Тіл дамыту Ойыншы?тар(Даярлы? тобы)


Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Ойыншықтар әлемі Мақсаты: Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын айтып түсіндіру Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тәрбиелік мәні: Олармен қалай ойнау керек екенін түсіндіру. Көрнекіліктер: Ойыншықтар, суреттер, құрастырмақтар.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялаушы
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалар біздің топта ойыншықтар қандай көп, олар қандай әсем және әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
Доптың пішіні қандай?
Түсі қандай?
Доптық қимылы қандай?
Кәне барлығымыз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?

Қыз балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
Ал, балалар бізге қонаққа Айгерім қуыршақ келіп қалыпты. Балалар Айгерімнің көйлегінің әдемісін - ай. Түсі қандай екен?
- Ал, шашының түсі қандай?
- Ал, қуыршақ қалай жүреді екен?
- Балалар қуыршақ жайлы қандай өлеңдер білесіңдер? жжжорорлолл
- Ендеше, Айгерім де бізбен бірге отырып, ән айтып, би билеп, сендердің өнерлеріңді тамашаласын.

- Ал, ұл балалар қандай ойыншықтармен ойнайды?
- Кім машина туралы тақпақ біледі?
- Ойыншықтар үш түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резина.
- Балалар біз ойыншықтарды ұстап, сипап сезу арқылы оның қандай ойыншық екенін білеміз.
- Балалар енді сендер шаршаған шығарсыңдар. Сергіту жаттығуын жасайық.
- Жарайсыңдар. Балалар енді біз ойын ойнайық.
Ойын: "Ғажайып қоржын"
Шарты: Қоржындағы кез-келген ойыншықты көзді жұмып алу. Және оның қандай ойыншық екенін, түсін, неден жасалғанын, қатты және жұмсақ екенін ажырату.
Балалармен сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Әңгімедегі балаларға ат қою. Олардың қандай ойыншықпен ойнап отырғанын ажырату.
- Балалар осымен ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
"Ойыншықтар" әнімен аяқтау. Баланың іс - әрекеті
Армысың жарқыраған күн
Армысың жер ана
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар
Армысың сен және мен.
Домалақ
Доп
Добым, добым домалақ
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің
Тарелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп
Тұрмын сені тепкім кеп.
- Қуыршақпен
- Қызыл көйлек.
- Сары

"Кір қуыршақ" өлеңі
- Машинамен
Машина
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын.
Сергіту сәті
Жел уледі: у у у
Құын келіп биледі: зу-зу-зу
Қатты, қатты жел соқты: гу-гу
Жапырақтар қол соқты: ду-ду
Шыдай алмай жапырақтар: ах-ах
Билеп кетті қалтырап: пах-пах

Өз ойларымен әңгіме құрастырды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықтарды ажырата білу. Ойыншықтармен ойнай білу. Ойыншықтарды топтастыра білу.