Информатикадан КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ?ОР?АУ ТА?РЫБЫНДА АШЫ? САБА?


8 сынып Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру.Антивирустық қорғауды пайдалануға үйрету. Компьютерлік вирус-өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. жүктейтін вирус Файлдық вирус макровирустар Троян Басқа да вирустар Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады. Вирустар қайдан пайда болды? Макровирустар-Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады. Жүктейтін (загрузочный) вирустар – негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады. Файлдық вирустар- бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі. Вирустардың таралу жолдары ДискеттерЛазерлік дискілерКомпьютерлік желілерФлешкалар Вирустың пайда болуының белгілері Бұрын жұмыс істеп тұратын программалардың жұмыс істемей қалуы Компьютердің баяу жұмыс істеуіФайлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануыФайл өлшемдерінің өзгеруіДискідегі файл санының кенеттен едәуір көбеюі Жедел жад өлшемдерінің кішіреюіКомпьютердің жұмысындағы жиі тұрып қалулары мен бұзылуы Алдын алу шаралары Дискеттерді вирусқа тексеруКомпьютерді ұдайы вирусқа тексеруАнтивирустық деректер базасын ұдайы жаңартуЗақымдануы ықтимал кездейсоқ “пираттық” (ұрлық) программаларды қолданбау.Қосалқы көшірме жасау-ақпаратты архивтеу Тапсырма №1Вирус топтары мен олардың әрекеттерінің сәйкестігін көрсетіңдер. Компьютердің бастапқы жүктеу программасын Жүктемелік зақымдайды және компьютердің жүктелуі кезіңде іске қосылады Файлдық Жүз мыңдаған компьютерлерді біріктіретін желілерде тараладыДрайверлік СОМ және ЕХЕ кеңеюлері бар файлдарды зақымдайды Желілік Компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды Вирустарды байқайтын және жоятын программалар антивирустық программалар деп аталады. Антивирус – бұл компьютерді емдейтін дәрігер. Антивирустық программалар типі Детектор программаларФагтар, доктор-программаларТексерушілер Тапсырма №2Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырындар. Антивирустық программалар типі Антивирустық программалардың негізгі міндеттері Белгілі антивирустық программаның аты Детектор программалар Полифагтар, доктор-программалар Тексерушілер Тест 1.Компьютерлік вирус,бұл - мынадай программа:А)компьютерді бұзатын; в) “көбеюге” қабілетті және басқа программаларды “зақымдайтын” с)қапшықтар мен файлдарды жоятын д)желілер бойымен таралатын2. Ақпарат қорғау ұғымы төмендегілерді қамтиды: а)электрондық поштамен хат алысу құпиясын сақтауды в)компьютер жұмысының сенімділігін с)пернетақта жұмысының сенімділігін д)ақпаратты басқалардың оқуынан, өзгертуінен қорғауды е)монитор жұмысының сенімділігін3.Вирус әрекеттері білінуінің негізгі белгілері: а)компьютердің баяу жұмыс істеуі в)бос жедел жад мөлшерінің себепсіз азаюы с)компьютердегі деректердің сақталмауы д)компьютер жұмысының жиі іркілуі мен бұзылуы е)бұрын дұрыс жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысының тоқталуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі ж)компьютерді іске қосқанда да, ол жұмыс істемейді з)файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы и)дискідегі файлдар өлшемінің үлкеюі немесе кішіреюі к)дискідегі файлдар санының тосыннан көбеюі