Графиктік а?параттарды кодтау, кодтан шы?ару (7 сынып)


№4
Пәні:Информатика
Сынып: 7 «А»________; 7«Б»________; 7«В»________;
Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
Cабақтың мақсатыБілімділік:Оқушыларды графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығарумен таныстыру.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тәрбиелікке, тиянақтылыққа, жауапкершілікке баулу, тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, тапсырмалар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:-оқушылармен сәлемдесу-оқушыларды түгелдеу-сабаққа дайындықтарын тексеру-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:Ауызша, сұрақ – жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.
III. Жаңа сабақ:
Компьютердің әкранында ақпарат нүкте-пиксельдер түрінде беріледі.
Пиксель - ол компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі.
Суретте неғұрлым пиксельдер көп болса, суреттің сапасы соғұрлым жақсы болады.
Пиксельді кодтауға қажет болатын ақпараттың көлемі суреттің түсіне байланысты болады. Шын мәнісінде суретке 8 түрлі түсті де және бірнеше миллион реңкті де қолдануға болады. Сурет салуда түстер қаншама көбірек қолданса, оны сақтауға да соншама жад қажет болады.
Суреттегі түстердің ең аз саны екеу (қара және ақ). Қара-ақ графикалық кескіндер екі биттің қолдануымен кодталады: 1 - қара түсті, 0 - ақ түсті.
Егер түрлі түсті кескіннің нүктесін кодтау қажет болса, онда 8 түс үшін 3 бит (себебі 23 = 8), ал 32 түс үшін 5 бит (себебі 25 = 32) қолданылады және т.с.
Кескінді кодтаған кезде кодтау кестесіндегі нүктелер жиілігін сипаттай- тын параметрді кескіннің айыру қабілеті деп атайды.
Айыру қабілеті dpi-мен (dots per inch - бір дюймдегі нүктелер саны) өлшенеді. Мысалы, тұрмыстық сканерлер мен принтерлердің орташа айыруы 600 dpi-ді құрайды. Нүктелер санынан басқа кескін ажыратылатын түстер санымен де сипатталады. Адам көзі 30 000 түстік реңктерді және теориялық тұрғыдан 16 разрядты түстерді айырады (яғни, 65 536 түстен түратын кодтары бар кестелер жеткілікті болу керек). Бірақ, әртүрлі түстердің реңктерінің айыру қабілеті ажыратылатындықтан , оған үлкен разрядты кодтауды қолданады.
Кескіннің ажыратылатын түстер саны кескіннің түстік ажыратылуы (түстің қарқындылығы) деп аталады.
Адамның көруі үш түске байланысты. Себебі көз көк, жасыл және қызыл түстерге ерекше сезімтал болып келеді. Осы үш түс туралы ақпарат кодтаудың негізі болып табылады.
Түстік модельдер негізінен, жеткілікті түрде кездеседі. RGB моделінде түс негізгі үш түстің қоспасы ретінде сипатталады ңызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue). Олар мониторда қосылу үшін немесе кескінді жазу кезінде (мысалы, сандық фотокамерамен) қолданылады.
Егер кескінді басып шығару керек болса, онда түс СМҮ моделінде кодталады, мұндағы негізгі түстер көк (Cyan), қызылкүрең (Magenta), сары (Yellow). Бұл түстер RGB моделіне қарама-қарсы модель және ол бейнеленген түстерді сипаттайды. Шын мәнінде қағаз парақшасының өзіндік түсі болады, сондықтан оған бейнеленген бояулар да басқа реңге ие болады да, олардың түстері басқаша қабылданады. Тәжірибе жүзінде полиграфияда CMYK моделі қолданылады, оның құрамына қара түс қосылған. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде ыңғайлы және үш түстің араласуының орнына баспаға бір түстің шығарылуын алмастыруға мүмкіндік береді.
Бұл екі модель өзара алмастырылады:
Red + Green = Yellow;
Red + Blue = Magenta;
Blue + Green = Cyan.
Tycmep дөңгелегі (7-cypem) ыңғайлы модель, ол негізгі және ңосымша түстер арасындағы ңатынасты көрнекі түрде бейнелейді
IV. Жаңа сабақты бекіту
1.Графикалық ақпарат қалай кодталады?
2.Кескіннің айыру қабілеті дегеніміз не?
3.Экранның ең көп таралган айыру қабілетін атап шығыңдар.
4.Неліктен адам графикалық ақпаратты мәтіндік ақпаратқа қараганда жақсы меңгереді?
5.Графиканы қолдану рөлінің артуына мысал келтіріңдер.
6.Тусті кодтау моделі RGB өз атауын қайдан алды?
7.Фотосурет көбінесе қай пішімде сақталады?
8.Символдық бейнесін қай қаріп дәлірек береді: растрлық немесе век-
торлық?
9* Қалай ойлайсыңдар, компъютерді өшіргенде экранга хабарлама шыгару ушін қандай қаріп қолданылады?
V.Сабақты қорытындылау :Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.VI.Үй тапсырмасы
Графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
VII. БағалауСабақ аяқталды, сау болыңыздар!