«Бауырса?» ертегісін ?уырша? театры ар?ылы саханалау. І с?билер тобы


ҚМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы саханалау
«Қарлығаш» І сәбилер тобы
Тәрбиешілер: Хайрулина С.З.


Самар ауылы, 2016 ж.
Балалар музыка әуенімен топқа кіріп отырады.
Жүргізуші: Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!
Сәлеметсіндер ме, балалар! Бүгін бізде қандай мейрам? 1 –Мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күні.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады.
Қарандаршы, біздің топтың іші қандай әдемі болып кеткен. Балалар бүгін біздің топты кім түрлі-түсті бояуға толтырыпты? Кім бізге қонаққа келіпті?
Балалар, тыңдаңдаршы, біреу тықырлататың сияқты.
Бұл кім екен?
Ханшайым: Сәлеметсіндер ме , балалар! Мен- ертегі әлемінен келген ханшайыммын.
Жүргізуші: Ханшайым, біздін топты әсемдеп қойған сенсін бе?
Ханшайым: Иә, мен өзіммен бірге ертегі әлемін ала келдім. Балалар, сендерге ұнады ма?
Жүргізуші: Балалар, біз қонағымызға 1 мамырға арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Балалардың тақпақтары
Диасыл: Бір шаңырақ астыңда
Тату-тәтті тұрамыз.
С.Іңкәр: Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Нұрай: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Ханшайым: Мен де құр-қол келген жоқпын. Мен сендерге «Бауырсақ» ертегісін ала келдім. Кәне, балалар, бәріміз қызықтап көрейік.
«Бауырсақ» орыс халық ертегісің саусақ театры арқылы ойнап беру.
Ханшайым: Ерте ерте ертеде, кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне айтады
Шал: Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір : Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал: Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Ханшайым:Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ : Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін :
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қоян, сенен де құтылу қиын емес.
Ханшайым: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келеді
Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ : Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Ханшайым: Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю: Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Ханшайым: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Алдынан түлкі шығады.
Түлкі: Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Ханшайым: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ :
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Ханшайым: Сол кезде орманның ішінен қоян, қасқыр, аю шығады.
Бауырсақ: Достарым менің, сендер мені жемендер, оданша жүріндер менің үйіме, атам мен әжем өте қонақжай адамдар. Әжем сендерге тәтті бәліш пісіріп береді.
Ханшайым: Сонымен Бауырсақ орманда кездестірген достарын: Қоянды, Қасқырды, Аюды, Түлкіні атасы мен әжесінің үйіне қонаққа апарады. Балалар, сендерге менің ертегім ұнады ма?
Балалар, енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын «Күн мен жаңбыр»
Ойынның шарты: Белгі бойынша қимылдар жасау.
Ойынның мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету, белгіге назар аудару.
Ханшайым балаларға сыйлығын беріп, қоштасады.
Жүргізуші: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
-дей келе ойын-сауық кешімізді аяқтаймыз!
Балалар музыка әуенімен топтан шығады.