Ашы? саба? «Сызба?а ?лшемдерді т?сіру» «Дайындамаларды ию ж?не т?зеу»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КМҚК «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ»
«Бекітемін»
өндірістік оқу жұмысы жөніндегі
директордың орынбасары
_____________Молдиярова А.Г.
2015 ж.
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «Сызбаға өлшемдерді түсіру»
«Дайындамаларды ию және түзеу»
Әзірлемесін дайындаған:
Оқытушы: Рахимжанова М.Т.
ө/оқу шебері – Қуанышұлы Д.
«Келісілген»
Электроэнергетикалық ПЦК меңгерушісімен
___________________ Рахимжанова М.Т.
2015ж.
Семей – 2015ж.
Пән – «Сызу»
Оқытушы: Рахимжанова М.Т.
Өндірістік оқу «Слесарлық іс»
Өндірістік оқу шебері – Қуанышұлы Д.
«Сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландырылуының
және инновациялық дамуының
негізіне айналуы тиіс»
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Сабақтардың тақырыбы:
«Дайындамаларды ию және түзеу».
«Сызбаға өлшемдерді түсіру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Сызбаға өлшемдерді түсіруге үйрету, технологиялық карта бойынша жазықтықта белгілеу жұмыстарын болат табақша бетіне болат бізбен сызып белгілеуді, түзетуді, ию, кесу,егелеу жұмыстарын көру, үйрену.
Жазықтықта өлшем бойынша белгілеу, түзету, ию, кесу, егелеу жұмыстарының құрал саймандарының түрлерімен танысып, қолдана білу. Дайындаманы дұрыс жолмен түзеп, ию, кесу, егелеу жұмыстарын орындау операцияларын үйреніп, түсіну. Дайындаманы түзетіп ию жұмыстарын технологиялық картаға сай барлық өлшемдерін сақтай отырып, түзету, ию, кесу, егелеу жұмыстары арқылы болат табақшадан қорап жасау.
Тәрбиелік мақсаты:
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзбауға, өндірістік және технологиялық тәрбиеге, сапалы өнім шығару жауаптылығына тәрбиелеу.
Таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Сызба материалдар арқылы мысалдар келтіріп, көрсете білу.
Өндірістік мақсаты:
Қалыңдығы 0,4-0,7мм аралығындағы болат табақшаны технологиялық карта бойынша, барлық өлшем бірліктерді сақтай отырып, жазықтықта белгілеу, түзеу,кесу,егелеу,ию жұмыстарын жүргізе отырып болат қорап жасау.

Дамыту мақсаты – Қорап жасар кезінде өлшем бірлігін, түзеуін, июін, кесуін логикалық ойлау қабілетін дамыту және оқушылардың жалпы ойлау және слесарлық операцияларын жүргізу кезіндегі ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Интеграция элементтерімен өтетін бинарлық сабағы
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру, істей білу және дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру сабағы
Пәнаралық байланыс:
Стандарттау негіздері: «Өлшем дәлдіктерін көрсету»
Еңбекті қорғау: «Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру»
Техникалық механика: «Материалдардың кедергісі»
Электрлік материалдар: «Өлшеуіш аспаптарын пайдалану»
Қазақстан тарихы: «Қазақстан – 2050»
Кәсіптік орыс тілі: «Квалификационная характеристика специальности»
Жабдықтар:
Оқу шеберханасы: Технологиялық картаны таныстыру үшін қолданылатын слесарлық құралдар жиынтығы. Слесарлық жұмыс орындары-25 дана, дайындамалар- қалыңдығы 0,4-0,7 мм болат табақшалар -25 шт, балғалар-25 дана, болат карандаштар-25 дана, арнайы киімдер-25дана, болат сызғыштар-25 дана, бұрыштама-50 дана, бейне тақтасы-1 дана, ноутбук-1 дана, слесарлық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік ережесі жайлы, жазықтықта белгілеу, түзету, ию, кесу жұмыстарының технологиялық өлшемдер туралы электронды плакатпен сызбасы, проектор,бейне- көрініс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.И.Макиенко «Общий курс слесарного дела» 19 беттен 29 бетке дейін оқу.
Б.С.Покровский, Н.А.Евстигнеев «Сборник дидактических материалов по общеслесарным работам» 4 беттен 6 бетке дейін оқу.
М.Т . Рахимжанова «Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері», Астана, «Фолиант», 2011ж., 13 бет
Боголюбов Черчение – М. Машиностороение, 1997 ж.
Есмұханов Ж.М. «Сызу» Жалпы білім беретін орта мектептің 8-9 сыныптарына араналған оқулық. Алматы, «Рауан» - 1997 ж.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)_Оқушыларды тұрғызу, тізім бойынша тексеру, сырт киімдерін тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқаулама 42 мин
(Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты. Студенттердің еңбек қауіпсіздігі нұсқауламасы ережесі бойынша білімін тексеру)
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру:
Тест easy Quizzy бағдарламасы бойынша.
Сұрақ – жауап (фронтальды сұрау)
Сызба дегеніміз не?
Масштабтың түрлерін атап бер.
Сызба сызықтарының түрлерін атап бер.
Тұтас жуан негізгі сызық сызбаның қай жерінде қолданылады?
Жіңішке қос нүктелі үзілме сызығы сызбада не үшін қолданылады?
Жазықтықта белгілеу кезінде қандай құралдар қолданылады?
Металды шабу дегеніміз не?
Металды шабу құралдары?
Слесарлық балғаның түрлері?
Жаңа тақырыппен таныстыру:
Бейне-көрініс және слайд бойынша түсіндіру – оқытушы Рахимжанова М.Т., (студенттер конспект жазу) .
Activ studio Professional Edition V3 бағдарламасы бойынша бөлшектің қарапайым түрінде өлшемдерін түсіріп, интерактивті тақтада көрсетіп орындау– оқытушы Рахимжанова М.Т., (студенттер А4 форматына сызбаны орындау) .
Бейне-көрініс және слайд бойынша түсіндіру –өндірістік оқу шебері Қуанышұлы Д. (студенттер конспект жазу) .
ІІІ. Ағымды нұсқаулама- оқушылардың өздік жұмысы 180мин
Қалыңдығы 0,4-0,7 мм болат табақшаның технологиялық карта бойынша, барлық өлшем бірліктерді сақтай отырып, жазықтықта белгілеу, түзету, бүгу, кесу жұмыстарын жүргізе отырып болат табақшадан қорап жасау.

1-нші шолу: оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыруын және жұмыстың басталуын тексеру мақсатында жұмыс орындарды шолу.
2-нші шолу: Слесарлық құрал саймандарды дұрыс қолданып, белгілеу операциясын дұрыс жүргізуін тексеру мақсатында шолу. Дене шынықтыру.
3-нші шолу: Жазықтықта белгілеу, түзету, кесу, егелеу, ию жұмыстарын технологиялық картасына сай жүргізілуін тексеру мақсатында.
4-нші шолу: Жұмыс орындарында әр оқушымен жеке нұсқаулық жүргізу
5-нші шолу: Аса маңызды қателерін тапқан жағдайда жұмысты тоқтатып қосымша нұсқаулық жүргізу
6-нші шолу: Жазықтықта белгілеу, түзету, кесу, егелеу, ию жұмыстарын жүргізудегі қауіпсіздік техникасы ережесін, өрт қауіпсіздігін сақтауын тексеру
IV. Қорытынды нұсқаулама. 45 мин
Сабақтың қорытындысын шығару.
1. Жазықтықта белгілеу, түзету, кесу, егелеу, ию жұмыстарының қателіктерін көрсету және оларды болдырмау жолдарымен таныстыру.
2. Студенттердің әрқайсысының жұмыстарын бағалау - сабақтың қонағы: Жумагулов Ербол Максутканович, ЖШС«СемАЗ» кәсіпорнының инженер технолог, цех басшысы.
3. Жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін сақтауын тексеріп бағалау.
4. Кезекші тағайындау
5. Цехтын тазалануын қадағалау
V. Үй тапсырмасы. 2-3 мин
Н.И.Макиенко «Общий курс слесарного дела» 19 беттен 29 бетке дейін оқу.
Б.С.Покровский, Н.А.Евстигнеев «Сборник дидактических материалов по общеслесарным работам» 4 беттен 6 бетке дейін оқу.
М.Т . Рахимжанова «Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері», Астана, «Фолиант», 2011ж., 13 бетті оқу.
Боголюбов Черчение – М. Машиностороение, 1997 ж. 26 беттен 29 бетке дейін оқу.
Есмұханов Ж.М. «Сызу» Жалпы білім беретін орта мектептің 8-9 сыныптарына араналған оқулық. Алматы, «Рауан» - 1997 ж. 18 беттен 21 бетке дейін оқу.
Ескерту: сабақтың қонағы: Жумагулов Ербол Максутканович
ЖШС«СемАЗ» кәсіпорнының инженер технолог, цех басшысы