Ба?дарламаны орнату ж?не жою (?ндірістік о?ыту жоспары)


БЕКІТЕМІН»
Аға шебер: ___________________
_____________201 жыл
ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өтетін күні:
Tоп
Тақырыбы: Бағдарламаны орнату және оны жою.
Сабақтың мақсаты: Ақпараттық құзыреттілік: : Операциялық жүйені баптау және қалпына келтіру тәсілдері, қызметі туралы ақпарат беру.
Коммуникативтік құзыреттілік: Windows операциялық жүйесінде бағдарламаларды орнату мен жоюды, жүйені қайта қалпына келтіру нүктесін құруды және жүйені баптауды іске асыруы.
Проблеманы шешу: Windows 7 операциялық жүйені орнату тәртібін, операциялық жүйе жұмысында туындайтын проблемалар мен оларды шешу әдістерін шешу.
Пайдаланытын құрал –жабдықтар: компьютерлер, 32 Гбайттық флешка, turbosite-setup.exe
Өтетін орны:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут
Кіріспе нұсқау: 40 минут
Ағымдағы нұсқау: 210 минут
Қорытынды нұсқау: 15 минут
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды журнал бойынша түгендеу.
- Жұмыс орнының жұмысқа дайындығын тексеру
- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру, үлестіру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
- Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Өткен тақырыптарды еске түсіру
программалық жабдықтама дегеніміз не? /бұл кез келген есептеу жүйесінің бөлігі/
программалық жабдықтама қандай белгілерге байланысты жіктеледі? /тағайындалуына (жүйелі, қолданбалы, аспапты), сатып алу тәсіліне (еркін және проприетарлық), тасымалдау (кроссплатформалық, платформаға тәуелді)/
процессордың разрядтылығы нені көрсетеді /мәліметтердің көлемі қалай, қандай жылдамдықпен өңделгенін/
Программаны орнату
Программаларды орнату есептік жазбадағы әкімшіліктің рұқсатымен, дискіден, интернет желісінен немесе жергілікті желі арқылы жасалады.
Егер дискіні дискіжетекке салсақ авто іске қосу жүреді, егер бұл орындалмаса, онда дискіжетектегі дискіні ашып, ондағы setup.exe немес install.exe файлдарын басу арқылы іске қосамыз. Программаны іске қосқаннан кейін Шебердің нұсқауымен жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар кез келген жағдайда орнатушы лицензиялық келісіммен келісуді талап етеді және программаға кілттің қажетілігі туындайды.
Программаны жоюПрограмманы жою жолдарының бірнеше түрін қарастырайық:
өзімізге қажетті программаны орнатқаннан кейін ол Іске қосу мәзірінде орналасады, онда программаны жою жарлығыда болады;
орнатылған программалардың көпшілігі Program Files бумасында орналасады. Бұл буманың ішінен жоятын программаны тауып оны іске қосуға болады.
Windows операциялық жүйесінде программаларды орнату, өзгерту, қалпына келтіру және жою әрекеттері Басқару панелі арқылы жүзеге асады. Ол үшін:
Іске қосу → Басқару панелі → Программаны өшіру әрекеттерін орындасақ, программа мен компоненттердің тізімі шығады. Осы тізімнен жойғалы отырған программамызды табамызда Жою/Өзгерту (Удалить/Изменить) батырмасын басып, одан әрі шебердің нұсқауымен әрекет етеміз.

Ескерту: программаны орнатсақта немесе жойсақта компьютерді қайта жүктеуіміз керек.
Операциялық жүйені (ОЖ) орнатуБіз кез келген мезгілде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасаймыз, ол бүкіл құрылғылар мен программалардың жұмысын басқарып отырады.
Егер компьютерде кездескен ақауды жою мүмкін болмаса, онда ОЖ-ні қайта орнатуға тура келеді немесе ОЖ-нің жаңа топтамасы шығып жатса оны қайта жаңартуға болады. Жаңартқан кезде алдыңғы ОЖ жаңа нұсқаға ауыстырылып, бұрынғы барлық мәліметтер мен баптаулар сақталады.
ОЖ-ні орнатар алдында дербес компьютердің талапқа сай болуын қадағалауымыз керек. Мысалы, Windows 7 операциялық жүйесін орнату үшін мынадай компоненттер сәйкес келуі керек.
Берілген тапсырманың орындалу ретіне бақылау жасау, құрал-жабдықтарды орынды және дұрыс пайдалануын қадағалау, қажет болса оларды пайдаланудың тиімді тәсілдерін жасап көрсету. Техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау, егер одан қателіктер кетіп жатса дереу жұмысты тоқтатып, қайтадан техника қауіпсіздігі ережелері нұсқауын өткізіп, жұмыс барысында қайта жалғастыру.
-Жұмыс барысында оқушыларға қосымша нұсқаулар беру.
Қорытынды нұсқау:
*Оқушылардың орындаған жұмыстарына жеке-жеке тоқталу.
*Дұрыс орындаған жұмыстың жетістігін атап өту.
*Орындаған жұмыстарына сәйкес оқушыларды бағалау.