План урока на тему Компьютерлік вирустардан ?ор?ану


Ақкөл орта мектебінің информатика пән мұғалімі Шайхимова Самалгул Бахытжанқызы
Бекітемін:__________ Күні:______________
Пәні Информатика Сыныбы 8а,б
Тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғану
Мақсаты Оқушыларды компьютерлік вирустың түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен танысып, аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже Вирустар түрлерін ажыратуды, ДК-ді компьютерлік вирустардан қорғану әдістерін білу.
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Дифференциа-ция Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру бөлімі Сыныппен сәлемдесу, топқа бөлу Оқушылар сәлемдесіп, топқа бөлінеді Топ мүшелерін сайлайды смайликтер арқылы топқа бөлінеді. Бағалау критериі бойынша бағалау бетшесінеөз-өзін бағалай-ды АКТ
оқу құралдары, кестелер, плакаттар, маркер, желім,
Үй тапсырмасы 1. «Сиқырлы сандар» сұрақ-жауап
2. Кестедегі әріптерді сан бойынша орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу. Топтық жұмыс Негізгі бөлім Білім Вирус деген не, олардан қалай қорғануға болады? Жоба қорғау Белсенділікпен қатысу Қолдану №1 тапсырма. Сәйкестікті табу
№2 тапсырма. Кесте толтыру Тапсырмалар бойынша интерактивті тақтада орындау Ұқыпты, сауатты орындау Талдау Тест жұмысы электронды Тест жұмысын орындау Үйге тапсырма §13 қосымша материалдар жинақтау Оқу, түсіну, іздену Бағалау Бағалау бетшесі бойынша Кері байланыс Рефлексия «Бес саусақ» бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады Тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғану
Сыныбы: 8б
Мақсаты: Оқушыларды компьютерлік вирустың түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен танысып, аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру. Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Вирустар түрлерін ажыратуды, ДК-ді компьютерлік вирустардан қорғану әдістерін білу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, компьютер, бағалау бетшесі, оқулық, жұмыс дәптері т.б.
Пәнаралық байланыс: биология, математика.
Жүру барысы
І.Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, смайликтер арқылы 2 топқа бөліп, топ ережесін қайталап, бағалау критериін түсіндіріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
«Сиқырлы сандар» сұрақ-жауап арқылы сұрау.
Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет?
Қандай ОЖ-ді білесің? Олардың айырмашылығы неде?
Іздеу командасы не үшін қолданылады?
Windows жұмыс үстелінің фондық суретін қалай орнатуға болады?
Проводник дегеніміз не?
Басқару тақтасы бумасының міндеті мен атқаратын қызметін айтыңыз?


2. Кестедегі әріптерді сан бойынша орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тайқындау.
АНТИВИРУСТЫҚ ПРОГРАММА
ІІІ. Жаңа сабақ:
Білім: Вирус деген не, олардан қалай қорғануға болады? Жоба қорғау. Екі топ жобаларын қорғайды. Бағалау критериі бойынша бағалап отырады.
Қолдану: №1 тапсырма. Сәйкестікті табу

№2 тапсырма. Кесте толтыру.

Талдау: Тест жұмысы
1. Компьютерлік вирус, бұл- мынадай программа:
а) компьютерді бұзатын;
б) қапшықтар мен файлдарды жоятын;
в) «көбеюге» қабілетті және программаларды «зақымдайтын».
2. Ақпарат қорғау ұғымы төмендегілерді қамтиды:
а) электрондық поштамен хат алысу құпиясын сақтауды;
б) ақпаратты басқалардың оқуынан, өзгертуінен қорғауды;
в) компьютер жұмысының сеніміділігін.
3. Вирус әрекеттері білінуінің негізгі бөліктері:
а) компьютердегі деректердің сақталмауы;
б) компьютерді қосқанда да, ол жұмыс істемейді;
в) дискідегі файлдар санының тосыннан көбеюі.
4. Қай бағдарлама антивирустық бағдарламаға жатпайды:
а) Dr Web;
б) Word;
в) Panda.
5. Компьютерлік вирус компьютерге не арқылы таралады?
а) дискета;
б) модем;
в) өзінен-өзі.
6. Компьютерлік вируспен зақымданады ....
а) графикалық файлдар;
б) видеофайлдар;
в) программалар мен файлдар.
7. Осы типтердің қайсысы компьютерлік вирусқа жатпайды?
а) файлдық вирус;
б) type –вирус;
в) желілік вирус.
8. Қатқыл дискіні вирусқа тексеру үшін не қажет?
а) антивирустық файл;
б) антивирустық бағдарламалар;
в) жүктемелік бағдарлама.
9. Тексеруші антивирустық бағдарламаның негізгі міндеті:
а) қазіргі күйін бастапқы күйімен салыстыру;
б) зақымданған файлды анықтау;
в) зақымданған файлды «емдеу», жою.
10. Антивирустық программалар типіне жатпайды:
а) доктор программалар;
б) фагтар программалар;
в) сканер – пргораммалар.
ІҮ. Бағалау: Бағалау критериі бойынша
19-15 - «5»
14-10 - “4”
9-5 - “3”
Ү. Үйге тапсырма: §13 қосымша материалдар жинақтау. Оқу, түсіну, іздену.
Компьютерлік вирустардан қорғану. Архивтеу программасына
материалдар жинап келу.
ҮІ. Рефлексия «Бес саусақ». Бес саусақтары бойынша бүгінгі сабақ бойынша ойларын айтады