Саба?ты? та?ырыбы: Презентациялар. Ба?дарлама интерфейсімен танысу. (6 сынып)


Информатика мұғалімі Қ.А. Жакупованың
қысқа мерзімді жоспары
Күні: Пәні: информатика
Сыныбы: 6 ә
Сабақтың тақырыбы: Презентациялар. Бағдарлама интерфейсімен танысу.
Жалпы мақсаты: Презентациялар мен бағдарлама интерфейсінің мүмкіндіктерімен танысады. Бағдарламаның артықшылықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.
Сілтеме: Microsoft PowerPoint
Оқу нәтижесі: Оқушылар презентация құруға арналған бағдарламамен таныс
Негізгі идеялар: Презентация, слайд, бағдарлама интерфейсі
Қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук, электронды оқулық, постер, фломастерлер, смайликтер, бейнеролик.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Топпен жұмыс, (АВС тобының оқушыларын бақылау), Блум таксономиясы.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық Топқа бөлінеді түрлі-түсті құлыншақтар арқылы бөлу. Түстері арқылы.
Топқа бөлінеді. Алған құлыншақтардың қызыл, жасыл, сары, көк түстер бойынша жинап, топқа бірігеді. Топ ережесін құру.
І. Білу Түрткі сұрақтар қою арқылы, тақырыпты ашу.
Егер сыныппен сайысқа қатысаңдар, қалай жарнамалар едіңдер?
Осы айтылғандарды қандай бағдарламаның көмегімен көрсетер едіңдер?
Интерактивті тақтадан бейнематериал көрсетіледі (электронды оқулықтан)
Презентация ,слайд жайында
Бағдарламаның мүмкіндіктерімен, іске қосу жолдарымен, терезесімен танысады.
ІІ.Түсіну Бағдарламаның терезе мәзірімен таныстыру үшін топтық тапсырма беріледі.
1-топ. Файл мәзіріндегі элементтерін түсіндіру.
2-топ. Негізгі мәзір элементтерін түсіндіреді.
3-топ. Қою мәзір элементтерін түсіндіреді. Топтасып мәзір элементтері жайлы постер дайындап, дайындалған постерлерін және интерактивті тақтада қорғайды.
ІІІ. Қолдану Топтық жұмыс. Әр топ өздерінің таныстырылымдарын жасайды. Оқушылардың танымдық қабілеттіліктерін ашуға негізделген.
Қойылатын талаптар:
4 слайдтан тұру керек.
Топтың аты, топ ережесі, топ мүшелері жайлы мәлімет
Эстетикалық талапқа сай безендірілуі.
Мазмұндылығы Жаңа тақырып бойынша білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін арттырады.
Топтасып слайд құрады, таныстырылым.
ІҮ. Талдау
Таныстырылымдарды интерактивті тақтада көрсету. Таныстырылымдарын түсіндіре, талдап отырып қорғайды.
Ү.Жинақтау
Word пен PowerPoint бағдарламаларын салыстыра отырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасына салу. Тақтада Венн диаграммасын сызады.
ҮІ.Бағалау
Топтық бағалау. Екі жұлдыз бір тілек.
Топбасшының топты берілген дескрипторлар бойынша бағалауы Әр топ өздерінің екі жұлдыз бір тілектерін қай топқа ұсынатындарын айтады.
Топбасшысы топты берілген дескрипторлар бойынша бағалайды
V. Үй тапсырмасын беру PowerPoint бағдарламасы жайлы мәлімет толықтыру. PowerPoint бағдарламасы жайлы білімдерін толықтырады.
VII. Рефлексия
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Смайликпен көрсет.(өте қызық, түсінбедім, ұнамады)
ББҮ (білдім, білгім келеді, үйренгенім) Сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтермен көрсету.
Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.