?дебиет п?нінен А??улар та?ырыбына тест тапсырмасы


Оқушының аты-жөні:_______________________________________________
Әдебиеттік оқу
Аққулар
Аққу – өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап, ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланады. Әдемі құс аққудың өлер алдында «айтатын әні» жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. Аққу, әрине, ондай ән айтпайды. Ол жалпы әнші құстардың қатарына жатпайды да: сыбырлауық аққу жайлап қана сыңқылдайды, ал сұңқылдақ аққудың үні зор әрі әсем болады. Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тыңдаған тамаша-ақ. Сәуір айының көгілдір апспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойын соза тастап, қанатын баяу сермеп ұшып бара жатуы – естен кетпес ғажайып көрініс. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру – одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы - артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құстар. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хауанаттар бағында аустралиядан келген қарақумен тату-тәтті тұрады. Аққулар – табиғаттың аса ғажап және қазірге кезде сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Аққу ненің белгісі болып саналады?
______________________________________________________
Аққу суда қалай жүзеді?
______________________________________________________
Аққудың қимылы қандай?
______________________________________________________
Аққуды ұстауға қай елде тыйым салған?
______________________________________________________
Мәтінде аққудың қандай түрлері берілген?
______________________________________________________
Аққулар қай мезгілде оралады?
______________________________________________________
Аққу жүзген судың түсі қандай болады?
______________________________________________________
Аққу қай жерге ұялайды?
______________________________________________________
Аққуды қолға үйретуге бола ма?
______________________________________________________
Аққудың басқа құстан ерекше қасиеті қандай?
______________________________________________________