Интернет б?кіл?лемдік желі ашы? саба?


Сабақтың тақырыбы: "Интернет - әлемдік желі".
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгертуде интернет туралы түсініктерін кеңейту. Интернеттің мүмкіндіктерін түсіндіріп, интернетті қолдануда ақпараттық іздестіру, пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ақпараттарды іздеу барысында қолайлы әдісті пайдалану және алынған ақпараттың құндылығын бағалау.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен және топпен жұмыс жасауға, коммуникативтілікке, жетістікке ұмтылысын нығайтуға, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Презентация слайдтарын қолдану, ACTIVstudio бағдарламасы, электрондық оқулық, компьютер, тапсырмалар. Skype операторы.
Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:  Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - Кубизм әдісі, «Сымсыз телефон» ойыны, «Білген сайын келеді біле бергің...»,  «Іздеген жетер мұратқа...»,  «Академиялық дау - дамай»,  «Талаптыға нұр жауар»
Пәнаралық байланыс: Ақпараттық технологиялар, тарих, қоғамтану, ағылшын тілі.
Сабақтың жоспары:
Сабақты  ұйымдастыру формасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушыларды түгелдеу
Тренинг - Адам жанының барлық құлыптарын ашатын кілт күлкі "Жүректен жүрекке" Амандасады. Кезекші жоқ оқушыны баяндайды.
Екі топ бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді, күлімдейді. 5 мин
Үй тапсырмасын тексеру Кубизм әдісі (түске байланысты): "Компьютерлік желі" Сұрақтарға жауап береді. 10 мин
Үй тапсырмасын бекіту Сымсыз телефон ойыны "Компьютерлік желі" сөз тарату. 3 мин
Қызығушылықты ояту-жаңа
білімге бойлату
Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтыру Оқушылар тақтаға жазады. 7 мин
Түсіну.
Жаңа тақырыпқа сәйкес Бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян көреді 3 мин
Мағынаны тану
«Білген сайын келеді біле бергің» Электронды оқулықтан «Интернет» тақырыбына байланысты деректер көрсету.
Топтық жұмыс: «Интернет желісі» тақырыбын талқылауды тапсыру  Электронды оқулықтан түсінгендерін дәптерге жазып алады.
Берілген мәліметті түсінеді, топта талқылайды. 12 мин
Қолдану.
«Іздеген жетер мұратқа» Топтық жұмыс.           Топтарға тапсырма беру.  Интернеттен ақпарат іздеу.
«Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында мәлімет іздеу.
«Еліміздің еркіндігі -Тәуелсіздік» Жолдау. Әр топ өзіне берілген тапсырманы интернеттен іздейді, іздестіру барысындағы кедергілерді анықтайды, дәптерге жазып алады.
Ақпарат береді. 15 мин
Сергіту сәті Ой сергіту  жаттығуын орындату. Бейнеленген дөңгелектерді пайдаланып суреттер шығару. 3 мин
Талдау.
Академиялық
дау - дамай Интернеттің пайдасы мен  зияны туралы суреттер көрсету. Топтық пікір талас:
«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталастыруды ұсыну. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы суреттер көреді, мәлімет оқиды, топта талқылайды.
«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталастырады. 10  мин
«Таланттыға нұр жауар» Интернет тақырыбына қатысты  өлең шумақтарын құрастыру,  эссе жазуды тапсыру. Интернет тақырыбында бір  шумақ өлең және эссе жазу арқылы шығармашылық қабілеттерін танытады. 5  мин
Сабақты бағалау Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтар мұғалім тарапынан қол шапалақтау арқылы марапаттау. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтарға аудитория тарапынан қол шапалақтау марапаты көрсетіледі. Тапсырылған дөңгелектерге көңіл- күйлерін білдіріп (смайлик), топтағы оқушыларға баға береді. 5 мин
Үйге тапсырма: Интернет -әлемдік желі. Дайындалады. 2 мин
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Оқушыларды түгелдеу
Тренинг Адам жанының барлық құлыптарын ашатын кілт күлкі "Жүректен жүрекке" Амандасады. Кезекші жоқ оқушыны баяндайды.
Екі топ бір -біріне деген жылы лебіздерін білдіреді, күлімдейді. 5 мин
Саламатсыздар ма?! Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қалай?
(Оқушыларды түгелдеу. Тренинг. "Жүректен жүрекке".)
Олай болса, бүгінгі сабағымыздағы мақсатымыз - өткенді еске түсіре отырып, жаңа мәліметтер алу, технологиялардың мүмкіндігін пайдалану арқылы онлайн режимінде АСУ-11 тобымен ой, сұрақ-жауап, пікір алмасамыз.
Ақпараттарды іздеу барысында қолайлы әдістерді пайдалану және оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау барысында ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру Кубизм әдісі (түске байланысты): "Компьютерлік желі" Сұрақтарға жауап береді. 10 мин
1. Компьютерлік желі дегеніміз не? (компьютерлер тізбегі)
2. Желінің қандай түрлерін білеміз? (Жергілікті, корпоративті-аймақтық, телекоммуникациялық, аумақтық)
3. Жергілікті желінің қызметі қандай? (Бір ғимарат ішіндегі компьютерлер байланысы)
4. Корпоративті және аймақтық желі деген не? (Мекемелердің өз желісінде ақпарат алмасуы)
5. Телекоммуникациялық желілер деген не? (Үлкен қашықтықтағы пайдаланушылар)
6. Топология деген не? (Жергілікті желідегі компьютерлерлің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі)
7. Шина топологиясы? (Барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабелге жалғанады)
99885595250Терминатор
Терминатор
00Терминатор
Терминатор

8. Сақина топологиясы? (Тұйықталып жалғанған кабель)4330065000
3586480323850
Концентратор (коммутатор)
00
Концентратор (коммутатор)
9. Жұлдыз топологиясы? (Бір компьютердің бірнеше компьютермен байланыса орналасуы)
10. Ақшақар топологиясы? (Әр қабаттағы сервердің ортақ серверге жалғануы)
Үй тапсырмасын бекіту Сымсыз телефон ойыны "Компьютерлік желі" сөз тарату. 3 мин
АСУ-11 - оқытушы: "Топология"
АСУ-12 - оқытушы: "Телекоммуникация"
Қызығушылықты ояту-жаңа білімге бойлату
Оқушылардың Интернет туралы ойын білу үшін ассоциация толтыру Оқушылар тақтаға жазады. 7 мин

Түсіну.
Жаңа тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян көреді 3 мин
Бейнебаян "Интернет-әлемдік желі"
Мағынаны тану
«Білген сайын келеді біле бергің» Электронды оқулықтан «Интернет» тақырыбына байланысты деректер көрсету.
Топтық жұмыс: «Интернет желісі» тақырыбын талқылауды тапсыру  Электронды оқулықтан түсінгендерін дәптерге жазып алады.
Берілген мәліметті түсінеді, топта талқылайды. 12 мин





Қолдану.
«Іздеген жетер мұратқа» Топтық жұмыс. Топтарға тапсырма беру.  Интернеттен ақпарат іздеу.
«Қазақ хандығына 550 жыл»
«Еліміздің еркіндігі -Тәуелсіздік»
Жолдау. Әр топ өзіне берілген тапсырманы   интернеттен іздейді, іздестіру барысындағы кедергілерді анықтайды, дәптерге жазып алады.
Ақпарат береді. 15 мин
Сергіту сәті Ой сергіту  жаттығуын орындату. Бейнеленген дөңгелектерді пайдаланып суреттер шығару. 3 мин
5715033782000
Талдау.
Академиялық
дау - дамай Интернеттің пайдасы мен  зияны туралы суреттер көрсету. Топтық пікірталас:
«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікір таластыруды ұсыну. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы суреттер көреді, мәлімет оқиды, топта талқылайды.
«Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікір таластырады. 10  мин
Кубизм әдісі. Кубик арқылы екі топ қорғайтын пікірлерін таңдайды.
«Таланттыға нұр жауар» Интернет тақырыбына қатысты  өлең шумақтарын құрастыру, эссе жазуды тапсыру. Интернет тақырыбында бір  шумақ өлең және эссе жазу арқылы шығармашылық қабілеттерін танытады. 5  мин
Оқушылар өздерінің жазған шығармаларын оқиды.
Сабақты бағалау Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтар мұғалім тарапынан қол шапалақтау арқылы марапаттау. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтарға аудитория тарапынан қол шапалақтау марапаты көрсетіледі. Тапсырылған дөңгелектерге көңіл- күйлерін білдіріп (смайлик), топтағы оқушыларға баға береді. 5 мин

Үйге тапсырма: Интернет -әлемдік желі. Дайындалады. 2 мин
Қолданылған әдебиеттер:
1. "INTERNET негіздері". Оқу-әдістемелік құрал.
2. Компьютерлік желілер. В.Яворский, Ә.Смағұлова, А.Әміров, Астана-2012 ж.
3. Информатика элементтері. Н.Ермеков, Астана-2011 ж.
4. Ақпараттық технологиялар. Н.Ермеков, Астана-2011ж.
5. Халықты сауаттылыққа үйрету оқу-әдістемелік құралы. Электронды оқулығы, Астана-2008 ж.
6. Журнал "Информатика негіздері". № 2, 4, 2015 ж.