Тарма?талу операторы та?ырыбында?ы саба? жоспары


Пән аты: Информатика Мұғалім - Ақанова М.Х
8 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тармақталу және шартты көшу операторларымен таныстыру;
оқушыларға тармақталу операторларды программа құруда қолдануды
үйрету, ой-өрістерін кеңейту;
оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түріаралас сабақ
Сабақты оқыту әдісі: практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті
Сабақтың көрнекілігі:ДК, интербелсенді тақта, слайд
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Қайталау
Алгоритмнің қандай түрлерін білесіздер? Анықтамаларын айтыңыз.
Алгоритмдерді блок-сызба арқылы қалай көрсетуге болады?
Тармақталу алгоритмнің қандай формалары кездеседі?
Тармақталу және циклдік алгоритмдердің айырмашылығы мен ұқсастығын айтыңыз?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Күрделі операторлар дегеніміз - бірнеше қарапайым операторлардан құрылып, бір оператор сияқты орындалады. Күрделі операторларға құрмалас, тармақталу, таңдау, қайталау операторлары жатады.
Тармақталу операторы операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын/орындалмауын қамтамасыз етеді. Жазылуы: if <шарт> then <оператор1> else <оператор2>; мұндағы оператор1, оператор2 – жай немесе құрама операторлар. Нәтижесіне сәйкес операторлар тобының біреуі таңдалып алынады; шарт қатынас немесе логикалық өрнек түрінде жазылады.
Мыласы, if x >= 0 then Writeln (‘оң сан’)
else Writeln (‘теріс сан’)
17371465239жалған
Соңы
Шарт
оператор2
оператор1
ақиқат
00жалған
Соңы
Шарт
оператор2
оператор1
ақиқат

Тармақталу операторларында шарттар күрделі болуы мүмкін, олар логикалық амалдардың (and, or, not) көмегімен құрылады. Мысалы, х, у сандары берілген. Егер осы сандар теріс болса, оларды модулдерімен алмастырамыз; біреуі ғана теріс болса, әрқайсысын 0,5-ке арттырамыз; екеуі де оң болса, оларды 10 есе арттырамыз.
Program M1;
Var x, y : real;
Begin
Read (x, y);
if (x < 0) and (y < 0) then
beginx:=abs(x);
y:=abs(y)
1881505-283845ақиқат
жалған
жалған
ақиқат
Соңы
(x < 0)
and
(y < 0)
x:=abs(x); y:=abs(y)
if (x<0) or (y < 0)
x:=x+0.5; y:=y+0.5
x:=10*x; y:=10*y
00ақиқат
жалған
жалған
ақиқат
Соңы
(x < 0)
and
(y < 0)
x:=abs(x); y:=abs(y)
if (x<0) or (y < 0)
x:=x+0.5; y:=y+0.5
x:=10*x; y:=10*y
endelse if (x<0) or (y < 0) then
beginx:=x+0.5;
y:=y+0.5
endelsebeginx:=10*x;
y:=10*y
end;
Write (x:5:1, ‘’:3, y:5:1)
End.
Case – of таңдау операторы тармақталу If операторының жалпыланған түріне жатады. Бұл оператор бірнеше мүмкін жағдайының біреуін таңдап алады. Оператор көрсеткіштен және әрқайсысы бір немесе бірнеше таңдау тұрақтыларымен таңбаланған операторлар тізбегінен тұрады. Жазылуы, Case <көрсеткіш> of
<тұрақтылар тізімі1>:<оператор1>;
<тұрақтылар тізімі2>:<оператор2>…
<тұрақтылар тізіміN>:<операторN>
Else <оператор>
End.
Мұндағы <көрсеткіш> - нәтижесі нақты типтен басқа кез келген тип бола алатын өрнек. Мысалы, Таңдау тұрақтылары аралық типпен берілген:
Case N of
1…10: Writeln (N:4,‘саны 1-10 аралығында жатады’);
11…20: Writeln (N:4,‘саны 11-20 аралығында жатады’);
21…30: Writeln (N:4,‘саны 21-30 аралығында жатады’);
Else Writeln (N:4,‘саны бақылау аралығында жатпайды’);
End;
Көрсеткіш бүтін типі:
Case N of
Var season (winter, spring, summer, autumn);
Begin
Case season of
winter: Writeln (winter);
spring: Writeln (spring);
summer: Writeln (summer);
autumn: Writeln (autumn)
End.
ІҮ. Бекіту.
А. Сұрақтар:
Тармақталу операторлары қандай болып келеді?
Тармақталу алгоритмі блок-сызбада қалай көрсетіледі?
Қандай тармақталу операторларыі кездеседі? Мысалдар келтіріңіз.
В. Тәжірибелік жұмыс:
Екі сан берілсін. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін 5 есе азайту керек, әйтпесе, екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек. Блок-сызбасын жасау.
Берілген айдың рет нөміріне байланысты сол айда неше күн барын анықтайтын программа құру. Блок-сызбасын жасау.
Ү. Үй тапсырмасы: анықтаманы жаттау, тармақталу алгоритмдерді өздігінен құрастырып, программаларды дәптерге жазу.
YІ. Қорытынды: оқушылардың құрған программаларын тексеру және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою, бағаларын айту.