F419BA}ҚОЛжұмысыҚұралдары ИНЕҚАЙШЫОЙМАҚЖІПСМ. ТАСПАҚандай жұмысқа қолданамыз?ТІГУ ЖҰМЫСЫМАТА,ЖІП ҚИЮИНЕДЕН САҚТАНУ ҮШІНКИІМ ТІГУ ҮШІНМАТАНЫ ӨЛШЕУ ҮШІН Қол жұмыстарына қажетті құралдар және оларды қандай жұмысқа қолданамыз Сызбаны толтырыңдар “Машинатану негіздері. Машинаның шығу тарихы” Дәптермен жұмыс. Тақтаға күннің жадысын жазу. Машина- бұл материалдарды, энергияны өңдеуге арналған, механикалық қозғалыс жасайтын құрылғы. Тігін машинасы аяқ киім, киім және тағы басқа тігін бұйымдарын дайындауға қолданылады. XV – ғасыр - Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды. 1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты. 1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады1870- АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.1900 – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты. Тігін машинасы қол жетегінде, аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмыстық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі. Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Ал сен үйде қол және аяқ жетегіндегі немесе қазіргі заманғы бағдарламамен басқарылатын машинаны қолдана аласың ба ? Мұндай машиналар компьютер көмегімен көптеген тігін операцияларын ( кестелеу, ілмек жасау, түйме қадау және т. б.) орындай алады. Ең дұрысы, тіке тігісті орындайтын қарапайым машинамен тігуді үйрене бастау керек. Тігін бұйымдарын дайындау көбіне тігін машинасында жұмыс істеуді игеруге байланысты. ТІГІН МАШИНАСЫМЕН ТАНЫСУ Биыл сендер заманауи тігін машинасының көмегімен тігіс операцияларын – түзу және ирек тігістертерді сапалы орындай аласыңдар. Тігін машинасы қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы. Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың. Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. -… . (Слайдпен машина құрылысын көрсету) 1-шөрнек құрылғысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5- жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7- жіп орағышқа арналған өзек ; 8-жіп орағыш; 9- айналма дөңгелек; 10-тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11- кері жүргіш тетігі; 12-тегіс адымын реттегіш тұтқа;13-жеңқап тіреуі; 14-тұғыр; 15-жіп бағыттағыш; 16-ысырмалы пластина.Тігін машинасының инесіИне – тігін машинасының ең маңызды жұмыс органы. Ине конструкциясын Америкада XIX ғасырдың 30 – жылдарында ойлап тапқан. Тігін машинасының инесінің құрылысы:1 – колба 2 – қысқа жәнге ұзын сызық ойық сызықшалары 3 – алмас4 – көзі5 – ұшы . Пайдалы кеңестер:ине сақтайтын қораптың түбіне магнит салып қойсаңыз, инелеріңіз ешқашан шашылмайды.ине тот баспас үшын оны сабынға тығып қою керек.егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар жабысса оны ацетонмен сүрту керек.киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз түсінен әлдеғайда күреңдеу болып көрінеді.қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін инеге сабын жағыңыз . Практикалық жұмыс тігін машинасы оқулық, жұмыс дәптері1.Жұмыс орнымен таныс. Бұл- тігін машинасы қондырылған және қажетті құрал-саймандар, құрылғылар мен бөлшектер қойылатын үстел . Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде дұрыс отыру ережесін сақтау керек, ережеге кіретіндер:Түзу отыру;Басын иіп және денесін сәл ғана алға беріп отыру.Көз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы 30-40 см болу керек;Қолы машина тұғырында ал, шынтақтары – үстел үстімен деңгейлестірілуі керек; Тігін машинасымен жұмыс істер кезде жұмыс орны жарық болуы керек. Үстел бетінде тек технология орындауға арналған өңделетін бөлшектер, құрал-саймандар мен құрылғылар ғана болуы керек. . 3. Өз денсаулығына зиян келтірмес үшін тігін жұмыстарын орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныс:Саусағыңды инемен шаншып алудан сақтан; Шаштың немесе киім шетінің машинаның айналып жатқан бөліктеріне оралып кетуінен және электр тоғының соғуынан сақ бол; Машина үстінде бөтен заттар болмасын;Жұмыс соныңда машинаны сөндір және жұмыс орнын тазала. . Өнер,еңбек,тігіншілік туралы мақал-мәтелдерҚорытындылау :сөзқұрақ құрастыру Қ Ж А Р Ү К Т И П М Е Н У Ы І Ө Й ШЖаңа материал бойынша сұрақтар қою:Тігін машинасының жобасын ұсынған кім?1870- АҚШ-та Исаак Зингердің ашқан зауыты қалай аталады?Тігін машинасының атасы кім?Машинаның құрылысын атаңдартігін жұмыстарын орындау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелеріКөз бен жұмыс үстелінің арақашықтығы қанша см болу керек? Талдау жасау Оқушыларды бағалауЖұмыстан қорытынды шығару. Сынып қалай жұмыс істеді. Оқушы қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай оқушы ерекше тырысты. Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау. Сабағымызды келесі мақалмен бітірейік : “Көңілсіз жұмыс өнімсіз ”, “Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ”.Үйге тапсырма беру.Тігін машинасының шығу тарихы, құрылысын оқып келу. Мата қалдықтарын, жіп алып келу.