?айталау операторлары: for операторы


Сабақ жоспары: 7 «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика
Сынып : 9
Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторлары: for операторы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Қайталау операторлары: for операторымен таныстыру.
Дамытушылық – Оқушылардың өздерін кабинетте ұстау, қауіпті жағдайларда көмек
көрсете білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ Әдісі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ-жауапКөрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.
Барысы: 1.Ұйымдастыру -Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар. -Оқушылар назарын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Қар лақтыру» әдісі бойынша оқушылардан өткен сабақтан алған білімдері сұралады. Оқушылар үйден дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кейбір есептерде бір әрекет аргументтердің әртүрлі мәндері бойынша бірнеше рет қайталанады. Мұндай есептерді шешу үшін қайталану немесе циклдік операторлар қолданылады. Циклдік операторлардың 3 түрі болады: арифметикалық, шартты алдын-ала тексеретін, шартты соңынан тексеретін. Белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып орындалса оны цикл дейді. Қайталану саны бүтін санмен беріледі.
FOR операторы. Егер есепте қайталану саны алдын-ала белгілі болса, FOR операторы қолданылады. FOR операторын – параметрлі цикл деп атайды. Есептегі орындалатын әрекеттер цикл ішінде параметрлердің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бір деген қадаммен өзгереді. Жалпы жазылу түрі:
FOR<айнымалы>:=m1 To m2 Do <оператор>;
<айнымалы> үшін m1-ден m2-ге дейін орындау <оператор>;
Параметрлі қайталану циклінің 2 түрі болады:
FOR- TO параметрлі цикл операторы
FOR- DOWNTO параметрлі цикл операторы
Мысал:
Есеп: 1-ден n-ға дейінгі сандардың қосындысын есептейтін программа құрыңдар.
Program esep1;
Var I, s, n: integer;
Begin
S:=0;
Writeln (’butin sandi engiz’);
Read(n);
For i:=1 to n do
Begin
S:=s+1;
Write (‘kosindi s=’, s);
End.
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program san;
Var i: integer;
Begin
Wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’);
Writeln;
For i:=1 to 100 do
Write (i:4);
End.
30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program jup;
Var i: integer;
Begin
Writeln (’30-dan 10-ga deingi jup san’);
For i:=30 downto 10 do
If I mod 2=0 then
Writeln (i);
End.
1- ден 100 –ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.
Program tak and jup
Var I, s, s1: integer;
S:=0; S1:= 0;
For i:=1 to 100 do
Begin
If I mod 2 = 0 then s:=s+I else s1:=s1+I;
Writeln (‘ s=’, s, ‘ , ‘ , ‘s1= ‘, s1);
End;
End.
5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.
Program kosindi;
Var I, s:integer;
Begin
S:=0;
For i:=5 downto 1 do
S:=S+I;
Writeln (‘s = ‘, s);
End.
Кіші латын әріпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құрыңыз.
Program austir:
Var s:string:
k:byte:
begin readln(s):
for k:=l to length (s) do
s[K]: =Upcase (s[k]);
writeln(s):
end.
V.Бекіту
Жасаған жұмыстары негізінде сұрақтар қою
VІ.Бағалау
Оқушыларды бағалау
VІІ.Үй жұмысы
3.7 – тақырыпты оқып, мазмұндау.