?алай д?рыс тама?тану керек жаратылыстану саба? жоспары (1 сынып )


«Бекітемін»
Бастауыш оқу ісі меңгерушісі:
19091116164 М.К.Жилишпанова
Күні:
Сынып: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: Мұғалім: Аралбай Ә.А
Сабақтың тақырыбы Қалай дұрыс тамақтану керек?
Сабақтың мақсаты 1.2.3.3. адамның өсуі мен дамуы үшін тамақтанудың маңызын анықтайды.
Бағалау критерийлері Барлық оқушылар:адамның өсуі және дамуы үшін керек қажет­ тіліктерді анықтау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру;
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Бейнелеу өнері, математика
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта ,мультфильм, деректі фильм
Алдыңғы білім Адамның күнделікті тіршілігіне қажетті факторларды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Интербелсенді тақтадан мультфильм көрсетіледі.
Видео
Білу, түсіну Адам табиғаттың бөлшегі деген пікірге қосыласыңдар ма?
Адамның толыққанды өмір сүруі үшін не қажет? (Таза ауа, су, тамақ, киім, баспана, жылу, жарық)
Адамдар неп үшін тамақтанады?
Күніне неше рет тамақтану керек?
Мөлшері қандай болу керек?
Қай уақытта тамақтанған дұрыс?
Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?
Суреттер
Қолдану Оқулықпен жұмыс
Суреттегі барлық тағам түрлерін атайды. Олар туралы не білетінін айтады. Дұрыс тамақтану туралы мұғаліммен бірлесе отырып талқылайды.
Жұмыс дәптері:
Пайдалы тағамдарды белгілейді.
Таңғы ас кестесін жасайды.
Ширату: «Three Kittens»
Топқа тапсырма:
1–топ: Ұн тағамдары
2-топ:Сүт тағамдары
3-топ:Жемістер мен көкөністер
4-топ:Тәттілер,қытырлақтар
5-топ: Гигиена

Оқулық
Жұмыс дәптері
Себет, жеміс –жидектер, тағамдар, гигиена құралдары
Талдау Тапсырма орындалып болған соң білім алушылар топ бойынша өзара «кері байланыс» береді. Ұтымды жауап берген оқушыларды мадақтаймын.
Смайлдар
Жинақтау «Тамақтану пирамидасы». Білім алушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында пирамидаға тағамдарды орналастырады.
Рефлексия Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім