Презентация по самопознание на тему Бірлігі жарас?ан халы?пыз (2 класс)


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №30 орта мектеп Мерзiм: _22.10.2016__№ 7 сабақ
Тақырып: Бірлігі жарасқан халықпыз
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Шыншылдық, жанашырлық,сүйіспеншілік
Мұғалiм: Жакупова Ляззат Ағидоллақызы Сынып «3» Оқушылар саны __19____
Сабақтың мақсаты:
Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Сабақтың міндеті:
1. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығы, халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастырып,шыншылдыққа баулу.2. Отанға деген сүйіспеншілігін,жанашырлығын арттыру.3. Өз Отанын, туған тілін сүйіп құрметтеуге ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Ресурстар:
үнтаспа, оқулық, дәптер, қағаздан жасалған қармақ, алтын балықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ата өсиеті
«Талап»,еңбек» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Терең ой, қанағат, рақым сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?
«Азға-қанағат» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
ІІ. Дәйек сөз.
«Бірлігі жоқ ел тозады,Бірлігі күшті ел озады» халық мақалы
Бірлік, татулық туралы не білесіңдер?
Бірлігі жоқ ел дегенімізді қалай түсінесіңдер?
«Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер? Мұғалім сыйы:
Көк ту және достар (бейнебаян)
Мағжанның әрекеті қандай?
Мағжан нені түсінді?
Егер өзің Мағжанның орнында болсаң не істер едіңіз? IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І-топ «Менің елім бақытты»тақырыбында әңгіме құрастыру.
ІІ-топ Сөз жұмбақ
ІІІ-топ Отан туралы мақал-мәтел жазу. Топпен ән айту.
Ақ көгершін
Әні: А Жұбанов
Сөзі: Н Баймұхамедов Үй тапсырмасы.
32 беттегі Туысқан ел(жаттау)
Дәптерде 11 беттегі тапсырма. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) Атырау қаласы
№ 30 орта мектеп
Күні: 22.10.2016 Сыныбы: 3 «б» Пәні: Өзін –өзі тану пәні
Мұғалім: Жакупова Ляззат Ағидоллақызы
3 «б» сыныбында «Өзін-өзі»тану пәнінен өткізілген сабаққа рефлексивті есеп.
Сабақ тақырыбы: «Өз мүмкіндігімізді таниық»
Сабақ алдымен пәннің мазмұндық құрлымына сай жоспарланды. Ол үшін алдымен тақырыптың дұрыс әрекет құндылығын және сол құндылыққа сай қасиеттерін анықтадым. Сабақты ең алдымен оқушыларды тыныштық сәтіне отырғызып, баяу музыка ырғағымен Нұрға бөленуден бастадым. Нұрдан алған әсерімен бөлісіп, ой елегіне бойладым.
Үй тапсырмасы Ата Өсиеті
Талап»,еңбек» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Терең ой, қанағат, рақым сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?
«Азға-қанағат» дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қою арқылы,  әр баланың пікіріне құлақ асып, өзімше тәжірибеме сүйеніп, оң бағытқа қарай түйіндедім. Сабақтың мазмұнын аша түсу үшін дәйексөздің мазмұнын ашып, ұл балалармен қыз балаларға жекелеп қайталатудың да өзіндік сырын ескере отырып, жаттаттым. Мұғалім сыйы айдарына «Көк ту және достар» атты бейнебаянды көрсете отырып, Мағжанның әрекеті қандай?Мағжан нені түсінді?Егер өзің Мағжанның орнында болсаң не істер едіңіз?деп сұрақ қою арқылы мазмұнын талдап оқушыларға дұрыс әрекет жасау керек екенін түсіндіріп, бірліктің арқасында Қазақстанда тұрып жатқан адамдар бейбіт бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге Тәуелсіздікке Қазақстанда мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік деп түйіндедім.
Оқушылар топтаса отырып, ұйымшылдық та әрі сергіту мақсатын көздей отырып, шығармашылдық тапсырма бердім. Сыныпты үш топқа бөліп оқушылардың шығармашылығына назар аудардым.
І –топ «Менің елім бақытты»тақырыбында әңгіме құрастыру.
ІІ-топ Сөз жұмбақ шешу
ІІІ-топ Отан туралы мақал-мәтел жазу керек деп тапсырма бердім. Тапсырманы оқушылар шапшаң және мағыналы түрде орындап қорғап шықты.
Қорыта келе Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір-бірімен дос,жолдас және тату-тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты деп тақырыпты түйіндедім.
Сөзі: А Жұбанов әні:Н Баймұхамедов «Ақ көгершін» атты өлеңін топпен орындауға таңдап алдым, өлең сазына оқушылар терең бойлағаны анық. Үйге тапсырманы тақтадан көрсете отырып, күнделікке жазуды нақтыладым. Бүгінгі сабақтан алған оқушылардың және олардың қызығушылығынан алған өзімнің әсерімді жеткізе отырып, сабақты түйіндедім. Баяу музыка ырғағымен, тыныштықтан сабағымды аяқтадым.