Жылдамды?. Жылдамды?ты? бірліктері. Ашы? саба?.


Сабақ тақырыбы:§17. Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.§ 18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
 Физика пәнінің мұғаліміГ.И. Есенова Сабақтың мақсаты:
         Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс  ұғымдарын  айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету.    Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.Тәрбиелілік: Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыруСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс.
Құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар:
Электрондық оқулық,презентация, карточкалар, тірек бетшелері, суреттер(жердің күнді айнала қозғалуы, жүрек, коньки тебушілер т.б) кубик, сөзжұмбақ, поездің макеті, сағат  т.б.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Үй тапсырмасын сұрауІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруІV. Сабақты пысықтауV. Сабақты қорыту, бағалауVІ. Үйге тапсырма беру
 
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу2. Оқушыларды түгендеу3.Сабаққа көңілін аудару 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрауЕске түсіру стратегиясы.
1. Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
2. Дене қандай денелермен салыстырғанда қозғалады? (сурет бойынша)
3. Қозғалыс траекториясы деген не?
4. Дененің жүрген жолы деп нені айтады? Жол бірліктеріне не алынады?
5. Орын ауыстыру деп нені атайды?
 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіруИнтерактивті тақта арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты өздері оқып тыңдап түсінуіне жағдай туғызу.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар-Алуан түрлі қозғалыстардың арасында дененің кез келген тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралықтарында бірдей орын ауыстыратын қозғалысы да кездеседі.
Дене тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығында ұзындығы бірдей  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D0%BB" \o "Жол" жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Мысалы, поезд  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%80" \o "Темір" темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде бірқалыпты қозғалады; Бұл кезде  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Доңғалак (мұндай бет жоқ)" доңғалактар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралықтарында естіледі. Сондай-ақ терезеден қарағанда  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80" \o "Километр" километрлік (немесе  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84" \o "Телеграф" телеграфтық) бағандар да бірдей уакыт аралықтарында тұсымыздан өтіп, артта қалып жатады. Сол сияқты моторы өзгеріссіз жұмыс істейтін автомобиль жолдың түзу бөлігінде, конькиші немесе жаяу жарысқа түскен  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82" \o "Спорт" спортшы жүгіру аралығының орта тұсында бірқалыпты козғала алады. Бірқалыпты қозғалыстың мысалдарына  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B1%D1%8B%D1%80" \o "Жаңбыр" жаңбыр тамшысының, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің козғалысын жатқызуға болады.
Алайда бірқалыпты қозғалыс  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%B1%D0%B8%D2%93%D0%B0%D1%82" \o "Табиғат" табиғатта өте сирек кездеседі. Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды. Мәселен, поезд орнынан қозғала бастағанда өзара тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралықтарында барған сайын ұзынырақ жол жүреді. Ал келесі бекетке келіп тоқтар алдында, керісінше, өзара тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралықтарында барған сайын кысқарак  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D0%BB" \o "Жол" жол жүреді. Автомобиль мен конькиші де дәл сол сияқты өз қозғалысының бастапкы кезі мен соңында тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралықтарында әр түрлі жол жүреді.
Дене тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты өзара тең  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтыктары бірдей. Демек, арбаша бірдей  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты козғалады. Тамызғыштың шүмегін кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей кашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бакылайык. Бұл жағдайда бірдей  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның козғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уакыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің ара кашықтықтары бірдей емес. Демек, Бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес козғалады. Осы козғалыстардың салыстырмалы көрінісі.
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері - Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уакыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әр түрлі уакыт жұмсайды. Мысалы, екі аялдаманың немесе екі телеграф бағанының арасын жүріп өтуге автомобиль жаяу адамға қарағанда едәуір аз уакыт жібереді; жаяу адам 1 минутта 100 метрдей жол жүрсе, жасанды Жер серігі дәл осы уакыт ішінде 500 км аралықты ұшып өтеді, ал радио-дабыл немесе жарық дабылы осындай  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" Уақыт та 18 млн км қашықтыққа жетеді. Бұл жағдайда біз автомобиль жаяу адамға қарағанда, радиодабыл жасанды Жер серігіне қарағанда тезірек қозғалады дейміз. Әр түрлі козғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі. Жоғарыда келтірілген мысалдағы денелердің козғалысындағы айырмашылық – олардың жылдамдықтарында. Қай  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BD%D0%B5" \o "Дене" дене  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса, сол дененің жылдамдығы үлкен болады. Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D1%82" \o "Уақыт" уақыт аралығына бөлу керек 
ІV. Сабақты пысықтау№1 Үйден шыққан оқушы мектепке  дейін 1км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
№2Автомашина 200 метр жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
№3Велосипедші стадионды айнала 20м/с жылдамдықпен қозғалды. 1 сағат ішінде велосипедші қанша жол жүреді?
 
Қазақтың әдет – ғұрпына байланысты№4Шабандоз жылдамдығы 30 м/с болса, онда ол жылдамдығы 720 км/сағ қасқырды қуып жете ала ма?
 
Биология пәні бойынша№5Кактус – биіктігі 15 – 20 см  өсімдік. Ол 3 сағат аралығында 1 см – ге өседі. Оның өсу жылдамдығын тап.
 
V. Сабақты қорыту, бағалауОй толғаныс стратегиясы Физикалық шаманың атыБелгіленуіСИ жүйесінде өлшем бірлігіФормуласыЖылдамдық     
Жол     
Уақыт     
VІ. Үйге тапсырма беру
§17. Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.§ 18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
7 жаттығу (3;4)